Тақырыбы: Қоректік орталарды дайындау Сабақтың мақсатты



бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі17,54 Kb.
#129558
түріСабақ
  1   2   3   4

Тақырыбы: Қоректік орталарды дайындау
Сабақтың мақсатты: Зертханалық ыдыстарды және мақталы тығындарды әзірлеу. Ет суын және ет-пептонды сорпасын (ЕПС), ет-петонды агарын (ЕПА) дайындау. Қоректік орталардың рН-ын колориметриялық және басқа да тәсілдермен анықтау. Стерильдеу тәсілдерімен танысып, дайындалған қоректік орталарды бу стерилизаторында стерильдеу және олардың стерильділігін термостатқа қою арқылы бақылау. Бу стерилизаторының, Кох аппаратының, кептіргіш шкафтың, Зейтц сүзгішінің және т.б. құрылысы мен істеу тәртібімен танысу.
Жабдықтар мен материалдар. Еттің суын дайындауға арналған ыдыс, 1000С-қа дейінгі бөліктері бар термометр. Аралыстыруға арналған шыны таяқшалар. Ет тартқыш, ет, пышақ, дәке, мақта, воронка. Эрленмейердің сыймдылығы 1 литрлік екі колбасы, 500 мл-ге дейінгі бөліктері бар мензуркалар мен цилиндрлер. Электр және газ плиталары. ЕПС мен ЕПА дайындау үшін: әр студент үшін сыймдылығы 250 мл Эрленмейер колбасы, 100-200 мл-лік мензуркалар. Тығындарды дайындауға арналған мақталар. Сүзгіш қағаздар. Воронкалар. Қоректік орталарды дайындау рецептері. Екі үш таразы. Пептон, натрий хлориды (ас тұзы), агар-агар, фарфордан немесе пластиктен жасалған қасықшалар. рН метр, 10% натрий гидроокисінің ерітіндісі. Шаюға және рН анықтауға арналған дистильденген су (екі стаканда 200 мл-ден), 0,1; 1; 10 мл-лік пипеткалар. Бу стерилизаторы, Кох аппараты, кептіргіш шкаф (Пастер пеші), Зейтц сүзгіші, су стерилизаторлары және басқа жабдықтар. Студенттер ет суын, ЕПС, ЕПА дайындаған соң шыны түтіктерге құйып (3-4 мл), стерильдейді.
Микроорганизмдердің қоректенуі. Жасуша ішіне сыртқы ортадан енген қоректік заттардан жаңа заттардың түзілуі немесе олардың ыдырауы күрделі биохимиялық процестердің көмегімен іске асып отырады. Микроорганизмдер табиғатта қоректік заттарды өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан немесе тірі жасушалардан алады.
Зертханаларда микроорганизмдерді өсіру үшін арнайы әзірленген қоректік орталар қолданылады. Оларды өздерінің құрамына қарай табиғи (сүт, сарысу, жұмыртқа, ет, картоп, бұршақ, сәбіз, т.б.) және жасанды қоректік орталар деп екіге бөлінеді. Жасанды қоректік орталар арнайы рецептер бойынша дайындалады. Олар жануар текті (ЕПС, ЕПА, ЕПЖ) және өсімдік текті (сыра суслосы) болып екі топқа бөлінеді. Барлық микроорганизмдер бір ғана қоректік ортада өсе бермейді. Әр организм өзінің өсіп дамуына арнайы құрамы бар қоректік ортаны керек етеді. Берілген бір ғана микроорганизмнің түрін өсіруге арналған қоректік орталарды элективті (таңдаулы) орталар деп атайды. Дайындалған орталарды құрғақ, салқын орындарда ұстайды, қоректік орталарға арналған ыдыстарды (шыны түтіктерді) жақсылап жуып, нейтралдап, кептірген соң бу стерилизаторында немесе кептіргіш шкафта стерильдейді (160-1700С). Мақталы тығындарды қолмен немесе тығын жасағыш қондырғы көмегімен әзірлейді. Қолданылған тығындарды әуелі кептіреді, сонан соң стерильдейді. Мақталы тығындар құрғақ және шыны түтікке жақсы үйлестірілген болуы керек. Дымқыл жерде олар ылғалды тартып алып, зең саңырауқұлақтардың өсуіне жағдай туғызады. Бұл саңырауқұлақтар және басқа микроорганизмдер шыны түтіктің ішіне түседі де, қоректік ортаның стерильділігін бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет