Тақырыбы: «Тіл–тұмарым!» (Тілдер мерекесіне арналған әдеби-cазды кеш) Уақыты



Дата14.09.2023
өлшемі20,04 Kb.
#107788
Байланысты:
Тіл тұмарым сценарий




Тақырыбы: «Тіл–тұмарым!» (Тілдер мерекесіне арналған әдеби-cазды кеш)
Уақыты: 14 қыркүйек, 2023 жыл, сағат 14.30
Өтетін орны: №2 Қосшы ЖОББМ, мәжіліс залы


Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақты ана тілдің қадір-қасиетін ұғынуға шақыру, туған тілімізді ардақтай білуге тәрбиелеу.


(Іс-шара басталайын деп жатқанда (Қуандық Рақым «Мен қазақпын» әнін қосып қою)


1-жүргізуші: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!


2-жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жастары!


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызды ҚР-ның «Тілдер мерекесімен» шын жүректен құттықтаймыз! Тіліміздің мәртебесі биік болсын!


Екі жүргізуші бірге: Мереке құтты болсын! (кішкене ғана Қуандық Рақым «Мен қазақпын» әнін қосу)


1-жүргізуші: Мерекеге орай ұйымдастырылған «Тіл – тұмарым!» әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. (слайд тақырып)


2-жүргізуші:
Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары_________________________ береміз. Көп рақмет!
1-жүргізуші: Ал енді бүгінгі кешімізде талантты да талапты 9-11-сынып оқушыларының дайындаған өнерлерін тамашалайық!
2-жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй» – демекші, 9 «Г» сынып оқушысы Казтаев Ернат және ұстазы ________________орындауында « ___________ » күйі. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Келесі кезекте кешіміздің тізгінін поэзияны жаны сүйетін көсемсөз шеберлеріне берейік! (ақырын музыка қосып қою, №1 Салтанат күйі)
(8 оқушы сахнаның екі жағынан 4 оқушыдан шығып, өлеңдерін оқиды)
1-жүргізуші: Сахнада «Қазақ қызы» биімен тал-шыбықтай мың бұрала билейтін биші қыздарымыз. Қошемет көрсетіп отырыңыздар! (№2 би музыка)


2-жүргізуші: Ана тілін ардақтауға үндейтін, қоғамның өзекті мәселесіне айналған «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» көрінісін тамашалаңыздар!
(слайд дүкеннің суреті, парта, декорация және ақырын музыка қосып қою, №3 ( көрініс)
Көрініс біткен соң, слайд және №4 «Мен қазақтың ұлымын!» әнін қою)


1-жүргізуші: Казтаев Ернат және Аманжол Әлидің орындауында Құрманғазының «Адай» күйі.
2-жүргізуші: Рақмет! Ендігі кезекте «Тіл туралы» монолог оқитын достарымызға сөз берейік. (Ернаттың «Тау жайлау» күйін баяу қосып қою №5)
1. Байұзақова Аружан «Тіл...»
2.Орынбасар Махаббат «Үйретеді кім оған ана тілін?» (көрініс,орындық)
1-жүргізуші: Мектебіміздің қазақ тілі мұғалімдері Роза Тоқтажанқызы мен Әлия Мұқанқызының орындауында «Анамның тілі» әнін қабыл алыңыздар. (Ернар гитарамен сүйемелдейді)
2-жүргізуші: Осымен Тіл мерекесіне дайындаған шағын ғана кешіміз аяқталды.
Ана тілім бәрін айтар шежірем.
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем .
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Қазақ тілін мәңгі мақтан етіңдер!

1-жүргізуші:


Қастерлеп қазақтың ана тілін.
Қайнаған қаныменен баба тілін,
Бірлікке, татулыққа ұран болған,
Бұрынғы тектілердің дана тілін.
Өз тіліңді оқы дейді мектепте
селтең қағып жүрме, досым , бос текке
өзге тілге қанша құмар болсаң да ,
өз тіліңді шамаң келсе құрметте!
Достар, қазақша сөйлеп, туған тілімізді құрметтейік! Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңызға көп рақмет Қош, сау болыңыздар!
Ең соңында «Атамекен» әнін бірге орындайды. (ту, шар ұстап тұрады)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет