5. Дәріс: Таным және шығармашылық. Таным дегеніміз



Дата17.02.2023
өлшемі15,53 Kb.
#68877
Байланысты:
5 дәріс


5.Дәріс: Таным және шығармашылық.
Таным дегеніміз – қоршаған дуниені адам санасында белсенді бейнелеу процесі, шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы. Таным дегеніміз – білім алу үшін шығармашылық ізденіс.Таным теориясын философиялық тілде гносеология немесе эпистемология деп те атайды.
Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекеленген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама – қарсы, бірақ бір – бірімен өте тығыз байланысқан жақтары. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынадай кестені жасауға болады:
Сезімдіктаным (Д.Локк.Беркли.Юм.Мах) (Декарт, Спиноза,Гегель ) Рационалдық таным
1. Тікелей бейнелеу 1. Жанама бейнелеу
2. Сыртқыны бейнелеу 2. Ішкіні бейнелеу
3. Жекені бейнелеу 3. Жалпыны бейнелеу
Сезімдік және рационалдық танымның бейнелеу түрі жағынан да бір – бірінен айырмашылықтары бар. Көрнекті етіп айқындау үшін төмендегі кестені ұсынамыз:
Сезімдік таным мен рационалдық танымның бейнелеу түрлері:
1. Түйсік 1. Ұғым
2. Қабылдау 2. Пікір
3. Елестету 3. Ой тұжырымы
Танымның обьектісі және субьектісі
Субьект
ұғымы адамның биологиялық емес,әлеуметтік мәнін білдіреді.
Танымның субьектісі деп жеке адамдарды, таптар мен
әлеуметтік топтарды, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады.
Таным обьектісі деп – материалдық және рухани дүниенің қоғаммен
практикалық және
теориялық тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін,
нақты тарихи іс-әрекет
барысында субьекті игерген бөлігі.
Ақиқат дегеніміз - біліміздің бізден тысқары тұрған обьектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Зерттеліп отырған обьект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолюттік ақиқат, мазмұны субъектке тәуелсіз, букіл адамзатқа да тәуелсіз білім ол объективтік ақиқат деп атайды. Ақиқаттың өлшемдері. Ақиқат дәлелдеуді қажет етеді Ақиқат мәселесі. Ақиқат дегеніміз - біліміздің бізден тысқары тұрған обьектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Зерттеліп отырған обьект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолюттік ақиқат, мазмұны субъектке тәуелсіз, букіл адамзатқа да тәуелсіз білім ол объективтік ақиқат деп атайды. Ақиқаттың өлшемдері. Ақиқат дәлелдеуді қажет етеді .
Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын әдістер бақылау, эксперимент, салыстыру, өлшеу, индукция. Ғылыми танымның теориялық деңгейінде қолданылатын әдістер анализ, синтез, моделдеу,абстракциялау,аксиома, дедукция. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет