Орындаған: Керімбекова Ж
Қабылдаған: Минасипова А.
Заң психологиясы - психологиялық заңдылықтар мен психологиялық білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен қолдануын зерттейді.
Заң психологиясы күрделі де көп жақтылы пән, болашақ мамандарды құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық реттеу қоғамдық және әлеуметтік-психологиялық заңдылықтармен тікелей байланысты. Құқықтық білім мен сана адам мінез-құлығының психологиясымен де тығыз байланысты.
Заң психологиясы қылмыскердің қылмыстық әрекетінің мотивациясына жүйелі талдау жасауға, құқық қорғау және заң қызметкерлерінің кәсіби әрекетін ұйымдастыруда құрылымдық мүмкіндікті береді.
ХХ ғасырдың соңында дербес білім саласы ретінде пайда бола отырып, бүгінде заң психологиясы заңгерлік білім берудің құрамды бөлігіне айналды, сөйтіп «адамдар факторына» негізделген құқықтың барлық салаларын қамтыды. Заң психологиясы сонымен қатар психологиялық фактілерді есепке ала отырып, құқық шығарушы, құқық қолдаушы, құқық қорғаушы және пенитенциарлық іс-әрекеттердің тиімділігін арттырудың мәселелерін де зерттеп қарастырады.
Заң психологиясы- бұл жеке адамның және оның іс-әрекетінің құқықтық реттеу жағдайларындағы түрліше аспектілерін зерттейтін ғылым. Заң деонтологиясы немесе заң психологиясы - ғылым саласы ретінде жалпы және арнаулыміндеттерді қарастырады.Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерінің ғылыми негіздерін жинақтау, құқықтық категориялар негізінде психикалық ерекшеліктерді ашу жатады.
Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясының міндеттері мынандай:
Психологиялық және заң білімдерін ғылыми тұрғыдан жинақтау, біріктіру;
Негізгі құқықтық категориялардың психологиялық заңгерлік мәнін ашу;
заңгерлердің өз іс-әрекетінің негізгі объектісі- адамның мінез құлығын терең түсінуін қамтамасыз ету.
түрлі құқықтық қатынас субъектілерінің психикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерін және құқық қолдану мен құқық қорғаудың әртүрлі жағдайларындағы психикалық қалыптарын ашу.
қоғам өмірін құқықтық реттеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстарды, нұсқауларды жасау.
Арнаулы міндеттеріне: құқықтық әрекеттерді қолдануды жүзеге асырудың тиімді ұсыныстары жатады:
- психикалық шаралардың құқықтық нормалардағы тиімділігін зерттеу.
- Қылмыскердің жеке басының психологиялық зерттеу, қылмыстық тәртібінің мотивін ашу.
- қылмыстың аалдын-алудың әлеуметтік пссихикалық негізін жасау.
- Құқық қорғаудың әртүрлі салаларындағы психологиялық заңдылықтарды зерттеу.