Тақырыбы: Берілген есептерге форма құру әдістері Базадағы мәліметтерді өңдеу. Кіру мүмкіндігі бар беттерді құру



бет1/2
Дата18.10.2022
өлшемі194 Kb.
#43925
  1   2
Байланысты:
7тәжірибелік жұмыс


№7Лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Берілген есептерге форма құру әдістері Базадағы мәліметтерді өңдеу. Кіру мүмкіндігі бар беттерді құру.
Жұмыстың мақсаты: мәліметтерді іздеу, түзету, қарау, сұрыптау, жою, сүзгіден өткізу сияқты операцияларды орындау жолдарын оқып үйрену, формалар мен кестелердегі мәліметтерді Access мүмкіндіктерін пайдаланып өңдеумен танысу.

Кесте және форма режимінде мәліметтерді қарау, жазбаларды қосу, жою, өрістерді жаңарту операцияларын орындауға болады. Кесте және форма режимінде қажет жазбаларды іздеуге, бір немесе бірнеше өрістер бойынша жазбаларды сұрыптауға, берілген таңдап алу шарттарына сәйкес жазбаларды сүзгіден өткізуге болады. Кесте режимінде бағаналардың ені мен орналасуын, жолдардың биіктігін, мәліметтердің қарпін, фон түсін және т.б. қажет параметрлерді анықтап, кесте макетіне сай баптауға болады. Түзету кезінде жазбалар қосуға, жоюға, өріс мәндерін жаңартуға және әртүрлі қолданушылар үшін әртүрлі пайдалану құқықтарын орнату болады.


Кестелер және жазбалармен жұмыс істеу үшін Формат – Жазбалар (Формат – Записи) командасын орындау керек.
Формат менюі кестелерді форматтауға арналған және оның құрамында келесі пункттер бар:
Қаріп (Font) – кестелердегі мәліметтер мен бағаналар тақырыптарын жазу үшін қолданылатын қаріптерді таңдауға арналған терезені шығарады;
Ұяшықтар (Cells) – тордың көрінуін қосу/алып тастау, тордың фонын және тор сызықтарының түсін өзгертеді;
Жол биіктігі (Row Height) – кесте режиміндегі объектінің барлық жолдарының биіктігін өзгерту мүмкіндігін береді;
Бағана ені (Column Width) – кесте режиміндегі объектінің барлық бағаналарының енін өзгерту мүмкіндігін береді:
Бағананың атын өзгерту (Rename Column) – мәліметтер базасының берілген бағанасына сәйкес өрістің атын өзгертуге мүмкіндік береді;
Бағаналарды жасыру (Hide Columns) – кестенің белгіленген бағаналарын жасыру;
Бағаналарды көрсету (Unhide Columns) – кестедегі керекті бағаналарды таңдап алу мүмкіндігін береді;
Бағаналарды бекіту (Freeze Columns) – белгіленген бағананы терезенің сол жақ жақтауына бекіту;
Барлық бағаналарды босату (Unfreeze All Columns) – барлық бекітілген бағаналарды босатады;


Жазбалар менюі Мәліметтер Базасындағы жазбалармен жұмыс істеуге арналған және оның құрамында келесі пунктер бар:
Сүзгі (Filter) – сүзгі шарттарын өзгертуге болады, белгіленген блок үшін жай сүзгі немесе кеңейтілген сүзгі құру;
Сұрыптау (Sort) – белгіленген бағаналардағы жазбаларды кему немесе өсу бағыты бойынша реттеу;
Сүзгіні қолдану (Apply Filter) – кесте режимінде ағымдағы объект үшін сүзгіні немесе сұрыптауды пайдалану;
Сүзгіні жою (Remove Filter) – сүзгіні немесе сұрыптау шарттарын жою арқылы сұрыптау нәтижелерін қайтару;
Жазбаны сақтау (Save Record) – соңғы жазбадағы өзгертілген мәліметтерді сақтау;
Жаңарту (Refresh) – кестенің белсенді режимінде жазбаларды желідегі басқа қолданушылардың енгізген өзгертулеріне сәйкес жаңартады;
Мәліметтерді енгізу (Data Entry) –мәліметтер енгізу үшін бос жазба ашады.
Жазбаларды іздеу үшін Түзету/Табу командасын немесе аспаптар тақтасындағы Табу батырмасын басамыз. Егер курсор алдын – ала ізделінетін өрісте орналасса, онда Іздеу жолына осы өріс аты жазылады. Үлгі жолына ізделінетін мәтінді жазып, іздеу аймағын көрсететін "Тек ағымдағы өрісте"жалаушаны орнату керек.
Іздеудің басқа параметрлерін таңдаған жағдайда іздеу нәтижесі де өзгеше болады. Егер Сәйкестік жолына өрістің кез – келген жерінен деген мән берсек, онда іздеу барысында курсор 7 – ші жазбаға орналасады, мұнда «в» әрпі «нива» маркасының ортасында орналасқан. Регистр есебі және Формат есебі бойынша жалаушаларды белгілеп немесе белгілеуді алып тастасақ, онда іздеу аймағын кеңейтуге, не кішірейтуге болады.
Кестедегі жазбаларды жоюдың бірнеше жолы бар:

  1. ағымдағы жазбаны жою үшін аспаптар тақтасындағы Жазбаны жою батырмасын шертеміз;

  2. шерту арқылы жазбаны белгілеп алып, Delete батырмасын басмыз немесе Түзету – Қиып алу (Правка – Вырезать) командасын орындаймыз;

3) жазбаны Түзету – Жазбаны белгілеу (Правка – Выделить запись) командасы арқылы белгілеп, Delete батырмасын басамыз немесе Түзету – Қиып алу (Правка – Вырезать) командасын орындаймыз;
4) барлық жазбаларды жою үшін Түзету – Барлық жазбаларды белгілеу (Правка/Выделить все записи) командасын орындап, Delete батырмасын басамыз.



«Марка» өрісіндегі Іздеу
Белгілі – бір формада жазбаны жою үшін «Жазбаны өңдеу» (Обработка записей) категориясының «Жазбаны жою» (Удаление записи) іс-әрекетін атқаратын батырма жасау керек.

Жазбаны жою
Бір өріс жазбаларын өсу/кему ретімен сұрыптау (реттеу) кесте режимінде де, форма режимінде де орындалады. Курсорды сұрыптау өрісіне орналастырып, аспаптар тақтасындағы Өсу бойынша сұрыптау немесе Кему бойынша сұрыптау батырмасын басамыз. Сұрыптауды Жазбалар – Сұрыптау (Записи – Сортировка) командасы арқылы да жүзеге асыруға болады.
«Марка» өрісі бойынша сұрыпталған «Авто» кестесінің жазбалары 54-суретте көрсетілген. Сұрыптау үшін «Авто6» формасын ашып, курсорды «Марка» өрісіне орналастырамыз да, Жазбалар – Сұрыптау – Өсу бойынша сұрыптау (Записи – Сортировка – Сортировка по возрастанию) командасын орындаймыз.
Жазбалар – Сүзгі – Белгіленген бойынша сүзгіден өткізу (Записи – Фильтр – Фильтр по выделенному) командасын орындаймыз.
– Белгіленген бойынша сүзгіден өткізу командасын орындаймыз. 56-суретте сүзгіні қолданған кейінгі кесте түрі бейнеленген.



Белгіленген бойынша сүзгі



Белгіленген бойынша сүзгіні пайдаланғаннан кейінгі кесте
Сүзгінің нәтижесін алып тастау үшін Жазбалар – Сүзгіні жою (Записи – Удалить фильтр) командасын немесе аспаптар тақтасындағы сәйкес батырмаға шертеміз. Орнатылған сүзгіні қолдану командасын орындау арқылы пайдалануға болады.
Кеңейтілген сүзгі Жазбалар – Сүзгі – Кеңейтілген сүзгі (Записи – Фильтр – Расширенный Фильтр) командасы арқылы шақырылады.

Формада есептер шығару
батырмасын қосқанда Панель элементов саймандар тақтасы шығады. Осыннан кнопка батырмасын таңдау арқылы берілген есеп арттарын қоямыз.

Батырманың программасы





1 ТАПСЫРМА.



  1. Мәліметтер базасы терезесінің Кестелер парақшасына кіріңіз;

  2. Жасалған кестелердің бірін ашып, Формат менюімен жұмыс істеңіз. Кестені редакциялаудың тәсілдерін үйреніңіз;

  3. Формат – Қаріп (Формат – Шрифт) командасын орындап, кестені редакциялаңыз: қаріп түрін, кескінін, мөлшерін, түсін өзгертіп, енгізген өзгертулеріңізді бағалаңыз;

  4. Формат – Ұяшықтар (Формат – Ячейки) командасын орындап, кестені редакциялаңыз: тордың түзу түрін, түсін, безендіруін өзгертіп, енгізген өзгертулеріңізді бағалаңыз;

  5. Формат – Жол биіктігі (Формат – Высота строки) командасын орындап, жолдардың биіктігін өзгертіңіз;

Курсорды кез келген бағанаға қойып, Формат – Бағана ені (Формат – Ширина столбца) командасын орындап, өз қалауыңыз бойынша бағананың енін өзгертіңіз. Осындай өзгертулерді бірнеше бағаналарға жасаңыз;
Курсорды кез келген бағанаға қойып, Формат – Бағананың атын өзгерту (Формат – Переименовать столбец) командасын орындап, бағана атын өзгертіңіз. Осындай өзгертулерді бірнеше бағаналарға жасаңыз;
Курсорды кез келген бағанаға қойып, Формат – Бағаналарды жасыру (Формат – Скрыть столбцы) командасын орындаңыз. Осындай өзгертулерді бірнеше бағаналарға жасаңыз;
Курсорды кез келген бағанаға қойып, Формат – Бағаналарды көрсету (Формат – Отобразить столбцы) командасын орындаңыз. Бағаналарды көрсету терезесінде қай бағаналарды көрсету керек екенін белгілеңіз. Осындай өзгертулерді бірнеше бағаналарға жасаңыз;
Курсорды кез келген бағанаға қойып, Формат – Бағаналарды бекіту (Формат – Закрепить столбцы) командасын орындаңыз. Бекітілген бағана бірінші орынға көшіріледі. Осындай өзгертулерді бірнеше рет жасау арқылы кестедегі бағаналардың орналасуының жаңа ретін құруға болады.

2 ТАПСЫРМА.


МБ-ның Кесте парақшасына кіріп, кестелердің бірін қарау үшін ашыңыз. Жазбаларды қарау және жазбалардағы мәндерді өзгерту жолдарын әдістерін үйреніңіз.
Жазбалар арасындағы қозғалу батырмаларының көмегімен 1–ші жазбаға, соңғы жазбаға көшіңіз.
Кейбір жазбалардағы мәндерді өзгерту арқылы бір жазбадан екінші жазбаға көшуді ұйымдастыру.
Жазбаларды өзгерту үшін Түзету (Правка) (қиып алу, көшіру, орналастыру) менюінің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
Кесте терезесіндегі Жаңа жазба (Новая запись) батырмасы немесе Жазбалар – мәліметтерді енгізу (Записи – Ввод данных) командасын пайдаланып, жаңа жазбалар енгізу.

3 ТАПСЫРМА.


1. МБ-ның Форма парақшасына кіріп, кестелердің бірін қарау үшін ашыңыз. Жазбаларды қарау және жазбалардағы мәндерді өзгерту жолдарын әдістерін үйреніңіз.
2. Жазбалар арасындағы қозғалу батырмаларының көмегімен 1–ші жазбаға, соңғы жазбаға көшіңіз.
3. Кейбір жазбалардағы мәндерді өзгерту арқылы бір жазбадан екінші жазбаға көшуді орындаңыз.
4. Жазбаларды өзгерткен кезде Түзету (Правка) (қиып алу, көшіру, орналастыру) менюінің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
5. Жазбаларды аспаптар тақтасындағы Қиып алу, Көшірмесін алу, Қою батырмаларының көмегімен өзгертіңіз.
6. Жазба – Мәндер енгізу (Записи/Ввод данных) және Қою – Жаңа жазба (Вставка – Новая запись) командаларын және Жаңа жазба (Новая запись) батырмасын қолданып форма терезесінде жаңа жазбалар енгізіңіз.

4 ТАПСЫРМА.


МБ-ның Кесте парақшасына кіріп, кестелердің бірін қарау үшін ашыңыз. Кестедегі жазбаларды іздеу әдістерін үйреніңіз;
Жазбаларды іздеу үшін Түзету – Табу (Правка – Найти) командасын орындаймыз немесе аспаптар тақтасындағы Табу (Найти) батырмасына шертеміз.
Үлгі (Образец) жолына ізделінетін мәнді енгізіңіз және Өрістің басынан (С начала поля) сәйкестік дәрежесін береміз. Іздеу нәтижесін қараңыз. Егер нәтижесінде ешқандай мән табылмаса, онда үлгіні өзгертіңіз.
Үлгі (Образец) жолына ізделінетін мәнді енгізіңіз және Өрістің кез – келген жерінен (С любой части поля) сәйкестік дәрежесін береміз. Іздеу нәтижесін қараңыз. Егер нәтижесінде ешқандай мән табылмаса, онда үлгіні өзгертіңіз.
Үлгі (Образец) жолына ізделінетін мәнді енгізіңіз және Өріс толығымен (Поля целиком) сәйкестік дәрежесін береміз. Іздеу нәтижесін қараңыз. Егер нәтижесінде ешқандай мән табылмаса, онда үлгіні өзгертіңіз.
Жазбаларды Регистр есебімен (С учетом регистра) және Формат есебімен (С учетом формата) жалаушаларын қолданып іздеңіз.
Ізденіс шарттарын қанағаттандыратын жазба бірінші реттен табылмаған жағдайларда Ары қарай іздеу батырмасына шертеміз.
Студенттің өзіндік жұмысы :
Тапсырма 1
МБ-ның Форма парақшасына кіріп, кестелердің бірін қарау үшін ашыңыз. Жазбаларды қарау жолдарын және жазбалардағы мәндерді өзгерту, түзету әдістерін үйрену.
Жазбаларды іздеу үшін Түзету – Табу (Правка – Найти) командасын орындаймыз немесе аспаптар тақтасындағы Табу (Найти) батырмасына шертеміз.
Үлгі (Образец) жолына ізделінетін мәнді енгізіңіз және Өрістің басынан (С начала поля) сәйкестік дәрежесін береміз. Іздеу нәтижесін қараңыз. Егер нәтижесінде ешқандай мән табылмаса, онда үлгіні өзгертіңіз.
Үлгі (Образец) жолына ізделінетін мәнді енгізіңіз және Өрістің кез – келген жерінен (С любой части поля) сәйкестік дәрежесін береміз. Іздеу нәтижесін қараңыз. Егер нәтижесінде ешқандай мән табылмаса, онда үлгіні өзгертіңіз.
Үлгі (Образец) жолына ізделінетін мәнді енгізіңіз және Өріс толығымен (Поля целиком) сәйкестік дәрежесін береміз. Іздеу нәтижесін қараңыз. Егер нәтижесінде ешқандай мән табылмаса, онда үлгіні өзгертіңіз.
Жазбаларды Регистр есебімен (С учетом регистра) және Формат есебімен (С учетом формата) жалаушаларын қолданып іздеңіз.
Ізденіс шарттарын қанағаттандыратын жазба бірінші реттен табылмаған жағдайларда Ары қарай іздеу батырмасына шертеміз.

Тапсырма 2


МБ-ның Кесте парақшасына кіріп, кестелердің бірін қарау үшін ашыңыз. Кестедегі жазбаларды өшіру әдістерін үйрену;
Кез келген жазбаға тұрып, оны аспаптар тақтасындағы Жазбаны жою (Удалить запись) батырмасына шерту арқылы өшіріңіз.
Жазбаны белгілеп Delete батырмасына шертіңіз немесе Түзету – Қиып алу (Правка – Вырезать) командасын орындаңыз.
Түзету – Жазбаны белгілеу (Правка – Выделить запись) командасын орындап, жазбаны белгілеңіз де, Delete батырмасына шертіңіз немесе Түзету – Қиып алу (Правка/Вырезать) командасын орындаңыз.
Барлық жазбаларды өшіру үшін Түзету – Барлық жазбаны белгілеу (Правка/Выделить все записи) командасын орындап, Delete батырмасына шертіңіз.
Негізгі кестенің бағынышты кесте жазбаларымен байланысқан жазбасын белгілеп, осы жазбаны жоғарыда қарастырған әдістердің бірін пайдаланып өшіріңіз.
Негізгі және бағынышты кестелердегі мәндерді каскадное өшірудің қалай орындалатындағын тексеріңіз.

Тапсырма 3


МБ-ның Кесте парақшасына кіріп, кестелердің бірін қарау үшін ашыңыз. Кестедегі жазбаларды сүзгіден өткізу әдістерін үйрену;
Кез келген жазбаға тұрып, оны аспаптар тақтасындағы Өсу бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) немесе Кему бойынша сұрыптау (Сортировка по убыванию) батырмаларына шерту арқылы сұрыптаңыз.
Курсорды кез келген өріске орналастырып, Жазбалар – Сұрыптау (Сортировка по убыванию) командасын орындаңыз.
Курсорды кез келген өріске орналастырып Жазбалар – Сұрыптау – Өсу бойынша сұрыптау (Записи – Сортировка – Сортировка по возрастанию) командасын орындау арқылы белгіленген бойынша сұрыптауды орындаңыз.
Курсорды кез келген өріске орналастырып, бір мәнді белгілеп, Жазбалар – Сүзгі – Белгіленген бойынша сүзгі (Записи – Фильтр – Фильтр по выделенному) командасын орындаңыз (55, 56-суреттерге қараңыз).
Жазбалар – Сүзгі – Сүзгіні өзгерту (Записи – Фильтр – Изменить фильтр) командасын пайдаланып жай сүзгі жасаңыз (57, 58-суреттерге қараңыз). Сүзгінің қажетті параметрлерді орнатып Жазбалар – Сүзгіні қолдану (Записи – Применить фильтр) командасын орындаңыз.
«Немесе» парақшасын пайдаланып, жай сүзгіге шарттар қосыңыз (59, 60-суреттерге қараңыз).
Жазбалар – Сүзгі – Кеңейтілген сүзгі (Записи – Фильтр – Расширенный Фильтр) командасын пайдаланып, кеңейтілген сүзгі жасаңыз (61, 62-суреттерге қараңыз). Сүзгінің қажетті параметрлерін орнатып Жазбалар – Сүзгіді пайдалану (Записи – Применить фильтр) командасын орындаңыз.
Кеңейтілген сүзгі шарттарын толықтырыңыз
Тапсырма 4

  1. МБ-ның Форма парақшасына кіріп, кестелердің бірін қарау үшін ашыңыз. Формадағы жазбаларды сүзгіден өткізу әдістерін үйрену.

  2. Кез келген жазбаға тұрып, оны аспаптар тақтасындағы Өсу бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) немесе Кему бойынша сұрыптау (Сортировка по убыванию) батырмаларына шерту арқылы сұрыптаңыз (54-сурет).

  3. Формадағы кез келген өріске тұрып, оны Жазбалар – Сұрыптау (Записи – Сортировка) командасын пайдаланып сұрыптаңыз.

  4. Курсорды кез келген өріске орналастырып, Жазбалар – Сұрыптау – Өсу бойынша сұрыптау (Записи – Сортировка – Сортировка по убыванию) командасын орындаңыз.

  5. Курсорды кез келген өріске орналастырып, бір мәнді белгілеп, Жазбалар – Сүзгі – Белгіленген бойынша сүзгі (Записи – Фильтр – Фильтр по выделенному) командасын орындаңыз (64-суретке қараңыз).

  6. Жазбалар – Сүзгі – Сүзгіні өзгерту (Записи – Фильтр – Изменить фильтр) командасын пайдаланып жай сүзгі жасаңыз (65, 66-суреттерге қараңыз). Сүзгінің қажетті параметрлерді орнатып Жазбалар – Сүзгіні қолдану (Записи – Применить фильтр) командасын орындаңыз.

  7. «Немесе» парақшасын пайдаланып, жай сүзгіге шарттар қосыңыз.

  8. Жазбалар – Сүзгі – Кеңейтілген сүзгі (Записи – Фильтр – Расширенный Фильтр) командасын пайдаланып, кеңейтілген сүзгі жасаңыз (67, 68-суреттерге қараңыз). Сүзгінің қажетті параметрлерін орнатып Жазбалар – Сүзгіді пайдалану (Записи – Применить фильтр) командасын орындаңыз.

  9. Кеңейтілген сүзгі шарттарын толықтырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет