Тақырып: Мен және менің ортам



Дата02.12.2023
өлшемі17,35 Kb.
#132287

2-апта


Тақырып: Мен және менің ортам




Тапсырма:
Берілген тіркестерді қолданып, жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз
СӘЛЕМДЕСУ. ҚОШТАСУ. КЕШІРІМ СҰРАУ.


Сәлемдесу Приветствие
Сәлеметсіз бе? /Амансыз ба? Здравствуйте!
Қайырлы таң! Доброе утро!
Қайырлы күн! Добрый день!
Қайырлы кеш! Добрый вечер!
Сәлем! Привет!
Сізді(сені ) көргеніме қуаныштымын! Рад(а) вас(тебя) видеть!
Хал/іңіз / қалыңыз/ қалай? Как у вас дела?
Денсаулығ/ыңыз қалай? Как ваше здоровье?
Көңіл-күй/іңіз қалай? Как у вас настроение(самочувствие)?
Рақмет, өте жақсы! Спасибо, отлично!
Рақмет, сіздің ше?/сенің ше? Спасибо, а у вас?/ а у тебя?
Аллаға шүкір, жақсы Слава богу, хорошо
Бәрінен жақсы! Лучше всех!
Ойдағыдай Как обычно
Оқу қалай? Как учеба?
Рақмет, керемет ! Спасибо, чудесно!
Қоштасу Прощание
Сау бол /ыңыз! До свидания!
Ертеңге дейін! До завтра!
Қош бол /ыңыз! Прощайте!
Келесі кездескенше! До следующей встречи!
Жолың/ыңыз болсын ! / Сапарың оң болсын! Счастливого пути!
Кездескенше До встречи
Кетуім / жылжуым керек Мне нужно идти
Тағы да кездесеміз деп үміттенемін Надеюсь, что мы еще встретимся
Тағы да кел/іңіз Приходите еще
Кешірім сұрау Извинение
Кешір /іңіз Извини /те
Ғафу ет /іңіз Прости /те
Мазалағаным үшін кешіріңіз Прошу прощения за беспокойство
Кешіріңіз, кіруге бола ма? Извините, можно войти?
Кіріңіз Заходите
Жоқ, кіруге болмайды Нет, нельзя заходить
Кешіріңіз, шығуға бола ма? Извините, можно выйти?
Сұрауға бола ма? Можно спросить?
Сұранып кетуге бола ма? Можно отпроситься ?
Өтінемін Прошу


Сұраулы сөйлемдер
Қазақ тілінде сұраулы сөйлемдер екі жолмен жасалады.
1. Сұраулы демеуліктер арқылы. ма/ме, ба/бе, па/пе. Демеуліктерге екпін түспейді, олар бөлек жазылады. Олар орыс тіліндегі ЛИ демеулігіне сәйкес келеді. Сұрақ жалпы сөйлемге қойылады.
Мысалы: Сіз ертең келесіз бе? Ол қазақ па? Бүгін қазақ тілі бола ма?
Сұраулы демеуліктер арқылы жасалған сөйлемдерге жауап екі түрлі болады:
Болымды және болымсыз: Сен экологсың ба? Иә, мен экологпын. Жоқ, мен эколог емеспін. Күн жылы ма? Иә, жылы. Жоқ, жылы емес. Сенде сағат бар ма?
Иә, менде сағат бар. Жоқ, менде сағат жоқ.
2. Сұраулы сөздер арқылы. Сұраулы сөздерді сұрау. (Кім, не, неше, қалай, қайда, кімде, қандай және т.б.) Сұрақ нақты бір сөйлем мүшесіне қойылады. Егер сұрақ анықтауышқа (ілік септік, сын есім, сан есім) қойылатын болса, онда сұрақ анықтауыштың орнында тұрады. Сұрақ анықтайтын сөзге қойылса, сұрақ анықтауыш пен анықтайтын сөздің орнына қойылады.
Мысалы: 9 қазанда біздің университетімізде С.Аманжоловқа арналған халықаралық, ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер. Сұраулық шылауларды табыңыз.
Сіз қай мамандықта оқып жүрсіз? Нешінші курста оқисыз? Қандай пәндер оқисыз? Мамандыққа байланысты пәндер оқисыздар ма? Неше пән, атап шығыңыздар? Оқитын пәндеріңіз сіздерге ұнай ма, қызықты ма? Қазақ тілі пәні аптасына неше рет болады? Қай күндері? Нешеден нешеге дейін? Бұл пән бойынша қандай жұмыс түрлерін орындайсыздар?
Сіздерде күнделікті неше сабақ болады? Аптаның қай күнінде сабақ көп болады? Сенбі күні сабақ бола ма? Күнделікті сағат нешеге дейін оқисыздар? Үй жұмысын кітапханада дайындайсыздар ма, әлде үйде ме? Ертең неше сабақ? Қандай пәндер болады? Практикалық сабақтар ма, дәріс пе? Ертең қазақ тілі бола ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет