Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің құқық негіздері. Орындаған: Тұралы Санжар



Дата11.12.2023
өлшемі22,88 Kb.
#136878

Тақырыбы:Инклюзивті білім берудің құқық негіздері.
Орындаған:Тұралы Санжар
Тобы: кял-203

Әлемдік деңгейдегі құқық.


Қаншама ғасыр өтсе де денсаулығы шектеулі балалардың қоғамдағы құқықтары шет қалып отырды. Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы 1989 жылы балалардың кемсітушіліктен бостандыққа және олардың тілектері мен көзқарастарын білдіруіне қатысты құқығын бекітті.
ЮНЕСКО-ның Білім берудегі кемсітушілікке қарсы конвенциясы білім берудегі кез келген кемсітушілікке, алып тастауға немесе сегрегацияға тыйым салады.
ЮНЕСКО-ның] Саламанка мәлімдемесі (1994), ол барлық үкіметтерді инклюзивті білімге ең жоғары басымдық беруге шақырады. Барлық қатысушы мемлекеттерді барлық деңгейлерде инклюзивті білім беру жүйесін қамтамасыз етуге шақыратын БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы.
Инклюзивті оқыту жайлы ережелер 2006 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясымен мақұлданған Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына енгізілген. АҚШ пен Еуропаның қазіргі білім беру саясатында бірнеше амал-тәсілдер дамуға ие, соның ішінде: * білім алуға деген мүмкіндікті кеңейту (widening participation)
* мэйнстриминг (mainstreaming) - мүгедек оқушылардыңқұрдастарымен түрлі мейрамдар, сауықбағдарламалары, т.б. кезінде араласуы
. * ықпалдастық (integration) - психикалық және физикалық кемтарлығы бар балалардыңқажеттіліктерін оларға бейімделмеген, жалпы өзгермейтін білім беру жүйесіне сай келтіру.
* инклюзия, яғни кірістіру (inclusion) - еш шектеусіз барлық балалардың талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп мектептер мен оқу бөлмелерін қайта құру.


Ресейде алғашқы инклюзивті білім беру мекемелері 1980 - 1990 жылдар шебінде пайда болды. 1992 жылдың күзінен бастап Ресейде Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ықпалдастығы жобасының іске асуы басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүгедек балаларды біріктіре оқыту эксперименталды алаңдары құрылды. 2001 жылдың 31 қаңтарында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бірлескен білім алу Концепциясы қабылданды.
Қазақстандағы инклюзивті білім беру
ҚР-дағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Тарихи деректер біздің елімізде арнайы білім беру жүйесі қалыптасып, дамуын нақты көрсеткіштермен сипаттайды. Қазіргі арнайы білім берудің дамуы ерекше белгілер мен тенденциясының анықталуын, әртүрлі уақыт кезеңдерінің карама-кайшы жақтарын аныктау және дамуында ауыткуы бар балаларға дәстүрлі емес формада көмек көрсету, қоғамдық тәрбиелеуге сәйкес құруды қамтиды. ҚР-да арнайы білім берудің теориясы мен практикасының дамуы аныкталған тарихи кезеңде көрініс тапты.
Қазақстанда ауытқушылықты алдын алуға байланысты міндеттерді шешуде 1921 жылы Орынборда ұлттық ағартушылық конференцияның маңызы зор болды. Бұл конференцияда ең бірінші рет дамуында ауытқулыктары бар балаларга арналған жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Балалар үйіне қабылданатын балаларды тексеру мәселесі, оларды оқыту, тәрбие беру мекемелерінің ажырату, ауытқуы бар балаларды еңбекке даярлау, мектеп тәрбиесінің өзара байланыстары қарастырылған. Балалардың ауытқулығына байланысты күрес балалар арасындағы қылмыс пен панасыздықтың алдын алумен катар жүреді. Балалар үйі, панасыз балаларға арналған коллониялар, жас заң бұзушыларға арналған тәрбие беру-түзету пунктері ашылды. Ал ауытқулықтары бар балаларға арналған мамандырылған мекемелер біздің республикамызда баяу дамыды.
1921жылы Орынборда ең алғаш рет зияты зақымдалған және естімейтін сөйлемейтін тұлғаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922 жылы Ақмола губерниясында ауытқулықтары бар балаларға арналған балалар үйі ашылды. 1922ж Республикада әртүрлі ауытқулықтары бар балаларға арналған арнайы мектептердің кажеттілігі өсе берді. 1926 жылы еліміздің білім берудің дамуыту жобасында арнайы мектептер ашу қарастырылған болатын, бірақ экономикалық жағдайдың киыншылықтары мұны жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған. 90-шы жылдары тәуелсіздікке көшу, саяси, әлеуметтік өзгерістердің әсері білім беру саласында қарқынды дами бастады. Жағымды жетістіктің бірі Қазақстан тарихына көңіл болу болғандықтан, арнайы мектептерде Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін әзірлеу, өзектілігін білдірді
ҚР-да 1994 жылы ратификацияланған «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы болып табылады. Барлық қатысушы мемлекеттер ақыл-есі немесе дене бітімі жағынан кем бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігіне ықпал ететін және оның қоғам өміріне белсенді қатысуын жеңілдететін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруге тиіс деп есептейді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мұқтаждықтарын тануда көмек ата-анасының немесе балаға қамқорлық жасауды қамтамасыз ететін басқа да адамдардың қаржылық ресурстары ескеріле отырып, мүмкіндігінше тегін көрсетіледі, сонымен қатар мұндай балаларға медициналық қызмет көрсету, денсаулығын қалпына келтіру, еңбек қызметіне дайындық және өзге де қызметтерге барынша тегін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
1993 жылғы 20 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету ережелерін қабылдады, олар Қазақстанда инклюзивті білім берудің нормативтік базасын әзірлеуде әдістемелік негіз ретінде пайдаланылады. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттер балаларға, мүгедек жастар мен ересектерге арналған бастауыш, орта және жоғары білім беру саласында тең мүмкіндіктер қағидатын мойындауы, сондай-ақ мүгедектерге білім беру Жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатынын қамтамасыз етуі керек
Ресурстарды әділ қамтамасыз ете отырып, табысты оқытуға және барлығына үлгерімнің нақты белгіленген деңгейіне қол жеткізуге ықпал ететін қауіпсіз, салауатты, инклюзивті оқу жағдайын құру туралы Дүниежүзілік білім беру форумында Дакарлық іс-қимыл шеңбері: барлығына тең білім беру (Дакар, Сенегал, 26-28.04.2000 ж.) бекітілді. 
Университетте студенттер денсаулық жағдайына байланысты қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқуға ауысқан жағдайда 30-дан астам білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқуға мүмкіндіктері бар. 
2015 жылы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан инклюзивті білім беру бойынша ереже бекітілді (13.01/2015 Т.), ол кафедраларда менторлардың оқу материалын меңгеруіне көмек көрсетуге бағытталған.
Қазақстанда инклюзивті білім берудің құқықтық негіздері бірнеше заңнамалық актілермен айқындалады. Соның негізгілерінің бірі – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы барлық азаматтардың, соның ішінде мүгедектердің білім беру үдерісіне теңдігі мен енуі қағидасын белгілейді.
Сондай-ақ балалардың инклюзивті ортада сапалы білім алу құқығына ерекше мән беретін «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңның да маңызы зор. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған стратегиясы» сияқты құжаттарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу-тәрбие үдерісіне толық қатысуы үшін жағдай жасау шаралары қамтылған.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ жергілікті білім беру органдары әзірлеген нормативтік құжаттар да маңызды рөл атқарады. Бұл құжаттар инклюзивті білім беруді тәжірибеге енгізу механизмін нақтылайды.

Құқтық нормалары


Инклюзивтік білім беру үрдісін құқықтық реттеу қaжеттілігі – оқыту мен тəрбиелеу сaпaсының, білім беру үрдісінің бaрлық қaтысушылaрының құқықтaрын жүзеге aсырудың кепілі. Инклюзивтік білім берудің құрылымын aнықтaйтын нормaтивтік құжaттaр: Қaзaқстaн Респуб- ликaсының Конституциясы, Қaзaқстaн Республикaсының еңбек кодексі, Қaзaқстaн Республикaсының «Білім беру турaлы», «Тілдер турaлы», «Бaлaның құқықтaры турaлы», «Мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрды əлеуметтік жəне меди- цинaлық-педaгогикaлық түзетілімдік қолдaу турaлы, «Арнaйы əлеуметтік қызмет көрсетулер» турaлы Зaңдaры жəне білім беруді дaмытудың бaғыттaры мен бетaлыс- тaрын, қиын өмірлік жaғдaяттaғы бaлaлaрғa aрнaйы əлеу- меттік қызмет көрсетудің мемлекеттік стaндaрттaрын aнықтaйтын бaсқa дa құқықтық-нормaтивтік aктілер: «Қaзaқстaн Республикaсындa инклюзивті білім беруді дaмытудың тұжырымдaмaлық тəсілдері» (2015); «Білім бе- ру ұйымдaрынa қойылaтын сaнитaрлық-эпидемиялық тaлaптaр» (2014); «Дaмуындa мүмкіндіктері шектеулі бaлaлaрғa aрнaлғaн aрнaйы білім беру ұйымдaрының қыз- меті жөніндегі Типтік ережелер» (2013); «Ортa білім беру- дің (бaстaуыш, негізгі ортa, жaлпы ортa білім беру) мемле- кеттік жaлпығa міндетті білім беру стaндaрты» (2012). Арнaйы білім беру сaлaсындa жергілікті aтқaру оргaндaры- ның мемлекеттік қызмет көрсету стaндaрттaры (2015):
1)«Мүмкіндіктері шектеулі бaлaлaрды психологиялық-
медицинaлық-педaгогикaлық тексеру жəне олaрғa кон- сультaциялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет стaн-
дaрты;
2) «Дaмуындa проблемaлaры бaр бaлaлaр мен жaсөспі-
рімдерді оңaлту жəне əлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
қызмет стaндaрты;
3) «Мүмкіндіктері шектеулі бaлaлaрды тəрбиелеп
отырғaн отбaсылaрғa консультaциялық көмек көрсету»
мемлекеттік қызмет стaндaрты;
4) «Бaстaуыш, негізгі ортa, жaлпы ортa білім беру
ұйымдaрынa денсaулығынa бaйлaнысты ұзaқ уaқыт бойы бaрa aлмaйтын бaлaлaрды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдaстыру үшін құжaттaр қaбылдaу» мемлекеттік қыз-
мет стaндaрты;
5) «Арнайы жалпы білім беретін оку бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың кұжаттарын кабылдау және арнайы білім беру ұйым- дарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын айқындайды және ҚР азаматтарының, сондай-ақ ҚР тұ- ракты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамта- масыз етуге бағытталған. Осы Заңда инклюзивті білім беру саласының негізгі терминдеріне аныктама берілді. Мәсе- лен, білім алу үшін арнайы жағдайлар мүмкіндігі шектеу- лі адамдардың онсыз жалпы білім беретін және кәсіптік бі- лім беретін оку бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы білім беретін оку бағдарламаларын жә- не арнайы оқыту әдістерін, техникалық және өзге де кұралдарды, өмір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер көрсетуді қоса алғанда, білім алу үшін жасалатын жағдайлар. Инклюзивті білім бе- ру жағдайында жалпы білім беретін мектептегі оку-тәрбие үрдісін құқықтық-нормативтік реттеу педагогтардың кәсі- би іс-әрекеттері, сондай-ак, ерекше білім қажеттігі бар оку- шымен және оның ата-аналарымен өзара әрекеттестік барысында негізге алу үшін қажет.

Біздің ұсыныс



  1. Инклюзивті оқушыларға материалдық қызметтер кеңінен көңіл бөлінуі тиіс

  2. Қоғамдық,әлеуметтік ортада инклюзті адамдарға арналған арнайы қызметтер, (баспалдақта,арнай лифт)

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әлеуметтік даму: Инклюзивті сыныпта әлеуметтік дамуға жәрдемдесу (Social Development: Promoting Social Development in the Inclusive Classroom)

  2. Қaзaқстaн Республикaсының «Білім турaлы» Зaңы (өзгертулер мен то- лықтырулaрмен). – А., 2017. – 72 б.)

  3. ҚР білім беруді жəне ғылымды дaмытудың 2016-2019 жылдaрғa aрнaлғaн мемлекеттік бaғдaрлaмaсы. – А., 2016. – 61 б.

  4. Бaлa құқықтaры турaлы» Конвенция: БҰҰ Бaс Ассaмблеясы 20.11.1989 қaбылдaғaн. ҚР Жоғaрғы Кеңесінде 1994ж. No77 қaулымен рaти- фикaциялaнғaн.

  5. Хaлық денсaулығы жəне денсaулық сaқтaу жүйесі турaлы» ҚР Кодек- сі. – А., 2014.

  6. ҚР мүмкіндіктері шектеулі бaлaлaрды əлеуметтік жəне медицинaлық- педaгогикaлық түзетудегі қолдaу турaлы Зaңы». – А., 2002.

  7. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ (оқу құралы) 10-20 бет. М.Оспанбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет