Тақырып 12: Геосфералардың ластануы



Дата02.12.2023
өлшемі22,09 Kb.
#131479

Тақырып 12: Геосфералардың ластануы.
Геосфера – бүкіл ғаламшарды қамтитын, көпқабатты шоғырланған қабық. Геосфераның түрлері: атмосфера, гидросфера, литосфера, жер қыртысы, Жер мантиясы мен ядросы. Геосфера Жердің орталық бөлігінен ретімен кезектесіп таралады, кеңістіктік пен уақыт аралығында бір-біріне еніп, өзара үздіксіз, белсенді әрекеттесіп, тұрақты динамикалық жүйе қалыптастырады. Сонымен қатар, геосфера өзінің қалыптасуы мен іс-әрекетінде дербестігін сақтайды. Атмосфера мен гидросфера геосферасы Жер қыртысының жоғарғы бөлігін өңдеп отырады.
Атмосфераның ішкі бөлігі тұтастай гидросфера мен жер қыртысының аздаған бөлігін қамтиды, сыртқы бөлігі ғарыштық кеңістікпен шектеседі. Жер қыртысы ортаңғы (30-40 км, гранит пен кремний) және төменгі (30 км-ге дейін, базальт) қабаттардан тұрады Литосфера: жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігінен тұрады.
Биосфера – жердегі тірі организмдер жиынтығынан тұратын Жердің күрделі сыртқы қабығы.
Гидросфера – Жердің су қабығы, табиғи судың барлық түрінің жиынтығы (мұхиттар, теңіздер, құрлық сулары, жерасты сулары және мұз жамылғысы).
Ядро: радиусы 1250 км ішкі ядродан және оны қоршайтын сыртқы ядродан тұрады. Жер ядросының температурасы 5000°С, ал ядроның орталық бөлігінде 8000-9000°С-ға жетеді.
Мантия (3000 км-ге жуық) – Жер көлемінің 83%-ын құрайтын, температурасы 2000-2500°С болатын кристалды тау жыныстарынан тұратын ең қуатты қабығы. Жер бетіндегі барлық жерүсті процестері үшін Күн – негізгі энергия көзі. Күн энергиясы жер бетін біркелкі қыздырмауынан атмосфера мен гидросфера қозғалысқа түседі. Жылжымалы геосфера литосферадағы тектоникалық процестермен бірлесіп, белгілі бір уақыт аралығында Жер келбетін өзгертіп, ауыр тау жыныстарын жылжытып, теңіздер мен мұхиттардың жағалық сызықтарын өзгертеді. Биосфераның тірі организмдері барлық геосфераны мекендеп, тұтас жүйе ретінде әрекет етеді
Геоэкология толық Жер бетін емес, тек геосферамен қиылысатын, адам мекендейтін жер бетінің жұқа қабығын зерттейді. Барлық геосферада табиғи ресурстардың сарқылуы байқалады, табиғи нысандардың сапасы нашарлап, олар табиғи қасиетінен айырылады, барлық биосфера нысандарында өмір сүру жағдайлары тез нашарлайды. Бәрі де адамның іс-әрекеті салдарынан болады. Халық саны өсіп, Жер геосферасы қарқынды түрде ластануда.
Литосфера – Жер қыртысы, мантияның жоғарғы бөлігі. Литосфераның жоғарғы қабатына адамның әсері. Әсер етудің негізгі түрлері мен салдары:
– минерал ресурстарын өндіру мен құрылыс жұмыстары жерасты суының төмен түсуіне алып келеді. Бұл қауіпті экзогенді құбылыс салдары тұрғын үйдің опырылып, жер астына түсуіне, суқоймалар мен көпірлердің, тас және теміржолдың бұзылуы, суару каналдарының өзгерісіне, т.б. алып келеді;
– таулы аудандарда орманды отау, малдың шамадан тыс жайылуы, тау шатқалдарына жол, құбыр жүргізу салдары сел тасқынына алып келеді.
Педосфера – Жердің топырақ қабаты. Топырақтың ластануы үздіксіз процесс. Топырақ табиғи және антропогендік жолмен ластанады. Ластаушы заттар: пестицид пен гербицидтер, химиялық элементтер мен оны құраушы заттар, мұнай мен мұнай өнімдері, т.б. қоғамның өндіріс іс-әрекетіндегі қалдықтар. Орман алқабының азаюы мен жерді тиімсіз пайдалану салдарынан жыл сайын 36 млрд тонна топырақ шайылып кетіп жатыр. Бұл бағыттағы көшбасшы елдер – Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Мұхиттық аралдар. Топырақтың тозуы – адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін топырақ қасиетін төмендететін антропогендік процесс (қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасының (ЮНЕП) анықтамасы). Қазіргі заманғы топырақтың тозуы процестері: 1. Судың әсерінен болған эрозия. 2. Желдің әсерінен болған эрозия. 3. Қарашірік құрамының төмендеуі. 4. Жерді мелиорациялау (ауыр ауылшаруашылық техникасын қолданып топырақты тығыздау). 5. Химиялық ластану және техногенді қышқылдануы. 6. Топырақтың пестицидтермен ластануы. 7. Топырақтың өндірістік ластануы (ірі қалалар маңы, тау-кен өнеркәсіптері орналасқан орындар). 8. Топырақтың тұздануы. 9. Су басу және батпақтану. 10. Батпақтарды құрғату. 11. Мәңгі тоң басудан топырақ тозуы. 12. Топырақты тікелей жою (құрылыс, жол, суқоймаларының астында қалып жатыр). 13. Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ).
Гидросфера – Жердің су қабығы. Су – ресурстардың ішіндегі ең бағалысы. Адамға өмір сүру үшін күніне 1,4 л су қажет. Жер бетінде гидросферасыз тіршілік болмас еді. Гидросфера – мұхит, теңіз, құрлықтық су мен мұздық жиынтығынан тұратын Жердің су қабығы. Жалпы көлемі 1,5 млрд км3, ол жер бетінің су әлеуетін құрайды. Жер бетінің 71%-ын мұхиттар мен теңіздер құрайды, онда жалпы гидросфераның 96,5%-ы, (1,4 • 109 км3) су шоғырланған.
Гидросфераны негізгі ластаушы көздерге:
өндірістік, тұрмыстық ағын арналары, топырақтың құрамындағы пестицид пен гербицидтердің шайылуы;
• суару жүйесіндегі, мал шаруашылығындағы ағын сулар, суқоймаларға жауын-шашынмен аэрогенді ластаушылардың түсуі;
• өндіру және көлікпен тасымалдау кезінде мұнай өнімдерімен ластануы;
• мұхиттар мен басқада суқоймаларда ядролық және қышқыл қалдықтарды көму, бөгеттер салу жатады.
Суды ластаудың негізгі түрлері – химиялық, бактериологиялық ластану, радиоактивті, механикалық және жылумен ластану. Химиялық ластану – ең кең таралған, тұрақты, үлкен аумақты қамтитын ластану түрі. Гидросфераны ластайтын химиялық заттарға мыналар жатады: Топырақ тозуының түрлері мен дәрежесі (GLASOD мәліметтері негізінде):
• органикалық (фенол, нафтен қышқылы, пестицидтер, т.б.);
• бейорганикалық (тұздар, қышқылдар, сілтілер);
• улы (сынап қосындылары, қорғасын, кадмий, т.б.);
• усыз қосындылар.
Бактериялық ластану суда патогенді бактериялар мен вирустардың (700-ге жуық) пайда болуымен сипатталады. Ластанудың бұл түрі уақытша сипатта болады.
Радиоактивті ластану. Радиоактивті элементтер суқоймалардың бетіне радиоактивті қалдықтарды лақтыру, қалдықтарды көму, нәтижесінде түседі. Уран, стронций, т.б. элементтер жер бетіне радиоактивті қалдықтар түрінде атмосфералық жауын-шашын арқылы түседі, жерасты суларына радиоактивті тау жыныстары арқылы араласады. Механикалық ластану судың қасиетіне, мөлдірлігіне әсер ететін әртүрлі механикалық қоспалардың түсуімен сипатталады (құм, қалдық, тұнба, т.б.). Қатты қалдықтармен ластану (қоқыс) – судың сапасын төмендететін, балықтардың өмір сүру ортасына, су экожүйелері жағдайларына кері әсерін тигізетін өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен ластану.
Ластану көздері былайша бөлінеді: Табиғи – жанартаудың атқылауы, орманның өртенуі, шаңды дауыл, үгілу процестері, органикалық заттардың бұзылуы. Антропогендік – өндіріс, жылу энергетикалық, көлік, тұрғын үйлерді жылыту жүйесі, ауылшаруашылық, тұрмыстық қалдықтар. Жылулық ластану температурасы жоғары сумен немесе өндірісте пайдаланылатын сумен араласу салдарынан пайда болады. Мысалы, жұмыс істеген 7 жыл ішінде Поляр шеңбері маңындағы Кола түбегіндегі атом электр стансысының бас ғимаратының маңында жерасты суларының температурасы 6°С-дан 19 °С-ға дейін жоғарылаған. Судың газдық, химиялық құрамы өзгеріп, салдары күкірт сутегі мен метан концентрациясының артуына алып келген. Бір мезгілде судың «гүлденуі» жүріп жатыр, ластанудың басқа түрінің дамуына әкелетін микрофлора мен микрофауна жылдам дамуда. Атмосфера – Жердің газтәріздес қабығы. Қазіргі кезде Жер атмосферасы негізінен газдар мен әртүрлі қоспадан тұрады (шаң-тозаң, су тамшылары, мұз кристалы, теңіз тұздары, жанатын өнімдер).. Ауаның құрамы Атмосфераны негізгі ластаушылар: көміртегі тотығы, көміртегінің қос тотығы, күкірт диоксиді, азот, азон, көмірсутек тотықтары, қорғасын, өндірістік шаң-тозаң, аэрозолдар.
Биосфера – біртұтас, салыстырмалы түрде тұрақты, үлкен экологиялық жүйе. Биосфераның тұрақтылығы оны мекендеушілер арасындағы тарихи қалыптасқан байланыс тепе-теңдігіне, олардың өмір сүру ортасына бейімделуі, биосферадағы тірі организмдер рөліне, адам іс-әрекетінің әсеріне тәуелді.
Жануарлар мен өсімдік түрлерінің қысқаруы адамның:
• ормандарды отау;
• елді мекендердің өсуі;
• атмосфераға үнемі зиянды заттарды тарату;
• табиғи ландшафттардың ауылшаруашылық нысандарына айналуы;
• жер өңдеуде химиялық элементтерді пайдалану;
• суқоймалардың және топырақтың ластануы;
• өмір сүру үшін азық-түлік пен аумақ болуын қажет ететін жер бетіндегі халық санының өсуі;
заңсыз аң аулау, өсімдік, жануарлар түрін шағылыстыру тәжірибесі;
• экожүйелердің бұзылуы, т.б. сияқты тікелей іс-әрекеттерімен байланысты;
• адам іс-әрекеті салдарынан экологиялық апаттардың пайда болуы, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет