Тақырыбы: Тоталитаризм



Дата10.05.2023
өлшемі19,51 Kb.
#91712

Тақырыбы: Тоталитаризм


Орындаған: Кәрімжан Ш


Қабылдаған: Болысбек М

Тоталитаризм


1. Тоталитаризм түсінігі
2. Авторитаризмнің негізгі белгілері
3. Авторитаризм
Тоталитарлы мемлекет – демократиялы емес типтегі мемлекеттер қатарына жатады. Ол латынның «тоталис» сөзінен шыққан, қазақша баламасы «түгел», «бүкіл», «толық».
Тоталитарлы мемлекет – қоғамның өмір сүру барысында мемлекет жағынан жан-жақты үлкен көлемді бақылау жүреді.
Тоталитаризм – үкімет тарапынан қоғамды қадағалап отыратын, ұжымның мақсаты мен идеологиясына бағынатын қоғамдық жүйе және қоғам өмірін ұйымдастыратын саяси тәсіл болып табылады. ХХ ғасырларда тоталитаризм саяси жүйе ретінде қалыптасып, осы ғасырдың 40-50 жж. Теориясы жүзеге асты. Тоталитаризм үлгісі: фашистік Германия және Кеңес үкіметіболып табылады.

ХХ ғ. Жедел қарқынмен индустрия дамыды. Экономикалық даму әлеуметтік және саяси сфераларға әсерін тигізеді. Мемлекет техникасының дамуы арқылы миллиондаған адамдардың санасына ақпараттық агенттіктер арқылы әсер етіп, бағындырды.


2. Индустрияның дамуы арқылы монополиялар пайда болып, олар экономиканың барлық салаларын қамтыды, енді адамдар санасында қоғамды құру деген идея пайда болды. Оңай басқарылатын, керек бағытқа бұра алатын, бағынғыш қоғам пайда болады. Осы индустриялды ғасырда адамдар санасында ерекше ұжымдық – механизм дүниетанымы қалыптасты. Бұл дүниетанымның негізі – қоғамның үлкен механизмі ретінде қарастырылуы және осы механизмде әр индивид механизмінің бір бөлшегі. Ал үкімет өз кезегінде осы механизмді басқаратын оператор. Және де бұл механизмдегі әр адам өз жұмысын нақты істеп, оператордың талабын орындауы керек. Әйтпесе механизм сынып қалады, яғни қоғам құлдырайды. Сондықтан сынбау үшін адам индивидтікке салынбай қоғамның талабына сай өз міндеттерін дұрыс атқару керек. Тоталитаризмнің орнауына психологияның әсері болды. Адам ұжымнан тыс өмір сүре алмайды, өзіне әлсіз деп сезінуге сендірді. Қоғам және ұжым адамның бүгінгі күнге де, болашағына да сенім әкелді. 1. Класқа кірген адам өзінің эмоцияларын сыртқа шығара алуы. Мысалы: СССР-де жұмысшы кластағы адамдар байлар мен капиталистерге қарсы шыға алды және жазаланбады. Ал Германияда ариялық нәсілге жататындар басқа халықтарды құртуға мүмкіншіліктері болды, олар да бірақ жазаланбады. Мұндай психологиялық факторлар тоталитарлық тәртіптің пайда болуына және сақталуына себеп болды. Тоталитарлық тәртіптің пайда болуына сақталуына себеп болды. Тоталитарлық тәртіптің пайда болуына негіз болған әлеуметтер: экономикалық, саяси, кризистік периодтағы жағдайлар қоғамның жағдайын нашарлатады яғни ешқандай классқа жатпайтын қарапайым адамдарға әсер етеді. Себебі оларды қолдайтын ешкім болмай, олардың жағдайы мүлде нашарлайды. Сондықтан ол әр түрлі үгіттерге көніп, сенеді. Міне нағыз осылар тоталитарлық тәртіптің орнауына негіз болды. Тоталитарлық тәртіптің негізі:
1. қоғамның индустриалы дамуы
2. қоғам өмірінде ұйымдастырушылықтың өсуі
3. монополиялардың пайда болуы
4. ұжымдық-механикалық дүниетанымның таралуы
5. тұлғаның әлеуметтік жағдайына психологиялық қанағаттанбау
6. негізгі жұмысшылардың жағдайын нашарлататын экономикалық кризистер
Тоталитарлық тәртіптің ерекшеліктері:
1. Барлық тоталитарлық тәртіптердегі спецификалық ерекшеліктері бар, олар барлық тоталитарлық мемлекеттерде жүзеге асады. Утопиялық идеал барлық тоталитарлық мемлекеттергетән. СССР-де идеал болып коммунистік болашақ табылады. Ал Германияда мұндай идеал болып бақытты рейх табылады. Барлық тоталитарлық тәртіптің ерекшелігі – мақсатқа жету үшін барлық әдістер қолайлы. Қоғамның дамуының ең негізгі компоненті ретінде идеология болды. СССР үшін мұндай идеология Марксизм – Ленинизм болып табылады. Ал қалған идеологиялардың өмір сүруіне құқықтары болмады. Бұл идеялар патерналистік тұрғыдан қарастырылады. Басқарушы барлық мәселелерді шешті, адамдарға тек соны ғана орындау қалды. Бұл бұйрықтарды орындау жақсы нәтижеге жеткізеді және барлық мәселелерді шешеді.
2. Ақпараттар агенттігінің мемлекет монополиясы. Ақпарат агенттері тек мемлекетке тиісті. Мемлекетлауазымды ерекше қызметші болып барлық ақпараттарды басқарады. Ал басқарусыз тоталитарлы мемлекет үшін азаматтарды біріктіру мақсатында дұшпан бейнесі пайда болады. Бұл бейне мемлекеттің өз ішінде де, және халықаралық алаңда болды. СССР - өмір сүруінің соңғы жылдарында осындай дұшпан бейнесі болып – империализм саналды. Тоталитарлық тәртіп империализмде дұшпанда көріп, оған жоламауға тырысып, қашқақтады.
3. Бір ғана басқару партиясы бар саяси жүйе дамиды. Ол елдегі барлық басқаруды қолға алады. Бұл партия қоғамдағы нақты жинақталған түрлі игіліктерге құқығын береді.
4. Тоталитарлы тәртіп қоғамда жаңа адамды қалыптастыруға ұмтылады. Ол индивид өз идеяларына берілген үкіметке сөзсіз бағынатын адам болуы қажет.
5. Адамды күнделікті бақылау керек болса оның жеке өмірінде бақылау.
Авторитаризм.
Ол демократиялы емес тәртіптер қатарына жатады. Демократия мен тоталитаризм қоғам өмірінің көп сфераларын бақылауды байланыстырады. Ал адаммен тұлға өмірінің бақылаусыздығын байланыстырады.
Авторитаризм жеке адамның және топтың жеке басшылығы. Бірақ саяси сфералардан тыс өзінің және қоғамның автономиясын сақтайды. Біздің ғасырда авторитаризм тәртібі маңызды емес, көбіне бұл тәртіп тоталитарлы және демократиялы мемлекет болып кетеді.
Авторитарлық тәртіптің ерекшеліктері:
1. Үкіметті 1 адам немесе 1 топтың адамы (патша) басқарады, мемлекетте көп халық үкіметтен шектеледі. Халық мұндай мемлекеттерде үкіметтің саясаттың бір ғана объекті болып саналады. Бұл мемлекетте адам азамат емес, бағынушы болып есептеледі.
2. Басқарудың шексіздігі және ел адамның берілген басқаруды бақылай алмауы. Басқару қандай болсын белгілі заңдар бойынша өмір сүреді, бірақ бұл заңдар бағынушыларға міндетті болып табылады. Албасқарушы немесе үкімет үшін бұл заңдарды орындау міндетті емес, ол кез-келген сәтте бұл заңды жойып, басқа жаңа заңды шығаруы мүмкін.
3. Үкімет күшіне сену. Авторитарлық тәртіпте үкіметті немесе басқаруды қолдату үшін міндетті түрде күш қолданбайды, бірақ кез-келген сәтте күш қолдануы мүмкін.
4. Үкімет монополиясы және саяси оппозицияны болдырмау. Мұнда бір ғана партия бар, қалғандарына рұқсат жоқ, ал егер ондай болып қалса ол міндетті түрде монарх бақылауында болады. Әйтпесе мүлде болмайды.
5. Мемлекет тарапынан қоғамды тотальды бақылаудан бас тарту және саяси сфераға мүлде қатынаспау немесе шектеулі қатынасу.
6. Үкімет органдарына өкілді сайлау емес, тағайындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет