1)Заң психологиясы пәні мен міндеттері. Заң психологиясының пәні болып құқық әрекетінің саласында пайда болатын психикалық құбылыстар, механизмдер, заңдылықтар табылады.
Қазіргі уақытта ғылымның дамуы 2 жағдайда қарастырылады: бір жағынан, ғылымдардың өзара бір-бірінен ерекшеленуінен көрінсе, екінші жағынан, салалардың өзара араласуынан, интеграциясынан көрінеді. Бұл процесс ғылымның жаңа саласының пайда болуына алып келеді. Міне, заң психологиясы да психологиялық және құқықтық ғылымдардың араласуы, бірігуінен пайда болған.
Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерге синтез жасау. Заң категорияларының іргелі психологиялық мәнін ашу болып табылады.
Жеке міндеттеріне: 1.заң нормаларының тиімділігінің психологиялық шарттарын зерттеу;
2.қылмыскерді психологиялық тұрғыдан зерттеу, қылмыстық мінез –құлықтың мотивтерін ашу;
3.қылмыстың алдын алудың қоғамдық психологиялық негізін әзірлеу;
4.түрлі заң қорғау іс - әрекетінің психологиялық заңдылықтарын зерттеу (тергеушінің,прокурордың, судьяның т.б.);
5.түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың түзету мен қайта тәрбиелеу шараларының психологиялық заңдылықтарын зерттеу;
6.заң орындары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруда, ұсыныстар әзірлеу.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық», Алматы, 2000 ж.
2Алауханов Е.Қ. «Қылмыстық құқық», Алматы, 2001 ж.
2)Методологиялық негізі. Заң психологиясының салалары. Қылмысты ашудың теориясымен тәжірибесінде, тергеу әрекеттерінің стратегиясы мен тактикасында психикалық заңдылықтарды білу аса маңызды.
Психологиямен және құқықтанумен шектесіп жатқан заң психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның әдістері мен методологиялық қағидаларына сүйене отырыпжұмыс істейді. Заң психологиясының құрылымы оны зерттейтін мәселелерінің ауқымы құқықтық реттеулогикасымен анықталады. Заң психологиясының тәжірибелік нұсқаулары материалды және іс жүргізу құқықтарының ережелеріне сәйкес келеді.