Тақырыбы: Топографиялық карталардағы географиялық және тік бұрышты координаталар
Тақырыбы: Топографиялық карталардағы географиялық және тік бұрышты координаталар
Дәріс жоспары:
Тікбұрышты координаталар.
Топографиялық карталардың проекциясы.
Топографиялық картаның ішін рамкалары параллель және мередиан доғаларына тұратын трапецияны құрайды.
Топографиялық картаның ішін рамкалары параллель және мередиан доғаларына тұратын трапецияны құрайды.
Оның бұрыштарына географиялық координаталар жазылады. Ішкі рамкаға параллель-минуттық рамка сызылады, ол тең бөліктерге бөлінген (1'). Мысалы: 100000 картада 10" тең.
Қалаң сызылған сыртқы рамка картаны оның басқа элементтерінен бөліп турады.
Географиялық (карталары) координаталарды анықтау, немесе координаталар бойынша картаға түсіру минуттық шкалаларды пайдалану арқылы жүзеге асады.
Географиялық (карталары) координаталарды анықтау, немесе координаталар бойынша картаға түсіру минуттық шкалаларды пайдалану арқылы жүзеге асады.
А нүктесінің координатасын анықтау үшін сызғышты батыс және шығыс рамкалардағы бірдей көрсеткіштерді сәйкестендіріп орналастырып, есептеулер жүргізеді.
Топографиялық картаның геодезиялық негізі картадағы нысандардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.
Топографиялық картаның геодезиялық негізі картадағы нысандардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.
Картаның геодезиялық негізін мемлекеттің геодезиялық тор жүйесінің пункттері құрайды.
Осы пункттердің дәл координаталары арнаулы каталогтарда беріледі.
Карта дайындау кезінде қағаз бетінде координаталар торын тұрғызады да ол бойынша трапеция рамкасының бұрыштары мен геодезиялық негіз пункттері түсіріледі.
Осындай әдістің көмегімен физикалық беттен элипс бетке және карта бетіне түсірулер жүргізіледі.
1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға арналған геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер проекциясы қабылданған болатын.
1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға арналған геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер проекциясы қабылданған болатын.
Бұл проекцияда 1:500000 - нан ірі масштабты топографиялық карталарды жасай бастады, ал 1939 ж. бастап Гаусс-Крюгер проекциясы 1:500000 масштабты картасында қолданылды.
1825 ж. Гаусс алғашқы рет бір жазықтықты екіншісінің үстіне шексіз кіші бөлшектер түрінде бейнелеп сақтап отырудың жалпы шешімін тапты.
1912 ж. А. Крюгер жазықтықта қолданылған формулаларды есептеп, баспадан шығарды.
Осыдан кейін бұл проекция Гаусс - Крюгер атауын алып, топография-геодезиялық жұмыстарда кең қолданыла бастады.