Тақырыбы: Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе. Онтогенез заңдылықтары.
Тапсырмалар
1. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе.
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәні балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жеке дамуының қалыптасу заңдылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктерін оқытады.
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәні қамтитын ғылымның екі саласы:
физиология - жеке мүшелер және жеке мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастырады);
гигиена - адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайды.
Бұл пәнде өсу мен даму, жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және балалар мен жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктерінен туындайтын мәселелердің жауаптары қараластырылады.
Жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайтын дербес пән. Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам ағзасының жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді.
2. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің басқа ғылымдармен байланысы.
Жасқа сай физиология организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының қызметін зеттейтін, сонымен қатар олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым- адам және жануарлар физиологиясының үлкен бір саласы.
Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы психологиялық- педагогикалық ғылымдар негзін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика т. б. биологиялық және табиғаттану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Әсіресе мүғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болатын, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды
3. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің даму тарихы
Жасқа сай физиологя негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманнан бастап дамығанымен балалардың дене құрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерін зерттеу кейінірек басталған. Нақтырақ ондай зерттеулер тек қана ХУІІ-ХІХ ғасырларда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамып, бір жүйеге келтірілді.
ХІХ ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей бастады. К.Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тірбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.
Алғаш рет 1939 жылы А.Н. Северцев тұжырымдаған, кейіннен П. К. Анохин дамытқан (1949ж) системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйесінің гетерохронды (гетером-әр түрлі, хронос-уақыт) түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды.
Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу заңдылықтарына орыс ғалымдар И. П. Павлов, В.М. Бехтерев, И. А. Аршавский, А. Г. Хрипкова, т.б. ат салысқан.