Тақырыбы: Мектептегі инновациялық процестерді басқару



бет1/5
Дата14.03.2022
өлшемі48,89 Kb.
#27948
  1   2   3   4   5

Тақырыбы: Мектептегі инновациялық процестерді басқару

Мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейімен анықталатыны белгілі. XXI ғасыр — жаһандық жаңалықтар мен білімнің дəуірлеу ғасыры, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ əлемдік нарықтағы, əлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айырықша маңызды рөл атқарады.

Жоғары білімді дамыту процесі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің əлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру жəне ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылады.

Жоғары оқу орындарының білім деңгейін көтеру үшін оқу процесінде педагогикалық инновацияларды кеңінен енгізіп, барлық ұйымдастырушылық, білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тың жолдарын, əдіс-тəсілдерін қалыптастыру қажет. Ол үшін білім беру жүйесінің мазмұны жаңа міндеттермен толықтырылып, өмір талабына сай жаңаша саналы тəрбие, сапалы білім берілуі керек.

Осыған орай педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тəрбие үдерісінде тиімді пайдалана алатын мұғалімдерді дайындау оларды кəсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі жəне педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудағы іс-əрекеттің нəтижесі болып табылады.

Осы айтылғандардың барлығы жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлауда инновацияны пайдалану ерекше мəнге ие болып отырғандығын байқаймыз.

Жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту — таным əрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Инновациялық технологияларды тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тəрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр.

Жаңа енгізілген, немесе инновация, адамның кəсіптік қызметінің бəріне де тəн болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың жəне тəжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми əдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тəжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан, ол басқаруды қажет етеді. Педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде жоғары оқу орындары, оқытушылар, мектеп директоры, мұғалімдер мен тəрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан, дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдік жəне жетекші педагогикалық қызметті іске асыру оқытушының еншісінде қалып отыр. Оқу-тəрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тəрбиеші кеңесшінің, ақылшының жəне тəрбиешінің қызметін одан əрі игеруде. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау жəне іске асыруға дайындық қалыптасады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет