Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата07.01.2022
өлшемі6,06 Mb.
#20556
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері

Әдістемелік құрал

Астана

2013



2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми Ғылыми

кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).

Қазақ тілді  емес  мектептерде  тілдерді  дамыта  оқыту әдістері. Әдістемелік

құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 86 б.

Ұсынылып  отырған әдістемелік құрал оқыту өзге  тілде  жүргізілетін  жалпы

білім  беретін  орта  мектептерде  мемлекеттік  тіл – қазақ тілін  дамыта оқыту

мәселелерін жетілдіру мақсатын көздейді.

Әдістемелік құрал жалпы  білім  беретін  орта  мектептердің  қазақ тілі  пәні

мұғалімдеріне,  жоғары  оқу  орындарындағы  филология  факультеті студенттеріне

әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2013



3

Кіріспе

Қазақ тiлi – кемел тiл. Тiлдiң кемелдiгiн көрсететiн негiзгi белгiлердiң барлығы

да қазақ тiлiнiң құрылым жүйесiнен толық табылады .

Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл –

елдің барлық аумағында  және  түрлі өмір  салаларында қолданылуы  баршаға

міндетті  болып  табылатын,  ресми  жағдайы  мемлекеттік  дәрежеде  белгіленген,

белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті

[1]. Тәуелсіз Қазақ елінің  қазіргі  уақыттағы  экономикалық даму  деңгейі  мен

әлеуметтік  жағдайы,  шетелдермен  халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік

қауымдастықтағы беделінің артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес

келетін,  бәсекеге қабілетті  тұлға  даярлаудың  қажеттігін  туғызып  отыр.  Еліміздің

кез  келген  азаматы өз  елі  мен  жерінің тарихын,  мәдениетін,  мемлекеттік  тілді

толық білуі,  меңгеруі қажет  деп  танылады.  Адамдардың бәсекеге қабілеттілігінің

негізгі  көрсеткіштерінің бірі  олардың мемлекеттік тілді  толық меңгеру  екені

даусыз.

Қазақ тiлi – өзiндік сөздiк қоры мол жинақталған тiл. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк

тiл деген жоғары мәртебесі оның кемелденуіне мүмкiндiктер аша түсері сөзсіз.

Қазақ тiлi – құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚ ұлттық тiл

деңгейiне  көтерiлген қазақ халқының  ұлттық тiлi‚ Қазақстан  Республикасының

мемлекеттiк 

тiлi. 

Республикада 



мемлекеттiк 

тiл 


ретiнде

қазақ


тiлiне

конституциялық мәртебе  берiлiп  отыр. Әлемдік  тәжірибеде  тілге  мемлекеттік

мәртебе екі жағдайда беріледі: бірі – тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда,

оның мәселесін шешіп, дамыту үшін мемлекеттік қамқорлыққа алу мақсатында, ал

екіншісі басым тілдің артықшылығын сақтау үшін беріледі.

Мемлекеттік  тіліміз – Қазақ тілін өз  мәртебесіне  сай қоғам өмірінің күллі

салаларына  енгізу, қолданыс  аясын  кеңейту  бүгінгі  күннің  өзекті  де  келелі

мәселесі. Тіл білу, тіл меңгеру дегенге белгілі бір тілдің грамматикасы мен сөздік

қорын  игеруді ғана  жатқызу  жеткіліксіз. Өйткені  сол  сөз,  сөйлемдердің немесе

грамматикалық  құрылыстың сөйлеу  жағдаятының  қай  түріне орай қолдана білуді

анық түсінігі болуы қажет.

Еліміз  егемендік  алғаннан  бері қазақ тілін  оқыту,  оның  әдістемесін  жетілдіру

мәселесі  күн  тәртібінен  түспей  келеді.  Еліміздің осындай  мақсат-ұстанымдарына

қарай


«Тiлдердi

қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған

мемлекеттiк  бағдарламасы»

қабылданды.  Мемлекеттік  бағдарламаның басты

мақсаты – Қазақстанда  тұратын  барлық этностардың тілін  сақтай  отырып, ұлт

бірлігін  нығайтудың маңызды  факторы  ретінде  саналатын  мемлекеттік  тілді

балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-

саяси,


әлеуметтік 

кәсіпкерлік 

саласында 

батыл


қолданысқа 

енгізіп,


қазақстандықтардың 

өмірлік


қажеттілігіне 

айналдыру.

Осы

құжатта



4

«Бағдарламаның бірінші  бағытын  іске  асыру  арқылы Қазақстанның барша

азаматтарының мемлекеттік  тілді  меңгеру  жүйесін құру  жөніндегі  жұмыстарды

ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік

тілді  оқыту әдіснамасын  жетілдіру,  оқытудың инфрақұрылымын  кеңейту  және

мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың

үш міндетін айқындайды» делінген [2].

Сондай-ақ 

Қазақстан 

Республикасында 

білім 

беруді 


дамытудың

2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасында  да қазақ тілінің

дамуына ерекше  мән  берілген.  Осы  бағдарламада  «Қазіргі  уақытта Қазақстанда

мемлекеттік  тілдің дамуына  зор  көңіл  бөлінуде.  Орталық және  жергілікті

атқарушы  органдарда,  республика өңірлеріндегі  жоғары  оқу  орындары  жанынан

қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ

тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік

тілді  деңгейлеп  оқыту  енгізілді»  деп,  атқарылған  істердің ауқымы  мол  екенін

көрсеткен [3]. Яғни, алда атқаратын жұмыстар осы істердің заңды жалғасы болып,

одан да көп мәселелерді жетілдіру қажет деп түсінгеніміз абзал.

Бірақ қазақ тілінің бүгінгі жағдайы әлі де болса тіл үйрету мәселесіне жаңаша

көзқарастың  қажет  екенін  аңғартады. Қазақ тілін  мектепте,  жоғары  оқу

орындарында 

оқыту 


жеткіліксіз 

болғандықтан 

еліміздің 

әрбір 


облыс

орталықтарында, қала  берді  аудандарында  Тіл үйрету  орталықтары жұмыс жасап

жатыр. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін тегін үйрету мәселесінің де қолға

алынғанына  да  бірнеше  жылдың жүзі  болып қалды.  Дегенмен,  нәтиже әлі  де

қоғамымыз күткендей болмай отырған жағдайымыз бар. Осы тұрғыдан алғанда біз

мемлекеттік  тілді қалай  оқытып  жүрміз  деген  заңды  сұрақ туындайды.  Соңғы

кездері қазақ тілін  оқыту  мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде,  бұқаралық

ақпарат құралдарында «қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту», «қазақ тілін шет тілі

ретінде оқыту» және «қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту» деген мәселелер

көтеріліп  жүр. Қазақ тілін  ана  тілі  ретінде  оқытуды    жетілдіруді  де  естен

шығармағанымыз  жөн. Өйткені  бұл өте  маңызды  да  күрделі  мәселелердің бірі.

Жалпы қазақ тілін  оқыту әдістемесі  жайлы  сөз  болғанда әуелі  осы  тұрғыда

қарастырған  дұрыс  деп  ойлаймыз.  Ал  мемлекеттік  тіл  ретінде үйрету,  оны

оқытудың мақсат-мүддесін  айқындау әдістемелік құрал  тақырыбына  сәйкес

пайымдалып отыр.



5



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет