Тақырыбы: Тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, қағидалары, заңдылықтары



Дата16.02.2023
өлшемі22,5 Kb.
#68443

Тақырыбы: Тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, қағидалары, заңдылықтары
Тақырыбы:Тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, қағидалары, заңдылықтары.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру 
үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму 
заңдылығы болып табылады.
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамның еркіне бағыныссыз, тәрбие процесінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс деп білеміз.
Тәрбие жұмысының заңдылықтарына төмендегілер жатады:тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық Қажетін өтеуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелерімен тығыз байланыстылығы.
Тәрбие тұлғаны қалыптастыру барысында басқарылатын, бақыланатын және алдын ала анықталған жоспарға сәйкес саналы түрде жасалатын ұмтылулармен, әрекеттермен байланысты байқалатын үдеріс. Яғни тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру үдерісі.
Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын, бақыланатын, түпкі мақсаты қоғамға қажетті, пайдалы тұлғаны қалыптастыру болып табылатын тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әсерлесуі. Бұрын тәрбиені қоғам мақсатына сәйкес оқушыны тәрбиелеуге мақсатты жетекшілік ету деп қарастырды. Бұл анықтамадағы кемшілікті «өзара әсерлесу» және «жетекшілік ету» ұғымдарын салыстыру арқылы байқауға болады. Әрине, өзара әсерлесу тұлға белсенділігін қамтамасыз етеді, ал бұл тәрбие тиімділігінің бірден-бір шарты.
Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде сипаттайтын белгілер:1. Тәрбие қоғамның әлеуметтік тәжірибені беру қажеттілігінен пайдаболды.2. Тәрбие әрбір қоғамдық-тарихи кезеңдерге сәйкес дамиды, өзгеріпотырады, себебі әлеуметтік тәжірибеде де өзгеріп, жетіліп отырады.3. Тәрбие қоғамдық тәжірибені меңгеру жолымен жүзеге асырылады.
Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде түсіну мынадай фактілерді саналы меңгеруді қажет етеді:
Тәрбие – әлеуметтік тәжірибені мақсатты меңгеру және дамыту үдерісі;Тәрбие адамның қоғамдағы өмірін қамтамасыз етеді;Тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру үшін ересектер мен балалардың саналы қарым-қатынасы жүреді;Тәрбиенің негізгі өлшемі – тұлға дамуының өмір талаптарына сәйкес келуі.
Тәрбиенің басты қызметі – баланы іс-әрекетке тарту, оларға түрлі әрекеттерді жасата отырып, жинақталған адамзат тәрбиесін жаңғырту барысында өзінің қабілеттерін дамыту жағдайларын жасау болып табылады. Демек, тәрбие үдерісінің мәні адамзаттың жинақталған тәжірибесін меңгерту мсақсатында тұлғаны түрлі іс-әрекетке қатыстыру болып табылады.
Тәрбие мақсаты оның мідеттері арқылы нақтылана түседі. Тәрбие міндеттері:
- Тұлғаның таланты, ақыл-ой қабілеттіктері мен денелік дамуына
толық жағдай жасау;
- Адам құқы және оның еркіне деген құрметті тәрбиелеу;
- Баланың ата-анасына, мәдени ерекшелігіне, тіліне, өмір сүріп
отырған елдің құндылықтарына құрметті дәлелдеу;
- Баланы бейбітшілікті түсіну, шыдамдылық, достық және халықтар
арасында өзара түсінісу бар ерікті қоғамдағы саналы өмір сүруге дайындау;
Сонымен, тәрбие үдерісі – қойылған мақсатқа қол жеткізуге
бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әсерлесу болып табылады.
Тұлғаны қалыптастыру үдерісі тәрбиемен ұштаса жүретін өзін-өзі тәрьиелеу мен қайта тәрбиелеу жайлы мағлұматтарды да меңгеру қажет.Тәрбие үрдісі ізгілікке септігін тигізеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу, өзін көтеру), ынтымақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. 
Тәрбие үрдісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде де адамгершшік тәрбиесі күйрейді. Тәрбиеші баланың қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады.
Бұл зандылыққа сөйкес педагог баланың күнделікті басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынасында өзіндік “менін” саналы түрде түсінуге, қабілетін дамытуға, өзінің жасаған қылықтарын ой елегінен өткізіп, бағалай білуге және олардың себеп-салдарының басқаларға да, “өзінің жеке басына да қалай әсер ететінін көре білуіне, өзінің іс-әрекетін қорғаушы ретінде өзін-өзі бағалай білуіне барынша жәрдем етеді.
ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ: 
білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру
Қорытынды
Нәтижелік тәрбие барысында қол жеткізген нәтижелердің қойылған мақсатқа неғұрлым көбірек сәйкес келуімен анықталады. Мінез-құлық пен санадағы байқалатын белгілер тәрбиелік көрсеткіштермен сипатталады. Мұндай көрсеткіштерге жататындар: оқушылардың білімі мен біліктері, ұжымдық және тұлғаралық қатынастардың қалыптасуы, әлеуметтік белсенділігі, құлықтық нормалардың болуы, эстетикалық талғамдардың дамуы т.с.с.
Тәрбие үдерісі нәтижелігінің процессуалдық жағы оның мақсаттары, мазмұны, таңдап алынған әдістері, құралдары, формаларының бір-біріне сәйкестігі, психологиялық және басқа да жағдайлардың қаншалықты ескерілуімен анықталады. Бұл көрсеткіштерді бақылау, әңгімелесу, тәрбиелік істерді педагогикалық талдау барысында қолдануға болады.
http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет