МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
НУО КАЗАХСТАНСКО
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
Тақырыбы:
Медицинада қолданылатын электрофизикалық емдеу тәсілдері. УЖЖ-терапия.
Галванизация және электрофорез
Мақсаты:
1.ЖЖ, УЖЖ және АЖЖ өрістердің әсерінен ұлпалардың қызу механизмін оқып үйрену
2. Ультражоғары жиілік (УЖЖ) аппаратының жұмыс
істеу принципімен танысу
3.
Тұрақты токтың әсерінен ұлпалардың қызу механизмін оқып үйрену
4. Гальванизация аппаратының жұмыс істеу принципімен танысу
Оқытудың міндеті:
1.
УЖЖ –терапия аппаратының блок схемасын және қолданылуын түсіндіріңіз.
2.
УЖЖ-терапия аппаратымен алғаш жұмыс жасауды үйрену (жерге жалғануды тексеру, қосу,
электродтарды орналастыру, терапевикалық контурды резонансқа келтіру).
3.
ЖЖ, УЖЖ және АЖЖ өрістердің әсерінен ұлпалардың қызуының биофизикалық механизмін
түсіндіре алуды үйрену
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.УЖЖ-терапия аппаратының құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі.
2. ЖЖЖ электр өрісінің электролиттерге және диэлектриктерге әсері
3. УЖЖ электр өрісінің электродтар
арасындағы таралуы
4. Терапевтикалық контурдың қолданылуы, оның схемасы
5. Терапевтикалық контурдағы айнымалы сыйымдылықты
конденсатордың қолданылуы
6. АЖЖ-өрістің әсерінің ерекшелігі (микротолқындық терапия)
7. Гальванизация аппаратының құрылғысы және оның жұмыс істеу принципі.
8. Гальванизацияның физикалық негізі
9. Тұрақты токтың ағза ұлпаларына әсері
Оқыту әдісі
- Шағын топпен жұмыс
Дидактикалық блок:
Ультрадыбысты, жоғары және ульрадыбыстық жиілік диапазонында медициналық аппараттардың
үлкен топтары жұмыс істейді (электромагниттік тербелістер және толқындар генераторы).
Электромагниттік тербелістер биологиялық денеге әсер еткенде ағзада жылу бөлініп шығады.
Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу және өткізу токтары пайда болып, зат
алмасу үрдісі жақсарады. Осы мақсатта медицинада ультражоғары
жиілікті аппарат көптеген
ауруларды емдеу үшін қолданылады. Физиотерапевтік бұл әдіс - УЖЖ-терапия әдісі деп аталады.
УЖЖ-терапия сүйек және қан тамырларындағы қабыну процесстерін, невралгияны, бронхиальды
астманы және басқа да ауруларды емдеуде қолданылады.
УЖЖ-терапия –ультра жоғары жиілікті (30-300 МГц) айнымалы электр өрісімен ұлпалар мен
мүшелерге әсер ететін,кең тараған физиотерапевтік әдіс.
УЖЖ электр өрісінің физиологиялық әсері айнымалы электр өрісінің ағза ұлпаларының
молекулалары мен иондарына әсеріне негізделген.
Нәтижесінде,ұлпалардан биохимиялық және
физиологиялық процестерді активтендіруге алып келетін жылу бөлініп шығады.
Бөлінетін жылу ұлпалардың диэлектрлік өтімділігіне,
меншікті кедергісіне және
электромагниттік тербелістердің жиілігіне тәуелді. Сәйкес жиіліктерді таңдай отырып, керекті
ұлпалар мен мүшелерден жылу бөлінуді жүзеге асыруға болады.
УЖЖ өрісте электрометтерді қыздыру иондардың қозғалыс нәтижесінде болады, яғни ток
өткізгіштіктің. Ток энергиясы ішкі энергияға айналады. Электрометрден
бөлініп шығатын жылу
2
1
E
Q
, мұндағы
E
- электр өрісінің кернеулігі,
-электрометтің меншікті кедергісі.
Электр өрісінің ЖЖ әсерінен диэлектрикте дипольдік молекулалардың үздіксіз
ориентациясы болады.
Диэлектриктегі жылу мөлшері
2
2
E
Q
tg
0
мұндағы
- циклдік
жиілік,
- диэлектрдің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі,
Е- өріс кернеулігі,
- диэлектрлік
шығын бұрышы.
Ағзада электролит пен диэлектриктің қасиеттері бар ұлпалар бар, сондықтан УЖЖ өрістің
әсерінен ұлпалардан бөлінетін жылу мөлшері
2
1
Q
Q
Q
40,58 МГц жиілікте диэлектриктің
қыздырылуы электролиттерге қарағанда қарқынды.