Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру



Дата10.04.2022
өлшемі26,79 Kb.
#30517

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Эссе

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру

Орындаған: Әбдулла Гүлбақыт

Тобы:1507-11

Қабылдаған: Мамраймов С.Д

 Жасыл » экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. « Жасыл » экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған ( пайдалы қазбалар – мұнай, газ ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе « жасыл » технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша « жасыл » экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. Жасыл экономика бұл экономикалық теориядағы жаңа бағыттардың бірі. Ол табиғи ресурстарды « табиғи капитал » ретінде қарастырады. Осындай тәсіл, экономиканың табиғатпен байланысын және қолдану принциптерін өзгертеді де, ол мынадай шекті, қорландыру және табиғи ресурстарды жұмсау деген терминдерді анықтайды. Жасыл экономика теориясы үш негізгі принциптерге негізделеді : Шектелген кеңістікте ықпал етуді шексіз ұлғайту мүмкін емес ; Шектелген ресурстар жағдайында шексіз ұлғайып жатқан талаптардың қанағаттандырылуын сұрау мүмкін емес ; жер бетіндегі барлығы өзара байланыста болады.



Жалпы 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізетін орын ретінде Астананың таңдалуы – елімізге үлкен абырой әкелді. Бұл Қазақ елінің тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен жетістігі ретінде бағаланып отыр. ЭКСПО– 2017 көрмесінің елімізге әкелетін пайдасы да қомақты болмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз сөзінде: Біріншіден- әлемнің осыншама елінің Қазақстанды ең лайықты деп тануының өзі өте маңызды. Екіншіден100-ден астам ел Астанада өз павильондарын салу үшін келеді. Үшіншіден -ЭКСПО 2017 көрмесіне біз ұсынған болашақтың энергиясы ұраны негізінде елордамызға жаһандағы мемлекеттер өздерінің жаңа технологияларын жеткізеді. Іс жүзінде ІІІ индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде­«жасыл экономика» болса, соның қолында жаңа технологиялар бар. Ал жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни «ЭКСПО – 2017» Қазақстан үшін дамудың түбегейлі жаңа бетін ашудағы бет­бұрыс бекетіне айналмақ. Қазақстан «EXPO-2017» көрмесін өткізу арқылы әлемдік танымалдылыққа қол жеткізуге, брендке айналуға мүмкіндігі болады. Брендтің әрқашан қымбат бағаланатыны және қымбатқа түсетіні белгілі. Еуразия құрлығының ортасында Қазақстанның тиімді орналасуы шетелдік қонақтардың қызығушылығын тудырады. Себебі, әрбір адам біліміне қарамастан, жаңа елдерді танып, білгісі келеді және EXPO-ны өткізетін Астана географиялық жағынан бүкіл әлем туристерінің назарын өзіне аудартады. Көрменің экономикалық тиімділіктері де айтарлықтай маңызға ие. Әлемдік деңгейдегі шараны ұйымдастыруда ел экономикасына тигізер басты пайдасының бірі – ел аумағында республикалық маңызы бар, арнайы кешен құрылысы салынып, қалааралық жолдар жөнделіп, мемлекеттің туристік әлеуеті айтарлықтай артады. Мысалы, Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметіне жүгінсек, Астана – Теміртау, Астана – Павлодар, Шортанды – Зеренді автокөлік жолдары осы көрменің арқасында қайта төселетін болды. Қазіргі таңда жолды жөндеу, қайта төсеу және құрылыс жұмыстары басталып кеткен. 2016-2017 жылдарға дейін бұл жұмыстар толықтай аяқталуы тиіс. Бұған қоса Астана оңтүстік-батыс айналма жолы салынады. 31 шақырымдық айналма жол астанадағы көліктер ағынын азайтып, жүк көліктерін қала сыртына шығаруға сеп болмақ. Көктемде Шетелдік инвесторлар­кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «EXPO-2017» халықаралық көрме кешені бір реттік қана емес, ұзақ мерзімді стратегиялық жоба екенін баса айтты. Елбасының айтуынша, көрме болашақта Қазақстанның барлық аймақтары үшін технологиялық трансфертке айналуы әбден мүмкін. «EXPO-2017» көрмесіне әлемдегі ең озық технологияларды, ең жақсы дүниелердің бәрін жинаймыз және әлемге бізде не бар екенін көрсетеміз. ЭКСПО көрмесін Қазақстанның бүкіл аймағы үшін орталық технологиялық трансферт ретінде қалдырамыз», – деген болатын Президент Н.Назарбаев. Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2020 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Президенттің болжамы бойынша оны іске асыру ел экономикасын 3,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, оларды капиталдандыруға мемлекттік қаражаттан 1 млрд. доллардан астам жұмсалды. Мұнда да шетелдік инвестициялардың капиталы үшін қызметтің кең ауқымы бар. Мемлекет басым бағыттарда айрықша преференциялар жасауда. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. «Елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек.   ЭКСПО-2017  бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс. Оған қоса, біз ауқымды  халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына  әбден-ақ белсене қатыса аламыз. Бұл бізге ғалымдарымыздың күш-жігерін шетелдік ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз - жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналуымыз керек» - деп елбасымыз өз Жолдауында нақты атап өтті. Ұлттық стратегияны нығайту үшін халықаралық экономикалық қатынастарға қатысудың негізінде жаңа технологияның дамуына, глобализациялану үрдісіне, әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің нығаюына байланысты тиімді нәтижеге жету барысында жүзеге асырылуын прогрессивті көз қарастардың қалыптасуын талап етеді.

Қорытындылай келе, Елбасының: «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Яғни Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңін басынан өткеруде. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдару бар. Мен көзделген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз»  деген сөзімен аяқтағым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет