Тақырып: Жылу алмасу үрдістері. Химиялық аспаптағы жылу берілу негіздері



Дата08.12.2023
өлшемі15,87 Kb.
#134847

Тақырып: Жылу алмасу үрдістері. Химиялық аспаптағы жылу берілу негіздері.
1.Жылуды стационарлы және стационарлы емес тасымалдау. Жылу беру үрдісінде
жылудың конвекциямен тасымалдануында жылу өткізгіштік пен сəулеленумен жылу алмасу қатар жүреді. Бірақ нақты жағдайларда жылуды тасымалдаудың бір түрі басым түседі.
Үздіксіз əрекет ететін аппараттарда əртүрлі нүктеде температура уақыт бойынша өзгермейді жəне өтетін жылу алмасу үрдістері құрылған (стационаралы) болып табылады. Температура уақыттан тəуелді өзгеретін (қыздырғанда немесе суытқанда) периодты (үздікті) əрекет ететін аппараттарда құрылмаған немесе стационарлы емес жылу алмасу үрдістері өтеді.

2.Конвекция және жылу беру. Ағындағы температура профильі. Конвекция. Конвекция дегеніміз тамшылы сұйықтың жəне газдың бөлшектерімен оларды араластыру арқылы кеңістіктің бір бөлігінен екіншісіне жылудың тасымалдануы. Бұл тамшылы сұйықтар мен газдар қозғалысынан туады, осы қозғалыс олардың көлеміндегі əртүрлі нүктедегі меншікті көлемдерінің əртүрлігімен (олардағы температураның біртексіздігінен) немесе механикалық əрекеттесу нəтижесінен пайда болады.
Нақты жағдайларда жылу жоғарыда көрсетілген əдістердің бірімен емес, біріккен жолмен беріледі. Мысалы, қатты қабырға мен газ ортасы арасындағы жылу алмасуда жылу бір мезгілде конвекциямен, жылу өткізгіштікпен жəне сəулеленумен беріледі. Қабырғадан газ тəрізді (сұйық) ортаға немесе керісінше жылуды тасымалдау жылу алу деп аталады.
Қатты қызған сұйықтан (газдан) аз қызғанға оларды бөлуші
Бет немесе қатты қабырға арқылы жылуды беру жылу беру үрдісі деп аталады.
Жылу беру үрдісінде жылудың конвекциямен тасымалдануында жылу өткізгіштік пен сəулеленумен жылу алмасу қатар жүреді. Бірақ нақты жағдайларда жылуды тасымалдаудың бір түрі басым түседі.

3.Жылу балансы.
Көп қыздырылған жылу тасымалдағышпен берілетін жылу (Q1), суық жылу тасымалдағышты қыздыруға жұмсалады (Q2) жəне кейбір салыстырмалы аз мөлшері қоршаған ортаға аппаратпен жоғалған жылуды компенсациялауға шығындалады (Qж). Жылу изоляциясымен жабылған жылу алмасу аппараттарында Qж шамасы ~3-5% пайдалы қолдану жылуынан аспайды. Сондықтан есептеулерде оны ескермеуге болады. Онда жылу алмасу балансы келесі теңдікпен көрсетіледі:
Q= Q1 – Q2
Мұндағы Q — аппараттың жылу жүктемесі.
Көп қызыдырылған жылу тасымалдағыштың G1 жалпы шығыны Q болсын, оның аппаратқа ену кезіндегі энтальпиясы I1б жəне аппараттан шығу кезінде I1с болсын. Сəйкесінше суық жылу тасымалдағыштың G2, оның бастапқы энтальпиясы I2б жəне соңғы энтальпиясы I2с. Онда жылу балансының теңдеуі
Q = G1 ( I1б – I1с ) = G2 ( I2с – I2б ).
Егер жылу алмасу жылу тасымалдағыштықтың агрегаттық күйінің өзгеруінсіз жүрсе, энтальпия жылу сайымдылықтың с температураға t көбейтінсіне тең:
4.Жылу алмасу аппаратурасының есебі.
Жылу алмасу аппаратының есептеуіне енеді:

  1. Жылу ағынын (аппараттың жылу жүктемесі) анықтау, яғни нақты уақыт ішінде (үздіксіз əрекет ететін аппараттарда 1 сек немесе 1 сағатта, периодты əрекет ететін аппараттарда бір операцияда) бір жылу тасымалдағыштан екіншісіне берілетін жылу мөлшері Q. Жылу ағыны жылу баланысын құру немесе шешу арқылы табылады.



  1. Берілген уақытта қажетті жылу мөлшерінің берілуін қамтитын аппараттың жылу алмасу бетін F анықтау. Жылу алмасу бетінің шамасы жылу беру жылдамдығымен анықталады, ол жылу беру – жылу өткізгіштікпен, конвекциямен, сəулелену механизіміне тəуелді. Жылу алмасудың бетін жылу берілудің негізгі теңдеуінен табады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет