Тақырыбы: Психрометриялық гигрометр Дайындаған : №14 мектеп – лицейінің мейіргері: Адилова А. А 2023 Гигрометр



Дата21.10.2023
өлшемі25,67 Kb.
#120227
түріРеферат


Реферат




Тақырыбы: Психрометриялық гигрометр



Дайындаған : №14 мектеп – лицейінің мейіргері: Адилова А.А


2023
Гигрометр.
ҚДС министрі 2021 жылғы 16 ақпандағы №19 бұйрығымен бекітілген.
Гигрометр дегеніміз – бұл ауаның ылғалдылығын өлшеу үшін қолданылатын құрал. Гигрометрдің бірнеше түрі бар және бұл олардың жұмыс істеу әдісіне байланысты болады. Гигрометрдің екі негізгі түрі бар: Құрғақ және ылғалды.
Ылғалдылық дегеніміз не?
Ылғалдылық бұл конденсация мен буланудан туындаған су буының мөлшері.
Психрометриялық гигрометр қалай жұмыс істейді?
Гигрометр көрсеткіші ауа температурасы анықталғаннан кейін өлшенеді.
Психрометриялық гигрометриямен жұмыс жасау тәртібі.
Гигрометрдің екі түрі болады.ВИТ-1, ВИТ – 2 .
Екеуінің айырмашылығы.
ВИТ – 1 бойынша салыстырмалы ылғалдылықты 0° С ден + 23° С қа дейін.
ВИТ – 2 +15° С тан +40°С қа дейін ауа температурасын анықтауға болады.
Сондықтан біреуі жылы мезгілде, екіншісі суық мезгілде орналастырамыз.
Психрометриялық гигрометрді қалай өлшейміз?
Гигрометр кесте арқылы анықталады. Гигрометрде екі паласа болады. Оның жоғарғы жағында құрғақ және ылғалдылық көрсетілген.
Ылғалдылық дегеніміз - гигрометрдің артында калумба бар, оның ішіне міндетті түрде дистилировенный су құйылады. Краннан құйылған су болмайды, өйткені калумбаның іші бұзылады.
Ылғалдандырылған термометрдің резервуары матамен оралған, оның соңы суы бар ыдысқа тек ұшымен түсіріліп тұруы қажет. Матадан буланған су термометрден жылу алады. Ылғалданған термометрдің көрсеткіші құрғақ термометрге қарағанда төмен болады.
Матаның түрі сарғайып , қатып жатса ылғалдық көрсеткішін дұрыс көрсетпейді. Егер сарғайған болса өзінің қосалқы матасымен ауыстырылады.
Салыстырмалы ылғалдылық құрғақ психрометриялық кесте арқылы анықталады.
Мысалы: Құрғақ - 23 °С
Ылғалдылық - 18°С
Сонда екеуінің айырымы 23° С – 18° С = 5 болады. Енді көрсеткіштен қарағанда 5 пен 23 ті сәйкестендіреміз. Сонда 58 % ылғалдылықты көрсетіп тұрады.
Мысал 2 : Құрғақ – 24 °С
Ылғалдылық – 19,5 °С
Сонда , екеуінің айырымы 4,5 болады. Енді 24 пен 4,5 ды сәйкестендіргенде 62% көрсетеді.


Оқыған: Адилова А.А

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет