Тақырыбы: Әріптестер алғА!!! Мақсаты



бет1/5
Дата06.04.2023
өлшемі35,29 Kb.
#80100
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

ТАҚЫРЫБЫ: ӘРІПТЕСТЕР АЛҒА!!!
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.


ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. «Танысу» жаттығуы;

  2. Топқа бөлу;

  3. Ой жинақтау;

  4. Ситуациялық сұрақтар;

  5. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;

  6. «Ашық айтсам…» жаттығуы;

  7. Рефлексия;

  8. Қорытынды.



ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері! Бүгінгі біздің тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Әрбір ұстаздың тілегі – адами қасиеті мол, білімді, өмірге көзқарасын қажетті дәрежеде таныта алатын тұлғаны тәрбиелеу.



  1. «Танысу» жаттығуы:

Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.



  1. Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

  1. Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.
Сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана мен ұстаз тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет