Тақырыбы: «Шәкәрім поэзиясы – өлең сөздің өрнегі» поэзиялық кеші Дайындаған: «Арнайы техникалық»



бет1/3
Дата20.09.2023
өлшемі161,27 Kb.
#109132
  1   2   3

ЖАҢАӨЗЕН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Бекітемін»
Колледж басшысының
оқу әдістемелік ісі
жөніндегі орынбасары
________ Калимова Ж.Б.
«____» ________ 2023ж.

Тақырыбы: «Шәкәрім поэзиясы – өлең сөздің өрнегі»
поэзиялық кеші

Дайындаған: «Арнайы - техникалық» пәндер бірлестігі


Жауапты: «Арнайы - техникалық» пәндер бірлестігі жетекшісі Бердыбаева Д.О.

Жаңаөзен 2022/23 оқу жылы


Тақырыбы: «Шәкәрім поэзиясы – өлең сөздің өрнегі»
Мақсаты: студенттердің Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру.


Жүргізуші: Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.


1АТП-23Б тобының студенті Ағаділ Еркіннің орындауындағы «Ана» деген әнін қабыл алыңыздар.

Шәкәрім лирик ақын ретінде адамгершілік, өнер – білім, болашақ өмір, жастық пен махаббат туралы жазған өлеңдерімен әдебиет әлемінде өшпестей із қалдырды. Ақын қалдырған асыл қазынаның тақырыптық ауқымын, жанрлық кеңдігін көркемдік ерекшеліктері мен өзіндік тілдік шеберлігін ғалымдарымыз жан – жақты зерттеп, дәйекті тұжырымдап, бүгінгі рухани азығына айналдырып отыр. Шәкәрім бабамыз: «Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгі ұрпақ үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым... Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым» деген екен. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жер жүзіне қарасам», «Иманым», «Бір аллаға сыйынған адам өлмес», «Алты әңгіме», «Сөз жазамын түнімен», «Дүние мен өмір», «Қысқа сөз өлең», «Мен кетемін, келеді тағы өмірге мендей», «Мақсұд», Мәнді сөздерін т.б. шығармалары мен өлеңдері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет