Тақырыбы: Лагерь аруы



Дата06.10.2023
өлшемі16,92 Kb.
#113035
түріКонкурс
Байланысты:
Лагерь аруы сценарий


Тақырыбы: Лагерь аруы
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Балдырған» жазғы лагерінде болғалы отырған «Лагерь аруы» конкурсына қош келіпсіздер.

Мақсаты: Қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылыққа, парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен қайырымдылықты, биязылықты бойларына сіңіре отырып білімдарлыққа баулу, халқымыздың салт – дәстүрін, өнегелі нақыл сөздерді асыл қазына екенін бойларына санасына сіңіру.



Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің өнерлері кәдік шықты.
Өнер мен тапқырлықтың жарысыңдар,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Анықтау үшін алдымен әділ бағасын беретін әділ - қазылармен таныссақ....

Енді лагерь аруларымен таныстырайық.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
1 Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз – дей келе бірінші кезекті «Таныстыруға» береміз.

2. Асыл тастан, өнер жастан


Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Бұл шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнер алды дарынды.
Сол өнердің жолын қуған
Лагерьдің мына атынан
Қабылдаңыз шын жүректен
Сәлем сізге жалынды!- деп келесі бөліміміз «Өз өнерін көрсету»

3. Өнерге жастайынан жақын туған


Қазақтың дарынының жолын қуған
Өз өнерін көрсетер қыздарымыз
Өзгеге ісі өнеге, үлгі боп тұрған – деп келесі бөліміміз «Қолөнер» өнері, яғни қыздарымыздың үйден жасап келген бұйымдары.

4. Сән мен сымбат екеуі үйлескенде,


Көкірегің керімсал күй кешкенде
Дүниені төңкерер сұлулықты,
Табылмайды көз тігіп, сүймес пенде!- деп келесі бөліміміз «Жаздық сәндік киім»

5. «Мақалдың жалғасын тап» қыздарға байланысты берілген мақалдардың жалғасын табу


1. Әдепті жігіт –(қылықты қыз)
2. Ата көрген оқ жонар,
(Ана көрген тон пішер)
3. Қыздың құны (қырық жеті)
4. Ауру – астан,
(Дау – қарындастан. )
5. Байғазыға (байдың қызы)
6. Қыз –(қонақ)
7. Қыздың қабағында (құт бар)
8. Қызға берген(көрінбес)
9. Қыз ұшқан (қу)
10. Қыздың көзі(қызылда)
11. Қыз ат (байлатар)
12. Қыз өссе, елдің көркі
(Гүл өссе, жердің көркі)
13. Қызы бардың(назы бар)
14. Қыз – өріс,(ұл – қоныс)
15. Қызды кім айттырмайды,
Қымызды кім ішпейді.
16. Ақылды қыз білімге жүгінер,
Ақылсыз қыз сөзге ілінер.
17. Қызым саған айтамын, (келінім сен тыңда)

Бүгінгі «Лагерь аруы» конкурсымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі конкурсымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ – қазылар алқасына береміз.


Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет