Тақырыбы: Білім, ғылым, техника және технологиялар



бет3/5
Дата07.01.2022
өлшемі29,33 Kb.
#17739
1   2   3   4   5
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы, саяси қайраткер. Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.

Философияны Бэкон:



  1. Құдай;

  2. табиғат;

  3. адам туралы ғылым деп тұжырымдады.

Философияның аталған 3 саласын адам түрлі жолдармен, құралдармен таниды:

  1. табиғатты – тікелей сезімдік қабылдау мен тәжірибе арқылы;

  2. Құдайды – табиғат арқылы;

  3. өзін - рефлекция арқылы (ойдың өз-өзіне бағытталуы, ойдың ойды зерттеуі).

Фр.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа Заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді:

  1. философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды;

  2. гносеология (таным туралы ілім) философияның қосалқы саласы болудан жоғары көтеріліп, онтология (болмыс туралы ілім) деңгейіне жетті, және кез-келген философиялық жүйенің басты екі бөлімінің біріне айналды;

  3. философияның жаңа мақсаты анықталды – адамға оның өз әрекетінде практикалық нәтижелерге жетуіне көмектесу (осылайша Батыс философиясы жанама түрде болса да болашақ америкалық прагматистік философияның негізін қалады);

  4. ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды;

  5. Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет