Компьютерлік желілерді жіктеу. Компьютерлік желілердің функционалды түрлері: жергілікті, глобалды, корпоративті



бет1/4
Дата19.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#95163
түріПрограмма
  1   2   3   4

Компьютерлік желілерді жіктеу. Компьютерлік желілердің функционалды түрлері: жергілікті, глобалды, корпоративті
 
Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан батыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара апарат алмасуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі бір - бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған, компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады. Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.
Бір рангілі желілер. Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда, олар тең деп аталады. Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар. Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж. Оларға қарама-қайшы жұмыс станциялары немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады, олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.
Сервер – басқа компьютер-клиентке (жұмыс станциясына) қызметін ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге қосылған принтерлерге, факстарға, серверде тұрған мәліметтер базасына жетеді.
Желілердің түрлері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі. Шағын ауқым әдетте “жергілікті есептеу желісі” (Local Area – LAN) терминімен байланыстырылады. Үлкен ауқымдар – “аймақтық есептеу желісі” (Metropolitan Area Network – MAN) және “ғаламдық есептеу желісі” (Wide Area Network – WAN) терминдерімен байланысты.
Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен анықталады:
 Желінің ақпараттық және программалық ресурстарын бірлесіп қолдануды қамтамасыз ету;
 Мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Мысалға жергілікті желінің барлық қатысушылары басудың жалпы құрылғысын (желілік принтер), не болмаса бір ерекшеленген компьютердің (файлдық сервердің) қатқыл дискінің ресурстарын бірлесе қолдана алады. Бұл программалық және ақпараттық қамтамасыз етуге де қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет