Тақырыбы: Жүрек физиологиясы, қасиеті, реттелісі Орындаған



Дата28.01.2023
өлшемі47,53 Kb.
#63491












№ 6 СРСП

Пән: Физиология


Тақырыбы: Жүрек физиологиясы, қасиеті, реттелісі


Орындаған : Какен Дана

Курс : 2


Мамандық : Стоматология
Топ: 201 Б
Алматы, 2022


ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ......................................................................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................................................................3
2.1. Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері..............................................................................3
2.2. Жүректің қан айдау қызметі..................................................................................................5
2.3. Жүрек жұмысын зерттеу әдістері..........................................................................................6
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................7
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................................................7

Жүрек (лат. сог, греқше сагdіа) – қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдарағындай (250-300г) жұмыр ағза. Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, ені 8-11см, ұзын білігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырғадан қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен қатыспайды. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады. Сонымен жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуі жүрекше-екеуі қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында атривентрикулярлық (жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атриовентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі - эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард.


Жүрек минутына 70—72 рет соқса, жүрек циклы (айналымы) 0,8—0,9 сек-ке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады не қысқарады. Айналым уақыты кебінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы) қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері кебінесе өзгермейді.
Жүрек өмір бойы белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады, яғни соғып тұрады. Адамның жүрегі орта есеппен минутіне 65—80 рет соғады.
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері. Қозғыштық, қозуды өткізу, жиырылуы – жүрек етінің негізін қасиеттері. Бұл қасиеттер қаңқа еттеріне де тән. Жүрек етінің ерекшелігі – оның автономиялық қасиеті.
Жүрек автоматиясы. Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып физиологиялық ерітіндіге салып койса, жүрек өзінің табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне, яғни өз тканінде түатын қозу процесіне байланысты.
Жылы қанды жануарлар жүрегінде де автоматиялық қасиет болатынын 1895 жылы Лангендорф итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит денесінен бөлініп алынған жүректің өз (коронарлық) тамырына оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберсе, тақтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды.
1902 жылы дәрігер А. А. Кулябко (Томск) өкпе ауруынан өлген баланың жүрегін 20 сағат өткен соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін қолданды, мұның нәтижесінде тоқтап қалған жүрек кайтадан соға бастады. Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялық
3

қасиет тән екені дәлелденді.


Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі яғни миогендік және нейрогендік теория бар. Миогендік теория бойынша қозу жүректің ауытқыған (атипті) ет тканьдерінде пайда болады, яғни жүректің автоматиялық қасиеті оның ет тканьдерінің қозуына байланысты. Нейрогендік теория бойынша ол жүрек етіндегі өте қозғыш нейрондардың әрекетінен туады.
Жылы қанды организмде жүрек автоматиясы миогендік теория тұрғысынан дәлелдеуге болатынын көптеген тәжірибе көрсетеді. Солардың бірі – жоғарыда айтылған Кулябко тәжірибесі: 20 сағат ішінде жүрек етіндегі нейрондар толық бұзылады, ал миоциттер бұзылмайды. Демек, жүрек автоматиясы нейрондарға емес, миокардқа байланысты.
Жүректің қан айдау қызметі. Қай ағзаны алсақ та оның қызметі құрылысына байланысты. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі - эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард.
Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген ариовентрикулярлық тесікке және қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерге жеткенде бұрылып қос қабат құрады да, сол тесіктерді жабатын екі не үш жақтауды және айшық тәрізді қақпақшаларға айналады. Сонымен әр кақпақша эндокардтың екі жапырағынан тұрады. Миокард – жүректің ортаңғы қабаты, ол жолақты ет талшықтарынан тұратын ең қалың қабат. Жүректің сыртқы қабаты – эпикард оны сыртынан қаптап, жүректен шығатын не оған келетін ірі қантамырларына жеткен жерде кері бұрылып жүрек сыртын екінші рет қаптайды. Бұл эпикардтың сыртқы қабаты, яғни перикард – жүрек қабы.
Эпикард пен перикард арасында жіңішке саңылау, ал онда аздаған серозды сұйықтық болады, бұл сұйықтық эпикард пен перикардтың ішкі бетін майлап қажалудан сақтайды. Перикард жүрек қуыстарының қанға то-лып қатты керілуіне кедергі жасайды. Жүрекше мен қарынша арасындағы тесікті жауып тұратын қақпақшалардың оң жақтағысы үш жақтаулы, ал сол жақтағысы қос жақтаулы – митральды. Қолқа мен өкпе-артериясының қарыншадан шығатын жерінде айшық қақпақшалар орналасқан. Қақпақшалар жүрек жиырылған сәтте (систола) қанның белгілі бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді. Қан жүрекшеден қарыншаға, қарыншадан артерияларға (қолқа мен өкпе сабауына) қарай ғана ағады, сау адамда қан кері ақпайды. Тек, жүрегі ауырған адамда қақпақшалар толық жабылмай, соған байланысты қанның біразы негізгі бағытынан айырылып кері қарай ағуы мүмкін. Мұны жүректің негізгі тондарына (дыбыстарына) шуыл араласуынан байқауға
4

болады.
Жүректің, жиырылуы систола, босауы диастола деп, ал систола мен диастолаға кететін мерзім жүрек қызметінің айналымы, (циклы) деп аталады. Айналым уақыты жүрек соғуының жиілігіне байланысты. Айналым кезінде жүрекше мен қарынша белгілі бір тәртіппен (ретпен) жиырылады. Жүрек жиырылған сәтте ондағы қанның қысымы көтеріледі. Жүрек қуыстарындағы қан қысымының өзгеруі белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осыған сәйкес қақпақшалар бір ашылып, бір жабылып отырады. Бұл айтылғандар қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді.


Қан айдау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы басталады, ол 0,47 секундке созылады. Бұл 4 кезеңнен тұрады: протодиастола, изометрлік босау, қанға толу, пресистолалық.
1. Протодиастола кезеңі қарынша диастоласының алғашқы 1-ші сатысы, оның ұзақтығы 0,04 секунд. Жүрек еттерінің бәрі бірдей бір мезгілде босай алмайды, біртіндеп топ-тобымен босайды. Сондықтан қарыншалардан қан қысымы әлі де болса жоғары болғандықтан, ол біртіндеп төмендейді, айшық қақпақшалар ашылған күйінде қалады.
2. Изометрлік босау кезеңінде (ұзақтығы 0,08 секунд) айшық қақпақшалар жабылады да, ал жақтаулы қақпақшалар ашылмай жабық күйінде қалады. Ет талшықтары тұтас және бір мезетте босаңсуына байланысты қарынша қуысында қысым азая бастайды. Бұл қысымның денгейі жүрекшедегі қысымнан төмендеген сәтте қос жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар ашылады да, қан қарыншаға құйыла бастайды. Одан әрі үшінші кезең басталады.
3. Жүректің қанға толу кезеңі – ең ұзақ - 0,25 секунд созылады. Бұл екі кезеңнен тұрады: тез толу (0,08 с), баяу толу (0,17 с). Қарыншаның қанға тез толу себебі: жүрекше-қарынша систоласы кезінен бастап ұзақ уақыт босаған қалпында (диастола) қалады да әбден қанға толып керіледі, ондағы қан қысымы қаннан босаған қарыншадағы қысымнан едәуір артық келеді. Сондықтан қан жүрекшелердегі лақылдап қатты ағады. Бірақ келесі кезенде қарынша қанға тола бастасымен жүрекшедегі қанның қарыншаға ағуы баяулай бастайды. Қарыншалардың систоласы және диастоласы кезінде жүрекшелер диастола қалпында болғандықтан да оған қуысты веналардың екеуінен де қан құйылып тұрады, сөйтіп жүрек диастоласының үшінші кезеңінде жүрекше де, қарынша да қанға толады. Екеуінің аралығындағы қосжақтаулы және үшжақтаулы қақпақшалар ашық күйінде қалады. Қорыта
келгенде, жүрек көбіне диастола кезінде қанға толады.
4. Пресистола кезеңінде (ұзақтығы 0,1 с) жүрек циклының жаңа кезеңі басталады,
5

яғни жүрекшелер жиырылады да қарынаға қосымша қан құйылады.


Жүрек минутіне 65-80 рет соғады. Жүрек соғуы сиресе (минутіне 40-50) брадикардия деп, ал жиілесе (минутіне 150) тахикардия деп аталады. Сырқаттанған кезде жүрек шектен тыс жиі соғуы мүмкін. Минутіне 400 рет соқса, оны лүпілдеу (трепетание) деп, ал 600-ге жиілесе, оны жыбырлау (мерцание) деп атайды.
Жүрек жұмысын зерттеу әдістері. Физиологиялық (таза эксперименттік) және клиника-физиологиялық әдістер болып екі топқа бөлінеді.
Жүрек қызметін физиологиялық әдіспен зерттеу үшін жануардың көкірек қуысын ашады да, жазу аспабын тікелей жүрекке тіркейді. Бұл физиологияда «қанды әдіс» дел те аталады.
Клиника-физиологиялық әдіс жүрек жұмысын қан шығармай тексеруге мүмкіндік береді. Бұл әдіспен әдетте сау адамның да, науқас адамның да жүрегі зерттеледі. Клиника-физиологиялық әдістер: пальпация (сипап ұстау) – жүрек түрткісінің орнын табу; перкуссия (тықылдату) – жүрек шекарасын анықтау; аускулътация (тыңдау) – жүрек дыбыстарын естіп тану; фонокардиография (ФКГ) – жүрек дыбыстарын жазьш алу; электрокардиография (ЭТГ) – жүрек биотогін жазып алу; векторкардиография (ВКГ) – жүрек тогының бекторлық мөлшерін жазып алу; баллистокардиография (БКГ) – жүректің қан айдаудағы баллистикалық құбылысын жазып алу; динамокардиография (ДКГ) – жүректің қан айдауына байланысты кеуде білігінің ығысуын жазып алу; эхокардиография — ультрадыбысты қолданып жүректің қан айдау функциясына байланысты ет құрылысының, қақпақшаларының және қуыстарының өзгерістерін байқау, рентгенмен зерттеу.
Пальпация – сипау, ұстау әдісі. Мұнымен жүрек түрткісінің орнын және күшін білуге болады. Жүрек қарыншалары жиырылған кезде жүрек еті қатайып, оның ені кеңейіп, ұшы көтеріліп көкіректің алғы қабырғасына соғылады, сөйтіп жүрек ұшы тиген жер лүпілдеп тұрады.
Перкурсия – жүрек шегін анықтау. Ол үшін көкірекке тақалған саусақты екінші қолдың саусағымен не жазық металл тілікті медициналық резеңке балғамен қаққан кезде пайда болатын дыбыс ерекшелігін ескеріп жүрек шегін анықтауға болады.
Аускультация – жүрек дыбыстарын фонендоскоп не стетаскоп арқылы тыңдау. Жүрек жиырылып – босаған сайын екі түрлі дыбыс (тон) естіледі. Бірінші дыбыс (тон) қарынша жиырылған кезде пайда болады.
6
Электрокардиография (ЭКГ). Жүрек еті қозған кезде көптеген ет талшықтары теріс зарядқа көшеді де, қозбай қалған ет талшықтары бұрынғысынша оң зарядын сақтап қалады, сөйтіп қозған және қозбаған миоциттер туады.
Векторкардиография (ВКГ) – жүрек еті тогының мөлшерін және электр осінің бағытын (векторын) жазып алу әдісі. Векторкардиограмма имектеліп барып ұштары қабысатын үш түрлі ілмектен (Р, Q, К, S, Т) тұрады.
Қорытынды
Жүрек (лат. сог, греқше сагdіа) – қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдарағындай (250-300г) жұмыр ағза. Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Жүрек автоматиясы. Көлбақаның жүрегін денесінен бөліп алып физиологиялық ерітіндіге салып койса, жүрек өзінің табиғи ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне, яғни өз тканінде түатын қозу процесіне байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :

1. Х. Қ. Сәтпаева, Ж. Б. Нілдібаев, Ө. А. Өтепбергенов «Адам физиологиялысы» Алматы «Білім» 1995ж.


2. К. С. Рымжанов, Ж. Н. Нургалиев «Адам және жануарлар физиологиясы» курсы бойынша кіші практикум. Алматы 1992ж.
3. Төленбек «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы «Білім».
4. К. С. Рымжанов, Ж. Н. Нургалиев «Жалпы физиология бойынша практикалық жұмыстар» Алматы «Қазақ университеті» 1997ж.


7

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет