Тақырып Ойлау мәдениеті Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі349,04 Kb.
#70798
  1   2


Дәріс 1.
Модуль 1 
Философияның пайда болуы және дамуы 
Тақырып 1.
Ойлау мәдениеті 
 
Сұрақтар 
 
1. Дүниеге көзқарастың тарихи формалары: мифология, дін, философия 
2.Философияның негізгі бөлімдері 
3.Философиялық проблемалардың табиғаты. Философияның негізгі мәселесі
(материализм, идеализм, дуализм, танымдық оптимизм, скептицизм, 
агностицизм) 
1. Философияның ерекшеліктері және анықтамалары: 
1) Даналық пен түсініктің үлгісі; 
2) Ғылым; 
3) Көзқарас; 
4) Тәлім - тәрбие сабағы; 
2. Философияның негізгі функциялары: 
1) Адамды даналық пен түсінікке баулу; 
2) Дүниені танудың методологиялық негізін құрау; 
3) Көзқарастық - адамның дүниемен қарым-қатынасының теориялық 
(танымдық) және практикалық негізін құрау; 
4) Гуманистік - адамды дүниедегі ең басты құндылық және қоғамның
мемлекеттің, саясаттың, адамның өзінің құралы емес, мақсаты ретінде 
көрсету; 
5) Дүниеге, қоғамға, өмірге және өзіне сыни тұрғыдан қарап, бәрінің де 
жетілуіне жол ашу; 
6) Тәлім-тәрбиелік – адам мәнін аша отырып, оның атына заты сай 
болуын, 
атын 
ақтай 
білуін, 
надандықтан, 
немқұрайлылықтан, 
сыңаржақтылықтан, кертартпалықтан арылуына көмектесу; 
2. Философияның адам және қоғам өміріндегі рөлі аса зор. Философия 
адамның және қоғамның қандай екенін, қалай өсіп жетілгенін, нені бетке 
ұстайтынын, рухани деңгейін ашып көрсететін айна сияқты. Философия 
адамның 
даралығына, 
ешкімге 
ұқсамайтындығына, 
тұлғалығына, 
дербестігіне, еркіндігіне, түсінігіне айырықша мән береді және әркімнің осы 
бағытта дамуына ат салысады. Философия адамның ешкімге де, ештеңеге де 
құрал болмай, бәрінің де мақсаты болуын өз тарапынан қолдайды, негіздейді. 
Философия 
адамға 
адамгершілік, 
ұжымшылдық, 
бауырмалдық, 
демократиялық, жан-жақтылық бағыт-бағдар береді. Философия адамды 
адамдарды, рухани дүниелерді, тарихты түсінуге, байыпты ойлай білуге, 
өзін-өзі тануға және бағалай білуге үйретеді. 
Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас 
дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы 


көзқарастардың , пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге 
көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болатын қоғамдық тарихи құбылыс. 
Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі адамдардың тіршілік болмысы. 
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары “дүниеге” және “адам” олар 
ажырамас бірліктер. Осыдан келіп дүниеге көзқарасты ,біріншіден, әлем, 
табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы; екіншіден, адам және 
оның дүниедегі орны туралы; үшіншіден, болмыс пен болашақтың мәні 
туралы түсініктер қалыптаса бастады. 
Дүниеге көзқарасты құрастыратын негіз - білім. Дүниеге көзқарастың 
кең тараған түрі ғылыми емес қарапайым көзқарастар. Ал тарихи тұрғыдан 
алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне 
байланысты дүниеге көзқарастың 
А) мифологиялық. 
Б) діни. 
В) философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғаммен бірге 
қалыптасқан мифологиялық дүниеге көзқарасына тән нәрсе. Адам қоршаған 
ортадан өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты 
ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің сипатына - символдық 
қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп мифтік көзқарастан білімсіздік, 
ырымсыздық, аңқаулық, алданушылық пен соқыр – сенімэлементтері қат-
қабат кезігеді. Миф – адамның қауымдық санасының алғашқы 
қалаптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін 
ашпайды. 
Діни негіздегі дүниеге көзқарас мифологиялық сананың табиғи жалғасы. 
Діни дүние таным табиғаттан тыс құдыретті күшке адамның мүлтіксіз 
бағынуын уағыздайды. Ал философиялық ой-талғамдар мен тұжырымдар 
таптық қоғамның орнығуы барысында , яғни ертедегі Қытай, Греция,Үнді 
елдерінде айқынырақ қалыптасты. Ой жүйесінің ең жоғарғы деңгейі – 
дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде 
дүниені табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсінік ұғымы 
табиғат пен адам арасындағы байланыстар әрекетінің және қарым-
қатынастың санада ерекше бейнелену формасын айтамыз. Философия адам 
санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Бұл мәселені 
философияның негізгі мәселесі (ФНМ) дейді : “ойлаудың болмысқа 
қатынасы туралы мәселе”. 
Бұл мәселенің екі жағы бар : 
І. материя алғашқы ма, жоқ әлде рух, сана шешуші алғашқы болып 
табылады ма деген сұрақтарға келіп саяды. Осы мәселелерге қалай жауап 
берулеріне қарай философтар екі үлкен лагерге бөлінді. Олардың ішінен рух 
табиғаттан (материядан) бұрын өмір сүрді дегендері идеалистік лагерді 
құрды. Ал табиғатты бірінші деп есептегендер материализмнің әртүрлі 
мектептерін құрды. Материализм деген ұғым философияда негізінен XVIII 
ғасырда тұрақтанса да, ол туралы көзқарастар ертедегі Үнді, Қытай, Греция 
елдерінде 
қалыптаса 
бастады. 
Философия 
тарихында 
идеализм 


материализмнің қашанда болмасын антиподы болды. Идеалистік лагердің де 
екі классикалық түрі бар : 
А) объективтік. 
Б) субъективтік. 
Объективтік ағымдағы идеалистік ілім діни мифологиялық түсініктерден 
әрдайым нәр алды. Платон, Гегель философиясында обективті қағидалардың 
жүйесі салынды, теориялық негізі анықталды. Объективті қағида екі басты 
қағидаға сүйенеді: идея, рух қайсысы бір нәрсенің болмасын анықтаушы 
бастамасы және олар адамдардан тыс тәуелсіз өмір сүре алады. Рух та, идея 
да уақытпен, кеңістікпен санаспайды, сондықтан да оларды құдыретті 
күшпен, құдаймен пара-пар санау бекер емес. 
Субъективті идеализм санадан тыс өмір сүретін болмысты 
мойындамайды, қабылдамайды. Ол үшін заттар адамның санасынан бөлек 
өмір сүрмейді, өйткені олар біздің түйсіктеріміздің жиынтығы болып 
табылады. Сөйтіп, бүкіл дүние адамның субъективтік санасына көшіріледі. 
Философияда екі сөзді дуалистік ағымдарда (Кант, Декарт) болды : 
дуализм дүниенің екі бірдей бастамасын – материя мен рухты, материалдық 
және идеалдылықты өзара тепе-тең субстанция (алғашқы негіз) ретінде 
қарастырды. 
ІІ. ФНМ-нің екінші жағы бар. Ол біздің ойларымыздың дүниеге 
қатынасын қарастырды. Бұл гносеологиялық (гносес - таным, логос – ілім) 
танымдық мәселе. Осы сұраққа жауап бергенде философия тарихында 
агностицизм (а – жоқ, гносес – таным, яғни танымды жоққа шығару) екеуі 
қосылып тануға болмайды дегенді білдіреді. Агностицистерге жататындар : 
Кант, Мах, Юм, Авенариус агноcтицизм дүниені толық не жартылай тануға 
болатынына күмән келтіретін ілім, танымның ақиқаты туралы мәселені 
біржолата шешуге болмайды деген қағиданы ұстанатын көзқарас. 
3. Философияның негізгі әдістері. 
Философияда екі түрлі әдіс қолданылады: 
А) диалектикалық – ол дүние ұдайы қозғалыста, өзгерісте, дамуда деп 
түсінеді. 
Б) метафизикалық – бұл біріншіге қарама-қарсы дүниені қоз,алмайтын, 
өзгермейтін, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым.
Диалектикалық әдісті ертедегі гректерден Гераклит пен Аристотель 
қолдаса, жаңа дәуірден Гегель қолдап ілгері дамытты. 
Философия және нақты ғылымдар. 
Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар. Олар 
бір – бірінсіз өмір сүрмейді. Нақты ғылымда объективті шындықтың тек бір 
бөлігін алып зерттейді. Ал философия – жалпы теориялық ілім, ол 
объективтік шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп, теориялық 
қорытынды жасайды. Сондай – ақ нақты ғылымдар үшін жалпы теориялық 
ғылым қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет