Тақырыбы: Тәуелсіз- елім Қазақстан Мақсаты: Білімділік



Дата04.12.2022
өлшемі16,81 Kb.
#54756

Тақырыбы: Тәуелсіз- елім Қазақстан
Мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік.
Түрі: жаңа білімді хабарлау, саяхат сабақ
Көрнекілігі: суреттер, ҚР-ның рәміздері,мақал-мәтелдер, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.
Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Мұғалім сөзі:
“Тәуелсіз елім - Қазақстаным” тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін.
- тәуелсіздік мерекесі
егеменді еліміздің мерекесі
отанымыздың мерекесі
- ал Отан деген не?
- Туған жеріміз деп нені айтамыз
-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!
Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, розззааа
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді. Мыңдаған жылдық тарихы бар,Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 31 жыл!
Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба?
Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау
күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше.
Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар
екенін көрсетті
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет