Тақырыбы: Орындаған: Ибадуллаева Салтанат Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы



бет1/6
Дата26.06.2023
өлшемі38,57 Kb.
#103468
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы:
Орындаған:Ибадуллаева Салтанат
1.Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы.
XX ғасырдың басында жерін ,ұлтын қалтқысыз сүйгені үшін елінен жырақта өмір сүрген алаш арыстарының бірі – Мұстафа Шоқай. Бүкіл саналы ғұмырын ұлтының тәуелсіздігі үшін күреске арнаған Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы сәттеріне дейін Қазақстан мен Түркістанның қоғамдық-саяси өмірін жан-жақты әрі терең зерттеп, осы мәселелер жөнінде ғылыми-танымдық және саяси қолданбалы еңбектер қалдырды. Соның бірі «1917 жыл туралы естеліктер», «Яш Түркістан» (1929-1939 ж.ж) журналында жарияланған ғылыми-зерттеу еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Бүгінгі күні олар еліміздің ұлт-азаттық қозғалысы тарихының аса маңызды дерек көздерін құрайды.
«1917 жыл туралы естеліктерінде» М.Шоқай 1917 жылғы қос революция тарихына, олардың Қазақстан мен Түркістанға тигізген ықпалы жөнінде салиқалы талдаулар жасаған. Қос революция аралығындағы өлкенің қоғамдық-саяси өмірінің ерекшеліктері, ұлттық тәуелсіздік идеясының пайда болуы және оны жүзеге асырудағы қиыншылықтар, Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы мен күйреуінің тарихы, ұлт-азаттық қозғалысқа тән әр түрлі ағымдар, уақытша үкімет пен жергілікті ұлттық-демократиялық интеллигенцияның арақатынастары, буржуазияшыл демократия мен пролетариат диктатурасының саяси формасы болған кеңестердің текетірестері мен қарулы қақтығыстары туралы саяси-тарихи тұрғыда аса білгірлікпен саралайды. 1917 жылдың бірінші жартысындағы жағдайға баға бере келіп, Мұстафа Шоқай: «Тәуелсіздікке деген ұлттық ынта мен талпыныстың, олардың әлеуметтік-экономиялық және қоғамдық-саяси негізі болмаса, шын мәнінде азаттыққа қол жеткізу мүмкін емес» деген ой түйеді.
XX ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының аграрлық отарлық шет аймағы болды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді; «Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі тіпті, керек емес нәрселерге жұмсалады… Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды». Қазақстанның барлық қалалаларында 17 қазандағы Манифеске арналған саяси шерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайылды. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы т.б. манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан да, қазақтардан да шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Бұл күндерде Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов, Бекметов пен Ж.Ақбаев және т.б. ерекше белсенділік көрсетті. 1905 жылдың күзінде Ж.Ақбаев Павлодар – Қарқаралы бағыты бойынша үгіт жүргізу сапарына шықты. Осы сапар барысында ол қарашаның жетісінде Павлодарда болған митингіде бостандық идеясын уағыздаған және жергілікті әкімшілікті қайта сайлауды талап етіп сөз сөйледі, ол осы мазмұнды сөздерді қарашаның 11-де Баянауылда көп адам қатысқан жиналыста да айтты. Ә.Бөкейханов былай деп жазды: Ол туған қаласы Қарқаралыға қарашаның ортасында жетті. Полиция басқармасының қарсы алдындағы бірден-бір алаңда дереу митингі ұйымдастырылды». Сөйтіп, 1905 жылғы 15 қарашада әйгілі Қарқаралы оқиғалары басталды, ол мұсылмандардың Құрбан айт мейрамына тұстас келді. Оған жұмысшылармен, қоныс аударған шаруалармен және солдаттармен бірге осы уездің ауылдары мен болыстарынан келген салт атты қазақ жігіттерінің үлкен тобы қатысып митингіде Ж.Ақбаевтан басқа жергілікті ауыл шаруашылығы мектебінің басқарушысы Павел Бельдицкий, штабс капитан М.Бекметов, жергілікті команданың бастығы Гомбинский, полиция бақылауындағы В.Соколов, орманшы Астрейн, оның көмекшісі Глебов, мектеп мұғалімдері – Чемодонов, Митьяшин, бітістіруші судьяның хат жүргізушісі Төлеңгітов және басқалары сөз сөйледі. 
Бұл Қарқаралы оқиғаларының кең әлеуметтік базасы болғанын дәлелдейді. Дегенмен, оларды ұйымдастырушылар қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері: Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, Көлбай Тоғысов, Ережеп Итбаев және басқалар болды. Ж.Ақбаев саяси «бостандықты манифест бойынша патша өз еркімен беріп отырған жоқ, одан күшпен тартып алынды» деп атап көрсетті және халықты отаршылдық әкімшілікке бағынбай, қайта оған қарсы күресуге шақырды.
Халықтың жаппай ереуілінен қорыққан жергілікті үкімет өкілдері демонстрацияға қатысушыларды қуып, тарату үшін қазақтар жүздігін шақырды. Бірақ, әскери команда бастығы офицер Гомбинский жиынды қарумен тарату жөніндегі бұйрықты орындаудан бас тартты. Солдаттар қызыл жалау көтеріп, өздері демонстрацияға қатысушыларға қосылды. Бұл жөнінде уезд бастығы Оссовский Семей губернаторына былай деп телеграмма жолдаған: «Айдалып келгендердің ықпалымен жергілікті команданың рухы түсті. Команда демонстрацияға қатысты. Бастығы революционерлерге жатады». Митингіден кейін, Петербургте 1905 жылы 9 қаңтарда бостандық үшін қаза тапқандарға арнайы дұға оқылды. 
Демонстрацияға қатысушылар «Самодержавие жойылсын!», «Полиция жойылсын!» деп ұрандатып, дала генерал-губернаторының атына болыстардың мекемелерінде іс-қағазы қазақ тілінде жүргізілсін деп жарнама хат жолдады.Кейіннен Қарқаралы оқиғаларының басшылары қуғынға ұшырады, кейбір шенеуніктер жұмыстан босатылды немесе басқа жерлерге ауыстырылды, қалғандары қашып кетті, ал Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды. 
Сонымен, 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы саяси оқиғалар, әсіресе, жұмысшылардың, шаруалардың және зиялылардың бой көрсетулері, ұлт-азаттық қозғалыс және т.б. олардың әлсіздігіне және бытыраңқылығына қарамастан жергілікті еңбекшілер үшін үлкен саяси мектеп болды, бұл тәжірибені олар ұлттық және әлеуметтік азаттық жолындағы бұдан кейінгі күресінде пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет