Б в Қазақ тілі тарихын тыңғылықты зерттеген ғалымды белгілеңіз а Ғ. Мүсірепов.ә А. Байтұрсынов б С. Аманжолов



Дата25.04.2023
өлшемі15,02 Kb.
#86736
Байланысты:
Сөз мәдениеті тақырыбы бойынша тест тапсырмасы. 10 сынып


Сөз мәдениеті тарауы бойынша тест тапсырмасы 10 сынып І тоқсан

1.Сөз мәдениеті қамтитын тілдік норманың неше түрі бар?


а) 4 ә) 2 б) 3 в) 1
2. Қазақ тілі тарихын тыңғылықты зерттеген ғалымды белгілеңіз.
а) Ғ. Мүсірепов.ә) А. Байтұрсынов б) С. Аманжолов в) К. Аханов
3. Әдеби тілдің нормаларын белгілеңіз.
А) Лексикалық, орфоэпиялық нормалар.Ә) Морфологиялық, орфографиялық нормалар.б) Грамматикалық, фонетикалық нормалар. В) Синтаксистік, лексикалық нормалар.
4. Орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздерді белгілеңіз.
А) Халықаралық,елтану Ә) Амантай қызы,тәкаппар Б) Көкөніс, жүрек В) Зиянкес,менмендік
5. «Сөздерді орнымен қолдану» белгісі қай нормаға сәйкес келетінін белгілеңіз.
А) Орфоэпиялық норма Ә) Грамматикалық Б) Орфографиялық
В) Лексикалық
6. «Өңін айналдыру, орнын ауыстыру» терминнің баламасын белгілеңіз.
А) Жөнімен ауытқу Ә) Инверсия Б) Орфография
В) Орфоэпия
7. Әдеби норма дегеніміз не?
А) Ресми түрде қабылданған, жалпыға ортақ емле ережесі. Ә)Құлаққа жағымды, көңілге қонымды, буын жігі бұзылмаған сөздер жиынтығы. Б)Ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар,өзіне тән нормаларды сақтау.
В) Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой- пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйе.
8. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөздерді белгілеңіз.
А) Зиаңкес,меммендік Ә) Аппақ,тәкәппар Б) Көгөніс, жүрек
В) Халықаралық,елтану
9. Сөз мәдениеті дегеніміз не? А) Ресми түрде қабылданған, жалпыға ортақ емле ережесі. Ә)Құлаққа жағымды, көңілге қонымды, буын жігі бұзылмаған сөздер жиынтығы. Б) Ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар,өзіне тән нормаларды сақтау.
В)Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой- пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйе.
10. Сөз мәдениеті нешеге бөлінеді?
А) 1 Ә) 2 Б) 3 В) 4
11. Қазақ тілі ... тобына жатады.
а) славян тілдері ә) қыпшақ-ноғай б) парсы тілдері в) араб тілдері
12. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарап, неше салаға бөлінеді? а) 4 ә) 2 б) 3 в) 1
13. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз. A) Отырыс.
Ә) Көкшетау.Б) Көрік. В) Қиян-гескі.
14. Неологизмге тән белгілерді табыңыз.
A) Көнерген сөздер болады.
Ә) Ғылым, техника салаларына телінген сөздер.
Б) Белгілі мекенде қолданылатын сөздер.
В) Жаңа сөздер болады.
15. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қайсы?
А) Синтаксис Ә) Фонетика Б) Лексика В)Фразеология
16. Тілдің көмекші құралдарына нелер жатады?
А) Ымдау, ишарат, көзқарас, қол алысу, дене қимылдары. Ә) Сөз, сөйлем, сөйлесу. Б) Әдемі күлкі, өзі туралы әңгіме. В) Мәтін, ойтолғау.
17.Жалпы адамдардың қарым – қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Тілсіз қатынасты белгілеңіз.
А)Дауыс мәнері, сөзінің жүйелілігі. Ә) Сөз, сөйлем, сөйлесу. Б) Әдемі күлкі, өзі туралы әңгіме. В) Бас изеу, ернін жымқыру, қолын шапалақтау.
18. Қарым – қатынас кезінде түсініспеушілікке әкеліп ұрындыратын басты себепті белгілеңіз.
А)Дауыс мәнері, сөзінің жүйелілігі. Ә) Мұқият тыңдау. Б) Тыңдай білмеу. В) Айшықты, мәнерлі сөйлеу.
19. Қай тілдік нормалар сақталғанда, дауыс мәнері құлаққа жағымды болады?
А) Буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сәйкес орфоэпиялық норманың сақталуы. Ә) Грамматикалық, морфологиялық норманың сақталуы. Б) Орфографиялық, синтаксистік норманың сақталуы.
В) Лексикалық, пунктуациялық норманың сақталуы.
20. «Біркелкі дауысты дыбыстан басталу» дегеніміз?
А)Аллитерация. Ә) Метонимия. Б) Эпитет В) Ассонанс.
Тест тапсырмасының кілті
1. б 6. Ә 11.ә 16.а
2. б 7.в 12.ә 17. в
3.а 8.а 13.в 18.б
4.ә 9.б 14.в 19.а
5.в 10.ә 15.ә 20. в

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет