Шетелдегі оқыту жүйелері және мұғалім бейнесі Жапонияда



бет1/3
Дата17.12.2022
өлшемі53,21 Kb.
#57861
  1   2   3
Байланысты:
SHeteldegi m alim (2)


Шетелдегі оқыту жүйелері және мұғалім бейнесі


Жапонияда «Мектептегі білім беру туралы заңға» сәйкес 6 жасқа толған бала бастауыш мектепке оқуға барады, онда 6 жыл бойы оқиды, одан соң 100% түлектер емтихансыз орта мектепке ауысуы тиіс, онда 3 жыл бойы оқиды, сөйтіп 9 жылдық орта білім алу бұл елде міндетті болып саналады. Мұнда соңғы жылдары бастауыш және орта білім алудағы оқытудың мазмұны мен әдістемесі сынға ұшырауда, өйткені оқушыларды бағдарламаға сәйкес оқытуда түрлі ақпараттарды есте сақтау мен дыбыстауға көп уақыт жұмсалады да олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жеткіліксіз бо­лып қалуда. бастауыш мектепті аяқтағанда оқушы иероглифтік тілдің негізгі білімін ғана игере отырып, фонетикалық әліппені ғана үйренеді. 9-сыныпты аяқтағанда оқушы 2000-ға жуық иероглифті уйреніп, т.рлі полиграфиялық өнімдерді еркін оқуға мумкіндік алады. Міндетті мектеп білімін алу бірыңғай әрі қатаң тәртіп ретінде қойылған.
Оқу жылы үш семестрге бөлінген және сәуір айының алғашқы күндері басталады. Шамамен 20 шілдеде аяқталатын алғашқы се­местр біткен соң, балалар жазғы демалысқа кетеді. 1 қыркүйектен желтоқсанның соңына дейін екінші семестр, қаңтар-наурыз айларында үшінші семестр өткізіледі. Бір сыныптан екінші сыныпқа көшу көктемгі қысқа демалыс кезінде (1- ші апта) жүргізіледі.
¥зақ жылдар бойы мектеп мұғалімінің мамандығы (оларды «сэнсэй» деп атайды) Жапо­нияда ер адамның ғана ісі деп саналды. Қазіргі күнге дейін жапон педагогтерінің жартысынан астамы ер адамдар.
Жапондықтардың кітапқұмар екендігі белгілі. Кітап дүкендерінен лықа толы саудаласқан оқырмандарды көптеп көруге болады. Мұражайлар мен көрмеде олар көп жүреді. Мұның бәрі ондағы халықтың тығыздығынан емес, олардың зияткерлік «құмарлығынан» туып жатады. Олар мәдени құбылыстардан қанағат алады және содан жаналықтарды ашады. Мұның бәрі «күншығыс елінің» дәстүрлі элементтерді, сол сияқты заманауи тұжырымдарды еңгізе отырып білім беру саласының жақсы долға қойылғаның (мемлекеттің қолдауымен) көрсетеді.

Шанхай.Халықаралық тестілердің, сондай-ақ PISA нәтижелері бойынша соңғы жылдары алғашқы рет Оңтүстік шығыс Азия елдері алдыңғы қатарға шықты. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур алдыңғы қатарда болса Қытай білім беру жүйесінің көшбасшысы атанған Шанхай таңғажайып үлгі көрсетті, Тайвань таң қалдырды. Бұл білім беру ісіндегі шығыс моделіне де назар аудару керектігін көрсетеді. Ал бұл модель қадағалаушы ретінде еуропалық немесе америкалық сияқты жағымды емес. Ол 40 адамға дейінгі толық сыныптар болып келеді.
Бұл кеңес мектебінің алтын жылдарын еске түсіретін қатаң тәртіп сияқты. Апайда, біздің ескі мектепте толықтай атүсті болмаған, яғни репетиторлық факторлар орын алады. Жекелей, ақылы сабақ өткізбей онда мектеп оқушысын дайындау қиын. Шанхай университетінде жұмыс істейтін профессор Марк Брейрдің пайымдауынша, Шанхайдағы репетиторлық нарық- тың көлемі 2,5% ІӨЖ жетеді.
ҚХР-дың неғұрлым дамыған қалаларының бірі ретінде Шанхай оқушылары сарапшыларды таң қалдырып отыр, олар ондаған елдерден келген бәсекелестерінің алдында оқи білуден, сонымен қатар математика мен басқа да нақты ғылымдар бойынша алға шықты. Мұны тестілердің нәтижелері көрсетіп отыр. Шанхайлықтардың осы нәтижелері таң қалдырып, ҚХР-дың тездете дамуының дәлелі іспеттес болуда.
Тестілеу нәтижесінде сондай-ақ олардың білім беру мәдениеті де көріне түсті. Соның ішінде мұғалімдерді дайындауға зор мән берілетінін айту керек, сондай-ақ көп уақыт дене шынықтыру сияқты пәндерге емес, негізгі пәндерді оқытуға арналады.
«Ия, рас, мен бұған таң қалдым, олар бір аспаннан түскен сияқты», деп мәлімдеді Рейган жанындағы Білім беру департаментінің ин­спекторы болып жұмыс істеген Че­стер Финн. Ол Қытайдағы көптеген мектептерде болып, былай дейді: «Қытайда өз мақсаттарына жетуге ұмтылушылықты біле отырып, оған таң қалмаймын. Ал егер 2019 жылы шанхайлық нәтиже мұндағы 10 қалада, 2029 жылы - елуге бар­са таң қалуға болады».
Егер шанхайды ең үлгілі американдық штат саналатын Массачусетспен салыстыратын болсақ, оқытуға деген тәсілдерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. «Шанхай мектептеріндегі оқу күні өте ұзақ, тіпті оқу демалыс күндері де жүре береді» - дейді сарапшылар. Қытай оқушылары америкалық құрдастарына карағанда спортқа, музыка мен басқа да негізгі ғылымдарға қатысы жоқ пәндерге аз көңіл бөледі.
Қытайдағы мұғалімдер де соңғы жылдары артықшылыққа ие топқа айналған, олардың жалақылары да бірден өсе түскен. Шанхайда бұған қоса оқыту әдістемесінің түпнұсқалығына, көптеген экспериментальдық мектептердің еркінідігіне қарай қосылатыны тағы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет