Тақырып: Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті Орындаған: Садық Н. Б. Қабылдаған: Шоқатова А.Қ



Дата18.10.2023
өлшемі17,57 Kb.
#118526

А.К Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Баяндама


Тақырып: Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті



Орындаған: Садық Н.Б.
Қабылдаған: Шоқатова А.Қ.

Астана, 2023ж.




Көшпелілер мәдениетінің бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті болып келуінде . Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар , одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы араласты . Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады , өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды . Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына , жақындасуына қозғаушы күш болған , дәнекер қызметін атқарған. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға жатады. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. П. Кушнер: «Көшпелілерде «рулық мемлекет», феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды», — дейді. Мысалы, А.П.Чулюиников деген зерттеуші: «Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды» XX ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр түрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді. С. П. Толстовтың пікірі бойынша: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды». «Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?» деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: «Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады», — дегенді айтты. Екінші бір топ зерттеушілер: «Еуразия көшпелілері патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды», —деген пікірді ұстанды. Көшпелілік қалыптасты. Зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Зерттеушілер көшпелі қоғам тарихының қалыптасуына көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі. Көші-қон үшін дөңгелекті көліктің шығуының мөні зор. Дөңгелекті көлік суреттері қола дәуірінің тасқа салынған сурет-таңбаларында кездеседі. Алтайда зерттелген Бесінші Пазырық корғанынан күймелі арба және жүк таситын үлкен арба табылған. Бұл — сақ дәуірінің көлігі. Сақ дәуіріндегі алғашқы арбалар бір дәртелі болған, кейінірек екі дәртелі арба пайда болады. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің,тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды.Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз,олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды.Ал отырықшы халықтардың мәдениеті бөтен мәдениет болып қала береді»,-дейді. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған.Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған.Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы,жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді,ертұрман,ат әбзелдерін,теріден,ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын,бесігін,басқа да тұрмыстық заттарын жатқызымыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай.Мал шаруашылығы-егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын,қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Қазақ халқының рухы туралы айта келе, ол оның керемет екендігіне арнайы тоқтап, суырып салма ақындардың жадының ғажаптығына таңғалады. Даланың өмірін жан-жақты жырлайтын фольклорлық туындылардың бізге сол қалыпында өзгеріссіз жеткендігін атап көрсетеді. Ол көшпелі және сауатсыз орданың ауызша жеткен деректерінің осындай адам нанғысыз дәлдігі шын мәнінде ешбір күмән келтірмейтін шындық екендігін мойындайды. Жалпы қазақ халқының тарихында, оның мәдени дамуында музыка мен поэзияның алатын орны ерекше. Олар этностың бірігуіне, ұрпақ байланысының үзілмеуіне жағдай жасап, көшпелі қоғамның эстетикалық құндылықтарын дүниеге әкелді деуге болады. Олай болса, А.Затаевичтің қазақ даласы – музыка теңізі дегені бекерденбекер айтылған сөз емес шығар. Біз жоғарыда әңгіме қылған көшпенділер тәжірибесі мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде көбіне-көп өнерде көрініс тапқан. Әлемді тану, өзін-өзі тану арқылы қазақтардың тек өзіне ғана тән болмысы қалыптасты. Бұл қазақтардың қоғамдық-экономикалық дамуындағы өзіндік сипаты мен олардың қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдауының айрықша, басқаларға ұқсамайтын ерекшеліктеріне байланысты еді. Экономикалық жағынан алып қарасақ, көшпелі қоғамға тән өндіріс тәсілі ғасырлар бойы онша көп өзгере қойған жоқ. Мәдениет адам тәжірибесін жинақтап, сақтап және оны ұрпақтан ұрпаққа, дәуірде дәуірге таратып, жеткізеді. Мәселен, фольклор мәдени мұра рөліне ие бола бастады. Мәдениет адамзаттың әлеуметтік жадына айналды. Ол адамды тұлға қылады, оларды біріктіріп, қоғамның бірлігін нығайтады. Оның бастау көзі – көшпенділер мәдениетінің табиғатпен үйлесімді дамуында. Сондықтан ауыз әдебиетінің дамуының нәтижесінде мәдени сабақтастықтың әлеуеті жоғары болды. Бұл әлеуеттің іргетасы - салт-дәстүрлер жүйесі, ауыз әдебиеті және өнердің Ұлы Далада кең тараған басқа түрлері. Қазақтың көшпелі қоғамының негізін қалаған мәдениет ежелгі дүниеден бастау алатыны белгілі. Содан бері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мәдени-тарихи және этногенетикалық тұрғыда үздіксіз дамып келеді. Бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалардың бұл процеске тікелей қатысы болғандығы да күмәнсіз. Олардың бай құндылықтарының қазақтың мәдени мұраларынан көрініс тауып, осы күнге дейін жеткендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сонымен қатар бұл байланыстар ерте кезеңдегі көшпелі тайпалардың мәдениетінің, қалыптаса бастаған әлеуметтік институтары мен рухани өмір-тіршілігінің өзара жақындығын, байырғы қазақ мәдениетінің ішкі бірлігінің беріктігін де көрсетеді.
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті.
Көшпелі қазақ мәдениетінің көшпелі көрінісі. Салтанатты көшті өмірдің сәні ретінде бағалайтын қазақтар, көшті бір орыннан екінші орынға жұрт жаңалау үшін ғана емес, өз тұрмыс мәдениетін әйгілеп, көңіл көтерудің тамаша орайы деп білген. Сырттай сынай қарайтын ұлттар ойлағандай, көшіп-қонып, азып-тозып жүрген жоқ. Тереңрек айтсақ, қазақтың көш мәдениеті көне заманда көшпелі тұрмыс кешірген адамзат мәдениетінің соңғы сарқыны. Неше мың жылдан бері үзілмей жалғасқан мәдениетінің соңғы тынысы. Моторлы көліктердің жаппай қолданысқа енуі, адамзаттың отырықшы тұрмысқа көшуі, көшпелі тұрмыстыңда күнін батырды. Көшпелі тұрмыс тарихта өзінің айқын орынын алған үздік мәдениет. Әрине, көшпелі мәдениетке деген көзқарастар әртүрлі болды. Дәлірек айтсақ, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына назар аудару басым болды. Мысалға, Тойнби, Ратуель деген сияқты ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға көрсетілген, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген екен. Менің ойымша бұл қате айтылған пікір. Көшпелілерде де жазу-сызу ертеден пайда болды. Ия, әрине көшпелілерде жазу кеңінен дами алмады, бірақ халық жадында рухани мәдениет-шежіре тарихы, өнер, фольклор ерекше сақталды. Көшпелілер мәдениеті музыкамен табиғаттың ырғағымен өмір сүрген. Жібек жолындағы түрлі ескерткіштерді қазған кезде де, музыка және театр саласындағы даму барысы мен өзара бірін-бірі байытып отырғанын, дәлелдейтін заттар осыған айғақ. Олар түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болды деп ойлаймын. Себебі, көшпелілер әр халықтың жақсы мәдени үлгілерін өздеріне алып, басқа да халықтарға жұғыстырды
Номадтар - шаруашылық қызметі мен оған байланысты тұрмыс салтының ерекше үлгісінде өмір сүретін әлеуметтік топтың өкілдері. “Н.” термині шөлейт, қуаң аудандарды мекендейтін малшыларға, кейде өте ежелгі шаруашылық – мәдени типке жататын кезбе аңшылар мен терімшілерге байланысты қолданылды. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың соңы мен 1-мыңжылдықтың бас кезінде Еуразияның таулы-далалы өлкелерінде өндіргіш күштердің артуы және жаңа аймақтарды қоныстана бастауға байланысты далалы, шөлейт және шөлді жерлердегі тайпалардың бір бөлігі бақташылық мал ш-нан көшпелі мал ш-на ауысты. Б.з.б. 1-мыңжылдықта және б.з. алғашқы ғасырларында Н. Орт., Бат.Азия, Қара т. жағалауларын, сәл кейінірек Солтүстік Африканы мекендеді. Көшпелілікке өту мал басының өсуіне, қоныстанған аудандарды игеруге, тайпалар арасындағы байланыстардың дамуына жағдай жасады. Көшпелілікке неғұрлым бейімді жануарлар – қойлар, жылқылар, түйелер мен ешкілер болып шықты. Бірте-бірте арктик. аймақтарда көшпелі бұғы ш. қалыптасты. Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің негізгі кәсібі – мал ш. басқа кәсіп түрлерімен – егіншілік, сауда, аңшылықпен қатар дамыды. Әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты көшіп-қонудың әр алуан түрлері қалыптасты. Барлық тарихи кезеңдерде малшы көшпелілер мен отырықшы егіншілердің арасында тығыз экономика, саяси және мәдени байланыстар болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет