Сабақтың талдаушы: Бекмұратқызы Тоғжан



Дата10.03.2023
өлшемі19,71 Kb.
#72842
түріСабақ

Мұғалімнің сабағын әріптесінің талдауы
Сабақтың талдаушы: Бекмұратқызы Тоғжан_____________________________________


Сабақ өткізуші: __Бадиева Райгүл Женискалиевна________________________________


Күні:_23.01.2023___________ Сыныбы:___9_______ Пәні: ағылшын тілі


Сабақтың тақырыбы: Abai Kunanbaiuly___________________________________


Сабақтың мақсаты: Learn the Abai Kunanbaiuly`s life and new words





Ескертпелер

Мұғалім пікірі

1


Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?



9 сыныпта 7 оқушы, оның 3 – жақсы, 4 – қанағаттанарлық деген бағамен оқиды. Ағылшын тілі пәнінен қызығушылықтары жақсы. Бірақ өз ойын еркін жеткізе алмайды. Сол себепті сөйлеу дағдыларын дамытуға көбірек көңіл бөлінген.

2

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

Сабақ жаңа сабақты меңгеру.

3


Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

Сабақта білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттер алға қойылды.
А ) Білімділік міндеттер үшін Абай Құнанбайұлының өмірбаянымен танысу;
В) Дамытушылық міндеттер үшін Абай Құнанбайұлы өлеңдерінің мәнін түсіну;
С) Тәрбие компонентін іске асыру үшін Мәңгілік Елдің құндылыққа дарыту мақсатында оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым – қатынастарын дамыту басшылыққа алынды.
Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері ескерілді, атап айтсақ: деңгейі жоғары оқушыларға анағұрлым күрделі сұрақтар қойылды.

4


Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?



Сабақта мәтінмен жұмыс жасалып, қарапайымнан күрдеріге қарай сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар өздерінің сөйлеу дағдыларын шыңдады.

5


Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма?
Уақыт тиімді пайдаланылды ма?



Сабақ жаңа тақырып боландықтан өткен сабақпен байланысты емес. Алайда оқушылар Абай Құнанбайұлы туралы білімдері көрсете білді.
Кең ауқымды тапсырма орындауда уақытты үнемдеу үшін мұғалім ворд волв платформасы жақсы қолдана білді.

6


Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

Жаңа тақырыпты ашуда тыңдалым, айтылым дағдылары жақсы қолданылды. Сонымен қатар жеке жұмыс барысында «Дұрыс, қате», «Кездейсоқ айналым» әдістері, топтық жұмыс барысында «Анықтама жаз» әдістері сабақ барысында ұтымды болды.

7


Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?



Саралау тапсырмасы болды. Күрделі зат есім жасау, әр оқушыға өз деңгейінде таратпа материалдар тарату арқылы жүзеге асты. Әр деңгейдегі оқушы өзіне берілген тапсырманы жақсы алып шықты.

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақ басынан бастап оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жасалған. Оны оқушыларда зерігу, мазасыздану байқалмағандығынан аңғаруға болады. Сабақ соңында оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Кездейсоқ айналым» әдісімен мәтін бойынша сұрақтар қойылып, жауап берді.

9


Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Сабақта инерактивті тақта, презентация, үлестірмелі қағаздарда жазылған тапсырмалар, Ворд волф платформасы.

10


Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Сыныптағы барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі саралау тәсілдерін қолдандым

11


Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасына 6 жаттығу 64 бет. Үй жұмысын орындау тәртібі таныстырылып, түсіндірме жүргізді.

12


Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың өң бойында формативті бағалау жүргізілді. Әр тапсырмадан кейін жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзара және өзін өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасалды.

13

Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Сабақ мақсатына жетті.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет