Тақырыбы: Саяси сана және саяси идеология Дайындағандар: Әмір Ақерке Жақсылық Зарина Жаппар Бекзат Жарылқасын Арайлым Жумақанова Аружан



Дата31.12.2021
өлшемі1 Mb.
#22820

Тақырыбы:Саяси сана және саяси идеология

Дайындағандар:

Әмір Ақерке

Жақсылық Зарина

Жаппар Бекзат

Жарылқасын Арайлым

Жумақанова Аружан

Жұмағұл Ақбота

Зинуллина Нұрайна

Ильяс Аружан

Тұрғанбек Ақнұр

Саяси сана деп – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп, сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекетіне бағыт – бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделерімен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.

Саяси сананың нақты тарихи сипатта болуы оның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл, біріншіден, саяси сананы құрайтын түсінік, көзқарастар және т.с.с. нақты өмірдегі саяси болмыстың тұстарының бейнеленуі болып табылады; ал, екіншіден, саяси санада ең алдымен сол нақты қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік жіктің түсініктері мен құндылықтары бекиді. Соңғысы кездейсоқ нәрсе емес. Үстемдік етуші әлеуметтік жік өзінің түсініктері мен көзқарастарын бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, тәрбие жүйесі арқылы және т.б. жолдармен басқа адамдардың санасына енгізеді. Сонымен бірге, саяси санада қоғамдық түсініктер, көзқарастар да бекиді. Сондай-ақ, саяси сана бір мезетте ұлттық және басқа да ерекшеліктермен байланысты барлық түсініктерді, көзқарастарды, құндылықтарды және т.с.с. өзіне қосып алады.

Саяси сананың құрылымы қоғамдық қызметтің әр түрлі салаларын кеңінен қамтиды және жеке тұлғаның саяси процеске қатынасу варианттарын қалыптастырады. Осылайша саяси сана құрылымының, менің көзқарасымша, келесі негізгі компоненттерін гносеологиялық, аксиологиялық және әлеуметтанулық деп бөліп көрсетуге болады.

Саяси сананың гносеологиялық компоненті нақты шындықты сенімді бейнелеуі көзқарасы тұрғысынан саяси сана элементтері арасындағы айырмашылықтарды ашып көрсететінін ерекше атап айтамыз. Басқаша сөзбен айтқанда, саяси сананың гносеологиялық құрылымы саясат әлемінің әр түрлі жақтарын қандай да бір деңгейде бейнелейтін субъектілердің барлық көзқарастарын білім ретінде қарастыруды ұйғарады. Осы аспектіде: саяси шындық пен өтірік, саяси ақыл-ойдың адасуы және саяси әлем құпияларына оның ену күшінің арақатынасы, бейнелеудің мифологиялық, утопиялық және ғылыми типтерінің және т.б. арақатынасы мәселелері қарастырылады.

Саяси сананың әлеуметтік құрылымы саяси сананың барлық элементтерін, олардың алатын орны, сонымен қатар практикада рухани құбылыстарды жүзеге асыру процесіндегі олардың ойнайтын рөліне деген көзқарас тұрғысынан сипаттайды. Бір жағынан алғанда, осы құрылым шеңберінде индивидуальдық, топтық немесе бұқаралық сананың әр түрлі формалары сипатталса, ал екінші жағынан – практика саласына адам ойының мазмұнының ауысу процесінің компоненттері, дәлірек айтқанда: идеалдар, принциптер, нормалар, нұсқаулар, мотивтер және т.б. түсіндіріледі. Саяси сананың жалпы қорытынды компоненттері ретінде саяси идеология және саяси психология қарастырылады. Олардың әрқайсысы саяси өмірде маңызды, аса күрделі ерекшелікті рөл атқарады.

Саяси сананың аксиологиялық құрылымы саяси саладағы рухани құбылыстарды танып білуші субъект үшін олардың тиімді немесе тиімсіздігі көзқарасы тұрғысынан бейнелейді. Басқаша сөзбен айтқанда, осы құрылымда саяси түсініктер алуан түрлі пайымдаулар және баға беру ретінде түсіндіріледі, олар саясатты танушы субъектінің қайсыбір құнды басымдықтарын көрсетеді. Сондықтан сол инститтуттарды, нормаларды, процестерді және өзге де құбылыстарды субъект жағымды бағалауы мүмкін (мысалы, демократиялық көзқарастың өкілі), ал басқаларына (басқа идеяларды және принциптерді ұстанғандарға) жағымсыз болуы ықтимал. Әр түрлі бағалаудың жиынтығы түптеп келгенде саяси сананың бүкіл көлемін толтыратын болады.

Саяси идеология деп- адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтамыз.

Идеология әр түрлі-саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық философиялық т.б. болып келеді. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдар мен пікірлердің жиынтығы жатады

Қоғам өмірінде идеологияның 5 қызметі бар.

1.Танымдық қызметі- саяси жүйені, саяси өмірді суреттеу.

2.Бағдарламалық қызмет-негізгі түсініктер мен адам іс-әрекетіне бағыт-бағдар беру.

3.Жұмылдыру, іске асыру қызметі-мақсат-мүдделерді анықтап, әлеуметтік топты оны іске асыруға жұмылдыру.

4.Амортизациялық қызметі-Саяси іс-әрекетті түсіну мен әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдету.

5.Бағалау қызметі- қазіргі және болашақтағы дамуға баға беру.

Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-тұжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік.

Теориялық-тұжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады.

Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.



Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет