Бөлім: 0. B кинетика Тақырып: Химиялық реакция жылдамдығы Оқу мақсаттары



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#129292
  1   2   3

Бөлім: 10.2 B Кинетика

  • Тақырып:
  • Химиялық реакция
  • жылдамдығы

Оқу мақсаттары:

  • 10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу;
  • 10.3.2.2 қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу;

Бұл ғылыми фактілерді не біріктіреді?

  • Сабын көпіршігінің жарылу жылдамдығы 0,001 секунд.
  • Желдің жылдамдығы сағатына 10-нан 15 мильге дейін.
  • Суды қайнатқанда оның молекулалары секундына 650 метр жылдамдықпен қозғалады.
  • Дауыл сағатына 125 миль жылдамдықпен қозғалуы мүмкін.
  • Түнде шаш баяу өседі. Күн ішінде шаштың өсуі тездейді. Өсу қарқыны сағат 10 мен 11 аралығында ең үлкен. Өсу сағат 14.00 мен 16.00 аралығында болады.
  • Қан артерияларда тез қозғалады (500 мм / с), тамырларда баяу (150 мм / с), ал капиллярларда одан да баяу (1 мм / с).
  • Бұл ғылыми фактілерді не біріктіреді? Бір сөзбен қалай айтуға болады?

Химиялық кинетика

  • -химиялық реакциялардың жылдамдығы мен механизмдерін зерттейтін химия саласы

Реакцияға қатысатын заттардың табиғатына байланысты

  • Гомогенді
  • реакциялар- біртекті ортада жүретін реакциялар
  • (мысалы: ерітінділердің немесе газдардың арасындағы ). Гомогенді реакциялар бүкіл көлемде жүреді.
  • Гетерогенді
  • реакциялар- әр түрлі фазадағы заттардың әрекеттесуі, бұл жүйелердегі реакция әрекеттесуші заттар бетінде жүреді. (мысалы: газдар мен сұйықтықтар, қатты заттар мен сұйықтықтар)
  • Mg(қ) + 2HCI (с)= MgCI2 (с)+ Н2(г)
  • Н2 (г)+ СІ2(г) = 2HCI (г))

Химиялық реакция жылдамдығы - бастапқы заттардың немесе өнімнің біреуінің концентрациясының уақыт бірлігіндегі өзгеруі.

  • Әрекеттесетін заттардың
  • концентрацияларының
  • уақытқа сәйкес өзгерісі
  • А+В = С+F реакция үшін уақыт өткен сайын А затының концентрациясы азайып, концентрация өзгерісі ∆С теріс мәнге ие болады, сондықтан өрнекте минус (–) таңбасы қойылады. Химиялық реакцияның жылдамдығы тек оң шама болады.
  • + c2 – c∆t
  • Гомогенді реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың немесе өнімнің біреуінің концентрациясының уақыт бірлігіндегі өзгерісімен анықталады:
  • Гетерогенді реакцияның жылдамдығы фаза бетінің аудан бірлігінде белгілі уақыт ішінде әрекеттесетін заттардың не өнімнің зат мөлшерінің өзгерісімен анықталады:
  • Гомогенді реакция Гетерогенді реакция
  • 𝝊 – жылдамдық (моль/л∙с); (моль/л∙мин)
  • С – заттардың концентрациясы (моль/л)
  • t – уақыт (сек, мин)
  • n – зат мөлшері (моль)
  • S – қатты заттың бетінің ауданы
  • ∆ - өзгеріс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет