Тіл ойдың айнасы. Тілдегі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата11.11.2022
өлшемі98,63 Kb.
#49501
  1   2
Байланысты:
7BD10669-6B26-4B0B-9B6C-27E8D330B193



СӨЖ №2
Орындаған: Қанатова Тоғжан 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Тексерген: Дюсембина Гүлсамал 
Тақырыбы: Қазіргі қазақ жастарының сөйлеу тілі


Тіл - ойдың айнасы. Тілдегі 
сауатсыздық - адамның 
жалпы сауатсыздығының, 
мәдениеті төмендегенінің 
көрінісі, рухани байлығының 
әлсіздігі. 
Ті
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең 
қолданылатыны және аса маңыздысы-тіл. Тіл-қарым-қатынас құралы, жанды құбылыс. 
Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін 
айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені 
айналып өткен емес. «Өнер алды- қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне 
үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Тіл 
мәдениетіне барар жолдың бастауы-сөйлей білу. Әр адам дұрыс сөйлей білу, сөйлесу 
мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс


С
өйлеу әдебі сыпайылықты білдіретін қосымшалардан немесе тіркестен
т
ұруы мүмкін. Қазіргі уақытта сөйлеу әдебі тілдік қарым- қатынаста, 
қоғамдық орындарда, әсіресе, жастардың тілінде сақталмай жүр.
«
Қазір қазақ жастары қай тілде сөйлейді?»-деген сұрақ қоятын болсақ, 
әрине, қазақша немесе қазақша-орысша араластырып сөйлейді деп 
жауап береміз. «Шала 
қазақша» сөйлегені былай тұрсын, соңғы кезде 
қазақ жастарының арасында «жаргон», «сленг», «варваризм» сөздерін 
қосып сөйлеу тілі қалыптасып келеді. Жаргон-(франц. jargon)-шағын 
әлеуметтік топ қолданатын, ешқандай жеке тілдік дербестігі жоқ 
жалпыхалы
қтық тілдің тармағы. Сленг-(англ.slangжаргон)-белгілі бір 
к
әсіп, мамандық немесе әлеуметтік топ адамдары қолданатын сөздер 
мен с
өйлемшелер. Мысалы, жастар сленгі, суретшілер сленгі, теңізшілер 
сленгі, сатушыларды
ң сленгі, медициналық сленг, бизнес-сленг, 
спортты
қ және ойындық, өнердегі сленг, т.б. яғни кәсіби сленгтер, сленг 
с
өздер.


«Сленг» сөзінің мағынасына кеңірек 
тоқталатын болсақ:
Сленг-ерекше тарихи түрде қалыптасқан 
және жоғары не төмен
деңгейдегі сөйлеушілердің барлық 
сатысына ортақ тілдік норманың нұсқасы 
болып табылады.
Сленг-бұл лексикалық құбылыс.
Сленг-бұл әдеби емес лексика, яғни қазіргі 
әдеби норманың талаптарына сай әдеби 
қазақ тіліне жатпайды.
Сленг- ең алдымен, ауызекі тілде пайда 
болатын және қолданылатын лексика.
Сленг-эмоционалды бояуға ие лексика.
Сленг-басым көпшілік сөз бен сөз 
тіркестерінің біршама айқын көрсетілген 
дөрекі мәнерімен сипатталады.
Жаргон және сленг сөздер қазіргі таңда 
жастар арасында жиі қолданылып жүр. 
Мысалы: университет – универ, 
жатақхана – общага, сенімді-базар жоқ, 
өтірік соғу-құлаққа лапша ілу, адамға 
маза бермейтін адам-ауру, 
ыңғайсыздыққа тап болу-косякка кіру, 
бөгеліп қалу-тормозы ұстап қалды, 
қысқа қоңырау шалу- маяк тастау, артық 
сөйлеп кеткен адам, мылжың-қуғынбай, 
көп сөйлеу-миды шіріту, тамақ-хавчик, 
ғаламтор-инет, теледидар-телик және 
т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет