ТАҚЫРЫП 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. БІР ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Баланың танымдық әлемінің белсенділігін арттыруға бағыттау үшін оған ересек адам заттардың міндет-мақсаттарымен таныстыруға кіріседі. Сондықтан да, әр балаға күннің кез-келген уақытында өзі емін-еркін қимылдап, жүріп тұруы үшін даму ортасын жасап, қамтамасыз етуі керек. Белсенді іс-әрекетті талап ететін ойыншықтар мен құралдарға көбірек көңіл аударып, олардың орындарын жиі ауыстырып және санитарлық тазалау тәртібін сақтау қажет. Балалар ойын ортасын құру үшін мектепке дейінгі ұйым мен үйге бірдей талаптар қойылады. Балалар болмаған кезде бөлмені жиі желдетіп тұру мүмкіндігінің болуы. Температуралық режимді сақтау (18-20 градус). Топ бөлмесіндегі жиһаздардың дұрыс орналасуы мен жарықтық режим талаптарын сақтау.
Жеңіл әсер ететін ойын материалдарының балаға қол жетімді жерлерде орналасуы. Топтық және жатын бөлмелерде психологиялық жайбарақаттықты қамтамасыз ету үшін «өнер», «сенсорлы-құрылыс», «көңілді доп», «табиғат бұрышы», «су мен құм», «ертегі аралы», «үй асханасы» деген ауыстырып, жиналатын тақырыптық дамытушы орталықтар жасау. Әрбір орталықтың мазмұны мен ойындық құралдары балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып таңдалады. Әр ай сайын орталықтар бір-бірімен ауыстырылып, бір мезгілде екі орталықтың жұмыс істеуіне жағдайлар жасалады. Әрбір орталық балалардың жас ерекшелігі мен санына қарай ойыншықтармен жабдықталады. «Киімсіз ұлдар мен қыздар» мен қуыршақтар отбасы (ана қуыршақ, әке қуыршақ) орта өлшемді ойыншықтар. Балалардың отырып, ойнауына ыңғайлы
үлкен көлемді ойыншықтар (тербелме, жұмсақ жиһаздар). Баланың шад-шадыман күлкісін шақыратын — секіретін көжектер, шиқылдайтын, ермек ойыншықтар.
Үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттері білім беру салаларының шеңберінде ұйымдастыралады. Осыған орай, педагогикалық үдеріс келесі компоненттерді өзіне кірістіреді:
- базистік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері;
- сабақтан тыс ұйымдастырылған іс-әрекеттер: балалардың өзіндік емін-еркін қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері — ойын, көркем-сөздік іс-әрекет.
Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, психологиялық тренингтерге, релаксациялық және музыкалық үзілістерге уақыт бөлінуі керек. Баланың бір орында қимыл-қозғалыссыз ұзақ уақыт отырып қалуына жол бермеген абзал.
Балалардың ішінде біреулерінің бойы ұзын, кейбіреулерінікі қысқа, арсында толықшалары мен орта денелілері де болады, сондай-ақ, бастарының немесе кеуде клеткасының көлемі де әртүрлі болып келуі — әр баланың жеке даралық айырмашылықтарын білдіреді. Бірақ, тәрбиеші ай сайын баланың физиологиялық даму көрсеткіштерін үйлесімді ара қатынасын анықтап отыруы қажет: бойын, салмағын, кеуде шеңберін.
Достарыңызбен бөлісу: |