Тақырыбы: Медицина философиясы. Деонтология Орындаған: тфп21-009 Қабылдаған: Муканова Б. А



бет1/3
Дата22.04.2023
өлшемі336,81 Kb.
#85642
  1   2   3

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Медицина философиясы. Деонтология
Орындаған: ТФП21-009
Қабылдаған: Муканова Б.А
Алматы 2023
Жоспар
  • Медициналық этиканың принциптері
  • Дәрігерлік деонтология
  • Медициналық этика
  • Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі
  • Медициналық этиканың қазіргі заманғы ережесі
  • медициналық этиканың аспектілері
  • Медициналық этика негізгі бағыттары
  • Дәрігер мен науқас
  • Дәрігер және қоғам

Қазіргі кезде медициналық этиканың принциптері биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды.

Қазіргі кезде медициналық этиканың принциптері биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды.

Қазіргі таңда «биомедициналық этика» үш түрде немесе модельде беріледі:

1. Гиппократ модельі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян келтірме». Дәрігер пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді. Медицина атас Гиппократпен тұрақтанған дәрігерлік принцпі (460-377жж.), қазіргі таңда белгілі «Антта» көрсетілген.

2. Парацельс модельлі (1493-1541 жж.) – «Қайырымдылық жасау», орта ғасырларда пайда болған. Оның негізгі мағынасы емдеудің барлық процессін құрайтын дәрігердің пациентпен контактісі болып табылады.

3. Деонтологилық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж құрылған. (авторы Петров). Негізгі принцпі «міндетті орындау».

4. Биоэтика – дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі принцпі «адамның құқығын және мәртебесін сыйлау».


ДӘРІГЕРЛІК ДЕОНТОЛОГИЯ
Әрбір тарихи кезенде әділет, абырой мен парыз ұғымдарында өзінше түсінік қалыптаскан. Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа дарытудың бай тәжірибесін менгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Медицинаға да әлеуметтік-саяси кұрылысқа байланысты қалыптасатын өзіндік ахлаки және адамгершілік жосындар тән болмақ. Көне замандардан бері дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптар мен ахлақи жосындардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан.
XIX ғасырда медицинаның деонтологиялық мәселелеріне Ресейде де үлкен маңыз беріліп, алдыңғы қатарлы орыс дәрігерлері /М.Я.Мудров, Н.И.Пирогов, С.П.Боткин т.б./ өз еңбектерінде дәрігерлік тәжірибенің моральдық-этикалық жақтарына, дәрігердің қоғам алдындағы, мұқтаж ауру кісі алдындағы борышы туралы өте бағалы пікірлер айтты. 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін медициналық жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан дәрігерлер «Факультеттік уәде» /факультетское обещание/ қабылдап, оның өз тәжірибесінде мұқият сақталуын қамтамасыз етіп отырды.
1917 жылы Ресей Империясында болған төңкеріс, соның нәтижесінде өмірге келген Кеңестер Одағы және онда үстемдік еткен Коммунистік идеология медицинаның деон-тологиялық мәселелерінің дамуына үлкен әсер етті. Медици-наның бұл тұстағы моральдық, этикалық, деонтологиялық мәселелерінің даму барысы-оған Советтік мемлекеттік құры-лыстың, коммунистік идеологияның тигізген әсерлері, әзірге жабулы, зерттеусіз мәселелер. Бұндай зерттеулер — алдағы уақыт үлесі, келешек моралист зерттеушілердің азаматтық борышы.
Медициналық қызмет этикасы
Медициналық этика ( лат. еthica, грек тілінен алғанда ethice - адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология ( грек deon- парыз; термин «деонтология» соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), - медицина қызметкерлерінің өз кәсіби міндеттерін орындау барысындағы қағидалар мен этикалық нормалар жиынтығы.
Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Ертедегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай қолжазбаларында дәрігерлер, олар-дың жұмыстары және оларға қойылатын талаптар жөнінде мәліметтер кездеседі, Осы тұрғыда медицинаның моральдық — этикалық жақтарын зерттеушілердің көпшілігі жаңа дәуірге дейінгі V — IV ғасырлар шамасындағы Үнді халық эпосы «Аюр-Веды»-ны мысалға келтіреді /С.С. Юдин, 1967, И.А. Кассирский, 1970, Э.П. Чеботарева, 1970, Б.В. Петровский, 1988 т.б./. Осы ерте ғасырлар куәсінде сол түстағы қауымның дәрігерлер жөніндегі көзқарасы берілген. Дәрігерлердің негізгі рухани, адамгершілк қасиеттері ретінде өзгеге жаңашырлық, тілектестік, төзімділік, ұстамдылық сияқты сипаттар көрсе-тілген. Дәрігерлердің ең басты міндеті ауру адамның өмірден үмітін үзбеу, сұрқостан айығып кететіне күмәнсіз сендіру деп көрсетілген. Бұлай болуы заңды да.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет