Тақырыбы: Дыбыстардың артикуляциялық кескіні



Дата07.04.2022
өлшемі343,45 Kb.
#30159

Тақырыбы: Дыбыстардың артикуляциялық кескіні


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Орындаған: Қамытбек Аружан

Оқу тобы: 1201-19

Қабылдаған:Кудайбергенова У

 

Жоспары:


I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

1.Дыбыстардың шығу жолдары ;

2.Дыбыстардың артикуляциялық кескіні.

III.Қорытынды.

 

 


«Ә» дыбысы

  • Ә дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады:
  • Екі езу сәл кері тартылып жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді.
  • Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады.
  • Тілдің ұшы астыңғы тістерге тіреледі де үсті көселіп жатады.
  • Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрын ауа жолын жауып тұрады.
  • Дауыс шымылдығы жабық болады.
  • Ә дыбысының сипаттамасы: дауысты, езулік, ашық, тіл алды, жіңішке

Ә дыбысының артикуляциялық кескіні

«Ғ» дыбысы

  • Ғ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады.
  • Еріндер өзінің алдыңғы немесе соңында қосылып айтылған дауысты дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: ға, ғо, ғу, ғү.
  • Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі бір қашықтықтағы жағдайда сақталады.
  • Тілдің ұшы төмен түседі, ал арты жұмсақ таңдаймен желбегей қабысады да, іштен келген ауа қысылып шыққан кезде дауыс шымылдығы дірілдейді.
  • Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға ауа жолын жабады.
  • Дауыс шымылдығы жабық болады

Ғ дыбысының артикуляциялық кескіні

«Ө» дыбысы

  • Ө дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады.
  • Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы арақашықтықтан бір шама үлкендеу болады.
  • Тілдің ұшы төмен түседі де сәл артқа қарай тартылады. Ортасының көлбеулігі бір денгейде сақталады, ауа еркін шығады.
  • Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де, мұрын ауа жолы жабылады.
  • Дауыс шымылдығы жабық болады.

Ө дыбысының артикуляциялық кескіні

«Ұ» дыбысы

  • Ұ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмеңгідей болады.
  • Еріндері құбырға ұқсап, ұшы сүйірленіп алға созылады.
  • Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасында белгілі бір қашықтық сақталады.
  • Тілдің ұшы астыңғы тістің артына қарай сәл тартылады, үсті деңгейдегі қалпын сақтап көлбеу жатады да, ауа ауыз қуысымен еркін шығады.
  • Жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі де мұрынға ауа жолы жабылады.
  • Дауыс шымылдығы жабық болады
  • Ұ дыбысының сипаттамасы: дауысты, ерінді қысаң тіл арты жуан.

Ұ дыбысының артикуляциялық кескіні

«һ» дыбысы

  • һ дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады:
  • Еріндері өзінің алдындағы немесе соңындағы дауысты дыбыстардың айтылу ыңғайына қарай өзгеріп отырады.
  • Үстінгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандай қашықтықта болады.
  • Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреліп тұрады да үсті кесіліп жатады.
  • Жұмсақ таңдайыдың артқы жағындағы кішкентай тіл іштен дүмпіп шыққан ауаның серіппесінен тербеліп ашылады да дыбыс көмейден шығады.
  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жауып тұрады.
  • Дауыс шымылдығы ашық болады
  • һ дыбысының сипаттамасы:дауыссыз, ауызды, қатаң, тіл арты.

һ дыбысының артикуляциялық кескіні

«І» дыбысы

  • I дыбысын шығарғанда сөйлеу мүшелерінің әрекеті төмендегідей болады:
  • Еріндер дыбыстың шығуына қатыспай жатады.
  • Үстіңгі тістер бір-біріне өте жақын келіп тұрады.
  • Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі де үсті көсіліп көлбеу жатады.
  • Жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға ауа жолын жабады.
  • Дауыс шымылдығы жабық болады.
  • I дыбысының сипаттамасы: дауысты, езулік, қысаң, тіл алды, жіңішке

I дыбысының артикуляциялық кескіні

«П» дыбысы

  • П дыбысы еріннің бір - біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан жасалатын шұғыл дауыссыз дыбыс.

П дыбысының артикуляциялық кескіні

«Т» дыбысы

  • Тіл тіске тиіп тұрады.
  • Тіл арқасы түсіңкі.
  • Ауа екпінмен тістен ажырайды.

Т дыбысының артикуляциялық кескіні

«Д» дыбысы

  • Тіл тіске тиіп тұрады.
  • Тіл арқасы түсіңкі.
  • Дауыс желбезегі жұмыс жасайды.

Д дыбысының артикуляциялық кескіні

Назарларыңызға рақмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет