Тақырыбы: Лямблиоз Орындаған: Көбек Ә.Қ



Дата18.11.2023
өлшемі352,25 Kb.
#124432

Тақырыбы: Лямблиоз

Орындаған: Көбек Ә.Қ 

Жоспар 

Кіріспе

  • Анықтама
  • Тарихи мәліметтер
  • Этиологиясы
  • Негізгі Бөлім

  • Патогенез
  • Эпидемиология
  • Клиникалық көріністер
  • Қорытынды

  • Диагностика 
  • Ем
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Лямблиоз - Lamblіa іntestіnalіs қоздыратын, фекальды – оральды механизм арқылы берілетін, латенттік және жедел түрлерінде өтетін, көбінесе ащы ішектің зақымдануымен сипатталатын антропонозды ауру.

Тарихи мәліметтер

  • Ең бірінші аурудың қоздырғышын іші өтіп жүрген балалардың ішегінен бөліп алған орыс ғалымы Д.Ф.Лямбль (1859 ж.) болады. 1888 ж. француз ғалымы Бланхард қоздырғышты лямблия деп атауды ұсынған.

Этиологиясы

  • Қоздырғышы – Lamblіa іntestіnalіs (Gіardіa). Вегетативті және цисталық түрлері бар. Вегетативті түрі – трофозоит, алмұрт тәрізді: алдыңғы бөлігі дөңгелек, артқы бөлігі үшкір құйрықты болып келеді. Трофозоит ұзындығы 9-18 мкм, ені 5-10 мкм. Вентральді бөлігінде түтік тәрізді фибрилден тұратын «сорғыш дискі» болады. Денесі цитоплазмалық мембранамен жабылған. Ядросында ірі кариосома мен біркелкі хромосома жиынтығы болады. 4 жұп талшығы болады: алдыңғы, бүйір, орталық, құйрықтық, олар 2 симметриялы топта жиналады. Лямблиялардың энергетикалық алмасуы анаэробты типпен жүреді. 
  • Цисталар дұрыс емес сопақша пішінді, ұзындығы 8-14 мкм, ені 6-8 мкм. Екі контурлы тығыз қабығы, екі немесе төрт ядролары, ұзын талшықтар түйіні болады. Сыртқы ортада төзімсіз.

Негізгі бөлім 

  • Патогенез
  • Белсенді «қабырғалық» асқорыту жүретін ащы ішектің микробүрлерінің (микроворсинка) щеткалы жиегінде орналаса отырып, трофозоит орталық талшығының көмегімен сорғыш дискісімен қоректік заттардың гидролиз өнімдерін сорып алады. Паразиттердің көпшілігі ащы ішектің бастапқы бөлігінде болады, ортасында азаяды, ал дистальды бөлігінде бір-бір түрден кездеседі. Ішектің эпителиальді жасушаларының микрожарақаттанулары болады.

Эпидемиология

  • Инфекция көзі – адам. Минимальды жұқтыру дозасы 10-100 циста. Науқас заладанғаннан кейін 9-12-нші күндерден бастап цисталарды сыртқы ортаға бөледі. Цисталардың бөліну белсенділігі диарея басылғаннан кейін өршиді, осы кезеңде 1 г нәжісте 1,8 млн. циста анықталады. Берілу механизмі фекальды-оральды. Берілу жолдары: алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық-қатынастық. Негізгі берілу жолы - су арқылы. Цисталар суда ұзақ уақыт бойы сақталады (4-20◦С температурада 3 айға дейін). Цисталар хлорға тұрақты. 

Клиникалық көріністер

  • Ең жиі кездесетін симптом: асқорыту жолының жоғарғы бөлігінің қызметінің бұзылуы, негізінен асқазан (48%), сирек ащы ішектің асқорытуы симптомдары (35%), сирек өт бөлу жүйесі (19%). Лямблиоздың ішектік түрінің ерте кезеңіне тән симптомдар: айқын диспепсиялық синдром, кекірік, қыжыл, тәбеттің төмендеуі, ішекте толғақ тәрізді ауыру сезімі, ішектің кебуі, құрылдауы. Науқастың тілі жабындымен жамылған, эпигастрий аймағында ауыр сезімі анықталады. Энтерит пен стеаторея көріністері болады. Нәжіс тәулігіне 3-4 рет, сулы консистенциялы, жағымсыз иісті, көпіршіктенген болады

Диагностика

  • Лабораториялық әдістің негізгі жолы – нәжістен, дуоденальді ішектен микроскопия арқылы вегетативті түрлерін, цисталарын анықтау. ИФА жүргізуге болады, бірақ бұл әдіс паразитологиялық зерттеу арқылы дәлелденуі тиіс.

Емі

  • Лямблиозға қарсы препараттар: 
  • 1. Метронидазол 0,25 г. х 3 рет, 5-10 күн. 
  • 2. Тинидазол 2 г. ауыз арқылы бір рет, балаларға 50-75 мг/кг 
  • 3. Макмирор 400 мг х 2-3 рет, 7 күн, балаларға 15 мг/кг х 2 рет, 7 күн. 
  • 4. Альбендазол (немазол) балаларға 10 мг/кг, 7 күн, ересектерге 400 мг х 2 рет, 7 күн. 
  • 5. Тиберал 1,5 мг 2 күн. 6. 
  • Нимморазол, орнидазол, секнидазол.

Қолданылған әдебиеттер

  • А.Қ. Дүйсенова Жұқпалы аурулар Алматы 2019 ж
  • https://idoctor.kz/illness/1964-lyamblioz
  • https://www.istockphoto.com/photo/giardia-intestinalis-protozoan-gm1076736652-28836759


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет