Тақырыбы: Логикалық есептердің шығарылу жолдары



Дата14.09.2022
өлшемі98,11 Kb.
#39101
Байланысты:
Логикалық есептерді шығару жолдары

Тақырыбы:

Логикалық есептердің шығарылу жолдары

Ағаш егу, ағаш кесу мәселелері

  • Аралығы 2 метрден 10 метр жерге неше ағаш егуге болады?
  • 10 метр ағашты 2 метрден неше рет кеседі?

Шығару жолы:

  • 1- есепті шығаратын болсақ, аралығын 2 м етіп алғанда, екі шетіне егілетіндіктен ,
  • 10 : 2 + 1 = 6 ағаш егуге болады.
  • 2- есепте
  • Ағаштың екі шетін кеспейтіндіктен, оны 10 : 2 – 1 = 4 рет кесуге болады.
  • Кейде осындай есептерді «Ағаш егу мәселесі» деп те атайды.

Ағаш егу мәселесінде маңызды 3 элемент бар:

  • 1) Ағаш егетін барлық арақашықтық
  • 2) Түпаралық (көршіліс екі ағаштың арақашықтығы)
  • 3) Ағаш саны

Ағаш егу мәселесінде егетін ағаштар санын мына формуламен есептеуге болады:

  • Ағаш сaны = бүкіл қашықтық : түпаралық +1
  • Ағаш кесу мәселесінде:
  • Кесу саны = бүкіл ұзындық : бөлік ұзындығы – 1
  • Егер, екі шетіне ағаш ексек, онда:
  • Ағаш саны = бөлік саны + 1
  • Егер, бір шетіне егіп, бір шетіне екпесек, онда:

    Ағаш саны = бөлік саны

    Егер, екі шетіне ағаш егілмесе, онда:

    Ағаш саны = бөлік саны - 1

Есептер:

  • Ұзындығы 500 м аралыққа түп аралығы 4 метрден ағаш ексе, неше ағаш отырғызуға болады?

Шешуі:

  • Айтылған формула бойынша:
  • 500 : 4 +1 = 126

Есеп №2

  • Бір ағашты 4 бөлікке бөлу үшін 12 минут уақыт кетсе, 8 бөлікке бөлу үшін қанша уақыт кетеді?

Шешуі:

Есеп №3

  • Бесінші қабаттан түсіп келе жатқан Арман 100 баспалдақ санады.
  • Егер ол екінші қабаттан түсіп келе жатса, неше баспалдақ санар еді?

Шешуі:

  • Бірінші қабатта баспалдақ болмағандықтан, бесінші қабатқа дейін 4 аралық бар. Яғни, әр қабатта : 100 : ( 5 – 1) = 25 басп
  • Ал бірінші қабатта екінші қабатқа дейін 1 ғана аралық болғандықтан, екінші қабатқа дейін
  • 25 х ( 2 – 1) = 25 басп

Есепте:

  • Ұзындығы 1000 м жолдың бір жақ жиегіне арасы 5 метрден ағаш егілсе, барлығы неше ағаш отырғызуға болады?

Шешуі:

  • 1000 : 5 + 1 =201

Қосынды – айырма мәселесі

  • Екі қорапта 42 кг апельсин бар. Бірінші қорапта , екіншіге қарағанда 8 кг кем. Әр қорапта неше кг апельсин бар?

Кескіндеу тәсілі:

  • + 8 кг 42 кг

Шешу жолы:

  • ( 42-8 ) : 2 = 17( кг) – 1 қ
  • 17 + 8 = 25 ( кг) – 2 қ

Мұндай есептердің екі шешу тәсілі бар:

  • 1) Кем шамаға теңестіру
  • 2) Артығына теңестіру тәсілі

Есепте:

  • Бір сан екінші саннан 113- ке артық, ал екеуінің қосындысы 337 – ге тең. Сандарды тап.
  • Бір сан екінші саннан 244 – ке кем. Ал екеуінің қосындысы 566- ға тең. Сол сандарды анықта.
  • Екі сөреде 84 кітап бар. Егер бір сөреден 12 кітап алсақ, онда екі сөредегі кітаптар саны тең болады. Әр сөреде неше кітап бар?

Еселікке байланысты есептер. Қосынды -еселік мәселесі

  • Мектеп 360 кітапты 2 және 3 сыныпқа бөліп бермекші. 3- сыныпқа бөлінген кітаптар саны 2- сыныпқа бөлінген кітаптар санынан 2 есе көп. 2 және 3 – сыныптардың әрқайсысына қанша кітаптан бөліп бергенін анықта.

Сызбамен көрсетсек:

  • 2 сынып
  • 3 сынып 360 к

Шешуі:

  • Мына формула бойынша шығарылады:
  • Кіші сан = қосынды : ( 1 + еселік)
  • 360 : (1 + 2) = 120

    120 х 2 = 240

Жаттығу есептері:

  • 1. Ұлан мен әжесінің жастарының қосындсы 64- ке тең. Әжесінің жасы Ұланның жасының 7 есесіндей. Әрқайсысының жастарын анықта.
  • 2. Екі бөлік жердің жиынтығы 320 гектар. Бірінші бөлік жер екіншісінен 3 есе артық. Әр жер қанша гектар екенін тап.

Артық қалу , жетпей қалу

  • Бір қорап кәмпитті әр балаға 6- дан берсе, 36 кәмпит артық қалады, 8 - ден бөліп берсек , 4 кәмпит жетпей қалады. Балалар нешеу? Кәмпит саны қанша?

Талдау

  • Бұл есептің ерекшілігі белгілі сан шамасындағы кәмпитті белгілі сан шамасындағы балаларға үлестіріп беру. Екі рет үлестіргенде біріншісінде 36 кәмпит артық қалады, екінші ретінде 4 кәмпит кем қалады. Артық қалған сан мене жетпей қалған сан берілген.
  • Кәмпит санын бөлуге қтысқан адам санын табу керек. Ол үшін заттар айырмашылығын үлестіру айырмашылығына бөлу керек. Бұл «Айырмашылығын айырмашылығына бөлу тәсілі» деп те аталады.

шешуі:

  • Балалардың саны:
  • (36 + 4) : (8 – 6) = 40 : 2 = 20
  • Кәмпит саны:
  • 6 х 20 + 36 = 156
  • Барлық шамалар айырмашылығын : үлестірім айырмашылық шамасына = адам саны

Есеп

  • Оқушылар ағаш екпекші еді. Әр оқушы 9 ағаш ексе, 25 түп жетпей қалады. Әр оқушы 6 ағаштан ексе, 7 түп жетпей қалады. Оқушы нешеу? Ағаш нешеу?

Шешуі:

  • Екі рет жетпеу мәселесі. Көбінен де жетпей қалу, азынан да жетпей қалу.
  • Оқушы саны:
  • ( 25 – 7) : ( 9 – 6) = 18 : 3 = 6
  • Ағаш саны:
  • 9 х 6 – 25 = 29

Есепте:

  • Апай 5 кг сәбіз алса, 250 тг артық қалады, 7 кг сәбіз алса, 110 тг жетпей қалады. Сәбіздің 1 кг қанша теңге тұрады? Апайда неше теңге бар?

Ойлан

  • 16 қабатты үйде 4 кіреберіс бар, әр кіреберістің әр қабатында 4 пәтерден бар. №165 пәтер нешінші кіреберісте және нешінші қабатта орналасқанын анықта.

Шешуі:

  • 4 х 4 = 16 (п) – 1 қабатта
  • 165 : 16 = 10 (5 қ)
  • Онда, 165 пәтер 11 қабат, 2 кіреберіс, 1 пәтер.

Рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет