Тәрбие сағаты: «Анамның аялы алақаны» (8 наурызға арналған екі бөлімнен тұратын тәрбие сағаты.)
Тәрбие жұмысының мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, презентациялар, сынып бөлмесін безендіретін құралдар, шарлар, гүлдер.
І-ші бөлім.Аналарға арналған монтаж. Мұғалім: Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,жайма шуақ сәулелерін төгетін,көңілдерге қуаныштар егетін,имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетінкөгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді! Осы мерекенің иелері,бар адамзаттың табынары мен киелері,қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған,қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,әсем көркімен, жүрегінің өртіменнебір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар,аяулыаналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз! — Бүгінгі «Анамның аялы алақаны» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын. Енді сіздерге арналған ән бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Камиланың орындауында «Көңілді күн» әні. Алмас Аналарды ардақтаған бабалар
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнаңдар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
Айгерім Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Еламан Сүйіктім деп жүретін,
Қадіріңді білетін.
Өссем ұл боп жан ана,
Орындалар тілегің.
Сөзің шырақ секілді,
Сүйем соған жетуді.
Қанат қағып самғауға,
Балаң бекем бекінді.