Тақырыбы: «Философиялық ой тарихындағы тәрбие идеалының эволюциясы»



Дата16.10.2023
өлшемі41,97 Kb.
#116079

Тақырыбы: «Философиялық ой тарихындағы тәрбие идеалының эволюциясы»

Мазмұны:
Кіріспе

Тарих философиясының пәні
Философиялық тәрбие үрдістері 
Тарихтағы прогресс мәселесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Бүгінгі таңда еліміз алдыңғы қатардағы өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді ұлттық мүддеге, танымға, сезімге, нанымға, менталитет пен психологияга т.б. құндылықтарға араластыра отырып, тиімді дамудың сара жолдары мен нық басып әрі сенімді жүріп келеді. Мұны ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік ерекше байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Себебі егеменді халқымыздың көп ғасырлар бойы біртіндеп қорланып, қанатын кең жая алмай, қалыптасқан рухани, мағнауи мол дәстүрлі де құнды қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезеңінде жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтың өз туған халқының рухани, мағнауи құндылықтарынан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, наным-сенім, танымдарынан ажырап қалуына әкеліп соқтырды. Міне сондықтан да жас өскелең ұрпақ халқымыздың рухани, мағнауи тереңге жайылған тамырынан толық қол үзіп қалмауы біздің қазіргі кезеңдегі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі болыр тұр.


Әрбір қоғам өзінің даму барысында зиялы қайраткерлерінің педагогикалық ақыл-ойын, тәлім-тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған. Сондықтан да ғылыми дәстүрлі педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ғұлама-ғалым ойшылдар Қорқыт ата, Әл-Фараби, А.Ясауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, М.Х.Дулати т.б. тарихи педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, келешек жас өскелең ұрпақтарды елжандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар XIX ғасырда Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев сынды демократ, педагог ағартушылардың педагогикалық, психологиялық, философиялық ойларымен Қазақ халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал жасады.

Жоғарыда айтылған ғұлама ғалымдардың өскелең жасөспірімдер тәрбиелеудегі озық педагогикалық ой-пікірлерін одан әрі дамытып, жетілдіруші кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған белгілі қоғам қайраткерлері әрі қарай жалғастырып, қазақ мектептері оқу-тәрбие үрдісінің көлемін ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.


Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.
Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.
Құндылықтар адамның әлеуметтік болмысына тартылған, адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады. Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер, Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер, Парсонс, Толкотт). Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған XIX ғасырдағы неміс ойшылы Фридрих Ницшенің «балғамен шеге қаққандай» етіп жазған атақты «Билікке деген ерік» атты трактатында «құндылықтарды қайта бағалау» қажеттігін афористік тұрғыда негіздегенінен кейін кең қолданысқа түсті. Сөйтіп батыс еуропалық философияның негізгі тақырыбының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады.
Мифологиялық көзқарас бойынша тарихтың басы мен аяғы болуы мүмкін емес, ондағы тарихтың жолы дөңгелек секілді өзінің орнына қайта оралып келеді. Сондықтан көне шығыс пен көне грек философиясында адамзат тарихы жалпы табиғат тарихынан бөлінбеген болатын. Тіпті адамның өзі космостың, яғни барлық универсумның бөлшегі ретінде қарастырылған. Тарихтың өзінде ешбір өзгеріс байқалмайтын сияқты. Мысалға Гесиодтың ұсынған концепциясын келтірсек, ондағы тарихи кезеңдер регресті тұрде, яғни кері дамыған деп көрсеткен.
Алғашқы историософиялық козқарастың пайда болуы адам мен табиғатты ажратып қарастырған концепция мен қатар пайда болған. Бұл концепция христиан ілімінің арқасында қалыптасқан. Христиандық философияның ерекшелігі оның адамға, тарихқа деген көзқарасында. Библияның өзін тарихи шығарма ретінде талдауға болады. Оның Көне және Жаңа деп аталатын өсиеттері көне еврейлердің және Иешуа (Иса) пайғамбардың тарихы мен өмірбаяны. Христиандық тарихта оның нақты құрамын байқалады. Ол тарихтың басталуы мен аяқталуы. Әріне, христиандық көзқарас бойынша тарихтың әр бір қимылы құдайдың ісі деп айтылады. Бірақ оған қарамастан адам өз басына бірнеше жағдайларды өткізеді. Оларды күнәға бату, Антихристің келүі немесе ақырзаманның орнатылуы және барлық күнәсінен арылып құдайдың алдына келу. Бұның өзі тарихтың біржақтылығын, прогрессивтік мәнін көрсеиеді.Өйткені тарих ешқашан қайтып оралмайды, ол текқана бір бағытта болады. Кейінгі көптеген батысеуропалық философтардың ілімдерінде (Гегель, Маркс сияқты) тарихқа деген көзқарас барлық христиандарға тән пікір кездестіруге болады. Христиандық тарих философиясының басты өкілі болып саналатын, көпшілікке танымал ойшыл Аврелий Августин (354-430 б.д.). Оның негізгі историософиялық шығармасы «О граде божьем» деп аталы. Августинның ілімінде шындықтың екі түрі үштасады. Олар уақыт пен мәңгілік. Тарих әрі уақытша, мерзімді, әрі құдай арқылы мәңгілікке бағынышты. Уақытшылық пен мәңгілік Иса пайғамбар Христостың бейнесі арқылы белгіленген. Тарихты зерттеу пән ретінде бөлек қарастырғандардың бірі Джанбатист Вико болатын. Оның шағармаларында ұлттардың тарихтары мен арақатынастары кірген. Грек мифтеріне ұқсатып ол тарихты үш кезең арқылы қарастырған. Грек мифологиясын зерттегендер бірден оның алғашқы титандар тарихын, олимпиялық құдайлар тарихын және қаһармандардың тарихын байқайды. Вико да өзінің концпциясында осы үш сатыларды, яғни көне, классикалық және қазіргі деп тарихты бөліп қарастырған. Викодан бастап тарихтың өзі жекезерттеу пәні болып бөлінген. Оның негізгі шығармасы «Основания новой науки о господстве наций». Өзінің еңбегінде Вико мифтермен аңыздарға сүйеніп, адамның иррационалдық табиғатын рационалдық жолмен шешуге тырысқан.вико мен басқа ағартушыларды қызықтырған сұрақ – адамдардың «ақылсыз» яғни көне, дөрекі жағдайдан зерделі жағдайға өтүі. Жалпы ағартушылардың ойынша тарихтың өзі екі күштің күресі – рационалдық және иррационалдық. Олар рационалдық, прогрессивтік күштің жеңісіне күмәнміз сенген. Ағартушылардың ілімдерінде қарамақайшылықтарды кездестіруге болады. Оған қарамастан орта ғасыр философияға қарағанда жаңаша көзқарастың пайда болуы бірден көзге түседі.адамзат тарихы адам табиғаты туралы қозғалған мәселемен ұштасады. Вико және кейінгі ағартушылар адамның тарихтағы өмірін ерекше адамдық шындық ретінде қарастыруға жол ашқан.Тарихтағы прогресс теориясының авторы атақта француз ойшылы Кондорсе (1743-1794). Оның еңбектерінің бірі «Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума» деп аталған. Кондорсенің пікірінше тарихи процесс төмен сатыдан бастап жоғарғы сатыларға көтеріліді. Бұл прогрессивтік жоғарлаудың белгісі ақыл-ойдың дамуы. Неміс ағартушылардың арасында ерекше орын алатын И.Г. Гердер (1744-1803). Өзінің ілімінде Гердер әләмді тұтас тірі организм ретінде қарастырған. Оның ойынша табиғат, адам және адамзат тарихы сол организмнің бөлшектері. Ал жеке индивдтермен қатар олардың арақатынастарын білдіретін типтер бар. Гередердің басты шығармасы «Идеи к философии истории человечества». Табиғаттың барлық сатысы, барлық бөлшектері бір бірімен байланысты. Адамдар бір жағынан табиғаттың ең жоғарғы сатысында тұрса, екінші жағынан табиғаттан кейінгі әрі жоғары сатының бастамасы. Адмның амбиваленттігі яғни оның табиғатының екіжақтылығы оның қарамақайшылық табиғатын түсіндіруге жол ашады. Туғанынан адам жер бетінде өмір сүретін пенденің бірі. Бірақ оның мәңгілікке де қатысы бар. Гердердің арқасында тарих философиясына «өзгеріс» — изменение атты ұғым еңгізілген. Көне грек және ағартушылық ойшылдардың ілімдерінде өзгеріс туралы айтылмаған, керісінше олар барлық тарихи оқиғаларды бір біріне теңістірген. Гердердің пікірінше тарихтың өзі қайталанбас, мерзімді әрі орынды оқиғаларға толы. Тарихта тек алдынала болуға тиісті жағдайлар мүмкін. Бұл ойды жалғастыра отырып, тұтас тарихи философиялық концепцияны Г.В. Гегель құрастырған. гегельдің ілімінде логика мен тарих «бірігіп» кеткен деп айтуға болады. Ақылға симаған фактілерді тарихқа кіргізіп қарастырудық қажеті жоқ. Тарихтың негізгі субъектісі абсолюттік ақыл, абсолюттің рух болып табылады. Түп мәнінде Гегель ұсынғантеорияда христиандық тарих философиясының негізі жатыр. Тарихтың мәні бостандыққа қол жеткізуде. Көне шығыста бостандық бір адамда, көне грек және рим әлемінде бостандық бірінсаранда, ал германдықтар әлемінде бостандық бұһаралықта.Гегельдің атақты шәкіртінің бірі Маркс тарихи процесті диалектикалық әдіс арқылы шешуге тырысқан. Оның ілімі диалектикалық материализм деп аталған. Тарихты қарастырған кезде ол бес тарихи әрі экономикалық формацияларды ұсынған болатын. Яғни маркстің ойы адамзаттық тарих ол Гегельдің абсолюттік рухы емес, қоғамдағы экономикаға негізделген таптық қарамақайшылықтардың қоғамдағы сана арқылы белгілі болған материяның дамуы. Маркстың зерттеушілері оған экономикалық детерминист деп ат қойған. Маркс пен Энгельс қоғамды үнемі өзгерісте болады деп есептеген.

Адам құзырындағы заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған және бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады. Яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалған, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауғанегіз болған тəсілдер мен өлшемдер субъективті баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де, адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Алайда құндыны қарапайым бағалыдан, қажеттіден, тиімдіден, пайдалыдан ажырата да білу керек. Барлық тірі және шынайы сүйікті нәрселер құрал бола алмайды. Әдетте материалдық игілік пен тұтынушылық нарықты, еңбек өнімі мен тауар айырбасының нәрсесін білдіретін қарапайым құндылықтар экономикалық құндылықтар болып табылады. Айырбасқа көнбейтін, орны толмайтын жоғары құндылықтар да болады, әдетте оларды «баға жетпес» деп жатады. Бұл тұрғыдан алғанда олар қасиеттілік ұғымына жақындайды. Діндар адамдар үшін барынша қастер тұтып, қадірленетін құндылықтар бұл – діни құндылықтар. Құндылықтар әлемі шексіз десе де болады, тіпті жаратылыстың өзі біз үшін танымдық, философиялық және эстетикалық тұрғыдан құнды болып саналады. Діни құндылықтар Құдайға сенуге негізделеді және әрбір дін адамның Жаратушымен рухани-практикалық байланысын анықтап қана қоймай, оның жалпы қоғамдағы және тұтас әлемдегі орнын реттейді. Жоғары діни құндылықтар адамдардың өмірінің мәні мен қамын айқындайды. «Құндылықтық фактор» Құдай идеясының өзінде болады, өйткені құндылықтық басымдылықтардың мазмұны мен мәртебесі Жаратушының өзінен туындайды. Көптеген діни жүйелерде этикалық, яғни моральдық-адамгершілік қасиеттердің эталоны Құдайдың аты мен затынан, сипаттарынан алынады, содан әрбір діни ағым құндылықтық императивтерді, парыздар мен тыйымдарды қалыптастырады. Бір Құдайға табынушылықтың тәухид концепциясы мейлінше жетілген соңғы дін ислам діні болып табылады. Оның негізгі қайнар көздері – қасиетті кітап Құран және пайғамбардың өсиеттері Сүннет. Осы қайнарлардан шыға отырып, мұсылманның тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл отбасылық және қоғамдық өмірқамын Шариғат айқындайды. Шариғаттағы ақида иман негіздерімен айналысса, фыкх мұсылмандардың жүріс-тұрыс ережелері мен қалыптарын қамтиды. Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыратылады. Бұл тұрғыдан алғанда Батыстың Шығыстан, қаланың даладан, көшпенді қоғамның отырықшы қоғамнан, сондай-ақ әрбір ұлттың өзіндік менталитетіне сай айырмашылықтары болады. Сол сияқты адамзаттың дәстүрлі кезеңінде бағаланған нәрселер мен қазіргі заман құндылықтарының арасында да айырмашылықтар бар. Қазіргі құндылықтар белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауымның немесе халықаралық қауымдастықтың қандай да бір құндылықтарды насихаттауы барысында қалыптасады. Бүгінгі қоғамдағы жақсы, дұрыс немесе қалаулы деп есептелетін құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық деп атау қабылданған, алайда оның кейбірінің батыстық түбірге ие екендігін ескеру қажет. Құндылықтар жүйесінің бұл көрінісі қалыпқа немесе нормаға айналып кеткен. Ол қалыптарды әлеуметтік құндылықтарға жатқызуға болады, бірақ норма мен құндылық түсініктерініңайырмасы бар. Құндылықтар – бұл абстрактылы жалпы ұғымдар болса, ал қалыптар – адамдардың әр алуан ахуалдарда ұстанатын ережелір мен ұстындары. Қазіргі қоғамда қалыптасқан құндылықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: денсаулық, отбасы мен туыс жақындар, үй мен материалдық игілік, жұмыспен қамтылу және қанағаттану, қоғамдағы әлеуметтік мәртебе мен жағдай, дін мен рухани құндылықтар, білім алу, шығармашылық, демалыс, еркіндік (таңдау мен сөз еркіндігі т.б.), тұрақтылық және басқалары. Қазіргі заман мен қоғамда адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, соған сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, балаларды қорғау, білім мен тəрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар әр алуан ұлттар, діндер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі үшін өзара түсіністік, сұхбат пен толеранттылық халықаралық ұйымдар тарапынан насихатталуда. Әрине, мұнан басқа да құндылықтар бар. Құндылықтарға қатысты әр адамның әр алуан басымдылықтары болады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, құндылықтың басты белгісі оның бойында адамға игі ықпал ететін қасиеттердің болуымен сипатталады. Адамгершілік құндылықтармен айналысатын саланы гуманистік аксиология деп атауға болады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адамгершілік, тұлғалық немесе кісілік құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері болды. Адам мен адамгершілік мәселелері қазақтың ақын-жырауларын да, би-шешендерін де, абыз-әулиелерін де, қараша халықтан бастап ханға дейінгі ақсүйек игі жақсыларын тегіс толғандырған. Батыстағыдай кәсіби философия болмаса да, қазақты тумысынан философ-халық деп бағалауға болады. Оның философиясындағы негізгі тақырып – адам философиясы, кісілік қалыптың өлшемі, не жақсы не жаман төңірегіндегі этикалық мәселелер. Сондықтан қалт айтпайтын халық «жақсылардың кеудесі алтын сандық», «білімді туған жақсылар аз да болса, көппен тең», «жақсыменен өткізген бір күнім, мың күніме татиды» деп жырлайды. Қазақтың кім екені оның философиясы мен дүниетанымынан, тілі мен дінінен, ділі мен дәстүрінен, мәдениеті мен өнерінен, күнделікті өмірқамы мен әдет-ғұрпынан, мінген аты мен тартқан домбырасынан көрінеді. Бүгінгі біздің қоғамда ата-бабаларымыз берік ұстанған бұл кісілік құндылықтардың көмескілене бастағаны байқалады. Оны күнделікті отбасының тұрмысынан да, қоғам өмірінен де аңғарып жүрміз. Батыстық бұқаралық мәдениеттің тегеуірінді ықпалы интернеттен де, теледидардан да, басқа ақпарат құралдарынан да қарқынды жүргізілуде. Әрине, поэзия мен ән-күй өнерінде қазақы қоңыр үн мен ырғақ, бояу мен нақыш сақталып отыр, оған да шүкір дейсің, әйтпесе дүниеге келген нәрестеге не тыңдатып, не көргізеріңді білмей дал боласың. Дегенмен, жалаң еліктеушілік, «өзгенің асылын малшылау» басым, оған тоғышар¬лық, көзбояушылық, науқаншылдық, ұраншылдық, әсіреқұмарлық, шенқұмарлық, даңғазалық, мақтаншақтық сияқты антиқұндылықтар қосылып отыр. Ол күнделікті тіршіліктен де, ғылым, әдебиет, өнер тәрізді «рухани» мәдениет салаларынан да анық байқалады. Мұндай келеңсіз құбылыстарда құндылық қайдан болсын, рух қайдан болсын. Рух, руханият ұғымдарын нақтылай келе, біз құндылықтар әлеміне келіп тірелеміз. Оны зерттейтін философия саласын аксиология (aksios - құнды, logos - ілім) дейді. Жалпы алғанда, құндылықтар дегенде адам өмірінің бағытын анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса, бас иетіннің бәрін жатқызуға болады. Құндылықтар «әлемінің өмір сүруінің терең себептері адамның өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағнасын іздеуінде жатса керек. Өйткені адам - ерікті пенде, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге келетін мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды. 

Әдебиеттер


  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8


  2. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2


  3. Тәрбие құралы, 2012




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет