Есептердің шығарылу тәсілдері (жолдары)



бет1/3
Дата21.09.2022
өлшемі23,77 Kb.
#39782
  1   2   3

Есептердің шығарылу тәсілдері (жолдары).
Математика есептерінің шығарылу жолдары әр түрлі. Сондықтан оқушылар ҰБТ-ға дайындалғанда есептің ең тиімді тәсілін таңдай білуі және оны тез орындауға үйренуі тиіс. Осы мақсатта пайдасы тиер деген үмітпен есептердің шығару тәсілдерін ұсынып отырмын.
1-есеп. Етік мәсіден 3,5 есе қымбат тұрады. Ал екеуі 657 теңге тұрады. Әр қайсысы қанша тұрады?
І тәсіл. (Арифметикалық тәсіл)

  1. Мәсі етіктен арзан болған соң, мәсінің бағасы 1 бөлік деп алайық. Сонда етіктің бағасы 3,5 бөлік құрайды. Ал етік пен мәсінің бағасы 1+3,5=4.5 бөлік болады.

  2. Бір бөлікке қанша ақша төлейді, яғни мәсі қанша тұрады? 657:4,5=146 (тг)

  3. Етік қанша тұрады? 146:3,5=511 (тг)

Жауабы: Етік – 511 тг, мәсі – 146 тг тұрады.
ІІ тәсіл. (Алгебралық тәсіл) Алмастыру тәсілі.
Шешуі: х тг – мәсінің, ал у тг – етіктің бағасы болсын. Онда есептің шарты бойынша жүйе құрамыз:

Жалпы жүйені шешудің үш тәсілі бар. Олар қосу, алмастыру және графиктік тәсілдер.
Бұл жүйені алмастыру тәсілімен шығарайық. (2) теңдеудегі у-тің мәнін (1) теңдеуге қойып х-ті табамыз, яғни

Жауабы Етік – 511 тг, мәсі – 146 тг тұрады немесе (146; 511)
ІІІ тәсіл. Қосу тәсілі.

Жауабы: Етік – 511 тг, мәсі – 146 тг тұрады.
2-есеп. 3 кг алма мен 2 кг өрік 96 теңге тұрады. Өріктің килограмы 2 теңгеге арзан. Алма мен өріктің бағалары қандай?
І тәсіл.

  1. 3 кг алмаға қанша артық төленді? 2×3=6 (тг)

  2. Тек өрік алса, қанша төлеу керек? 96-6=90 (тг)

  3. Неше кг өрік алуға болады? 3+2=5 (тг)

  4. 1 кг өрік қанша тұрады? 90:5=18 (тг)

  5. 1 кг алма қанша тұрады? 18+2=20 (тг)

Жауабы: өрік 18 тг, алма 20 тг тұрады.
ІІ тәсіл.

  1. 2 кг өріктің орнына 2 кг алма алса, тағы қанша төлеу керек? 2×2=4 (тг)

  2. Сонда неше кг алма болады? 3+2=5 (тг)

  3. 5 кг алмаға қанша төлеу керек? 96+4=100 (тг)

  4. 1 кг алма қанша тұрады? 100:5=20 (тг)

  5. 1 кг өрік қанша тұрады? 20-2=18 (тг)

Жауабы: өрік 18 тг, алма 20 тг тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет