Тақырып ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары Сұрақтар: Кеңес-дәріс Мемлекеттік қызметті жаңғырту Мемлекеттік қызметшілердің этикасы және имиджі «Электрондық үкімет»
Дәріс 4 Модуль 2. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
Тақырып 3. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары
Сұрақтар: Кеңес-дәріс 1.Мемлекеттік қызметті жаңғырту
2.Мемлекеттік қызметшілердің этикасы және имиджі «Электрондық үкімет» концепциясын жүзеге асыру
3. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі ретінде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да, практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді. З. Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын береді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этностық ерекшеліктерді анықтау үшін осы параграфта белгілі бір этностық топтарды айқын ажыратпай-ақ, азаматтылық тұрғысынан елдің біртұтас халқының мәдениеті мен ділдігі қарастырылды. Бұл тәсіл біртұтас ұлт – Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Алайда, Қазақстан сияқты көп этносты және көп конфессиялы қоғамда этносаралық ықпалдасу және саралау ретінде құндылықтар мен нормалар жүйесі қалыптаса алады. Осы айырмашылықтар бейбітшілік пен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде сақталатын әр алуандықты айқындайды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар. Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау, әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз етіледі. Бұл қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік және білім беру саясатын іске асыруға негізделген. Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған. Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан. Аталған қасиеттер сол немесе өзге де дәрежеде әлемнің басқа да халықтарына тән. Халықтың ділі дәстүрлер, сенімдер, өмір салты, шаруашылық және материалдық мәдениетіне негізделген нормалар мен ережелердің қиылысуы болып табылатын оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады. Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құндылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады. Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті қайталануына байланысты иррационалдық деңгейде жаңғыратын, ұтымды тәртіп нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани мәдениеті негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Әрине, еңбек, білім, теңдік пен толеранттылық құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз оған сыбайлас жемқорлықты жатқызатын, нысандарына қарсы тұрады. Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету бірқатар дәстүрлі мінез-құлық нормаларына жатқызылады – «асар» және басқалар, олар достық немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау мен көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін емес, қиын жағдайда көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді: «Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры», «Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың», «Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың», «Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан қалмайды», «Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең», «Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды», «Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары); «Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы); «Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады» (орыс мақалы). Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі. «Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме? Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі. Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді. Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді. «Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол», «Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы);
«Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы); «Кедей болсаң да, арың таза болсын», «Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары); «Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы); «Өмірде бір күн өмір сүрсең де нағыз адам бол», «Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой толық болса болғаны» (күрд мақалы); «Көйлекті жаңадан, арыңды жас кезіңнен сақта», «Абыройсыздық өлімнен де бетер», рақымды сый-құрмет байлықтан қымбат» (орыс
мақалдары). Ар, намыс, ұят – честь, достоинство, совесть – қазақ жігіттері мен қыздарының жақсы қасиеттері болды. Қаншалықты бағалы екені халық нақылында көрінеді: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан етемін» [3, 151-б.].
Осы қарама-қарсы қою жас ұрпақты және халықтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дәнін егеді. «Орталық Азия мен Қазақстан жағдайындағы еңбек ең алдымен, мал шаруашылығымен, мақта өсірумен, жер өңдеу, бақша өсіру, жібек шаруашылығы, халық қолөнеріне байланысты. Атақты егінші, ВАСХНИЛ құрметті академигі Т. С. Мальцев «тұрмыстық мәдениет, халықтың рухани өмір салты мыңдаған жылдардың жер өңдеу өркениетінен туындаған. Барлық адамгершілік канондары, моральдық ұғымдар, тіпті тұтас дәуірдің көркем талғамы адамның жер анаға – қара жерге деген қатынасына негізделген. Егінші мен малшының қиын еңбегі, нанға құдайындай қарау, мақта мен малға ұлттық мақтаныш нысаны ретіндегі қатынас – осының бәрі балалардың бойында еңбекке және еңбек адамдарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиеледі» деп әділ атап өткен Ұлы ойшыл Абай еңбекті өз игілігі үшін барлық әлеуметтік мәнінен айырылған еңбек ретінде қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету – адамның борышы: «өз пайдасы үшін еңбек ететін адам өзі үшін жайылып жүрген малмен тең; адамдық борышын орындай отырып, еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына бөлейді» Халық адал еңбек идеясын адамға табиғаттың берген бағалы сыйы ретінде дәріптейді. Бұл ой халық даналығында көрініс табады: «Іскерге – нан, жалқауға – ұйқы», «Ағаш жемісімен, адам ісімен жақсы», «тер төгіп еңбек етсең, дәмді тағам ішесің» (башқұрт мақалы); «Адалдық пен еңбек сый-құрметке жетелейді, айла мен өтірік масқараға жеткізеді», «Жақсы еңбек етсең жаның да тыныш болады», «Жұмыста туғаның болмайды», «Адал еңбек игілікке әкеледі» (қазақ мақалдары); «Жас кезіңде – еңбек, қартайғанда – зейнеті» (қырғыз мақалы); «Еңбек етпесең қоянды да ұстай алмайсың» (татар мақалы); «Өзенге суды көктем құяды, адамның бағасын еңбек арттырады» (өзбек мақалы); «Еңбек етпесең зейнетін көрмейсің» (күрд мақалы); «Ақ саусақ адам бөтеннің еңбегін жақсы көреді», «Шеберлік пен еңбек бәріне қол жеткізеді», «Пеш емес, кең дала тойдырады» (орыс мақалдары). Білім мен ілім көп этносты қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтар жүйесінде ерекше орын алды. Білім аға ұрпақтан өскелең ұрпаққа халықтың тыныс-тіршілігі үшін қажетті тетік ретінде әлеуметтік тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі. Білім адам мен қоғамның табысты даму тәжірибесін көрсете отырып, маңызды ақпарат береді, ақырында оның дамуына белсенді ықпал етіп, қайтадан практикаға қайтып келеді. Халық ділінде білім әл-ауқат пен байлықтың факторы ретінде ерекше орын алады. Білім мен еңбек ажырамайды: еңбекпен білімге қол жеткізіп, байытамыз, өз еңбегіміздің жемістілігін арттырамыз. Сондықтан Қазақстан этностарының дүниетанымында білім байлық, әлеуметтік капитал ретінде қабылданады: «Білім байлықтан жақсы», «Алтынды іздеме, білім алуға тырыс» (қазақ мақалдары); «Әлем күнмен, адам біліммен жарықтанады», «Құс қанатымен, адам білімімен күшті», «ілім тамыры ащы, ал жемісі тәтті (орыс мақалдары); «Байлық таусылады, білім азаймайды», «Ақыл-ойдан артық байлық жоқ» (өзбек мақалдары); «Ілім – алтын: шірімейді, ал байлық – қоқыс: шіріп кетеді» (күрд мақалы). Мақал-мәтелдердің басқа тобы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кеңдігі мен тереңдігі және оны әлеуметтік кесел ретінде қабылдау туралы дәлелдейді, халық оны мойындай отырып, оны айыптау арқылы онымен күресуге тырысады. «Балық басынан шiридi» – «Рыба гниет с головы», «Адамды билік/тақ өзгертеді» – «Человека кресло/власть портит», «Құдайын ұмытқан» – «Бога забыл», «Иманы жоқ» – «Креста на них нет». Парақорлықты, сатып алу, ұрлық жасау мен сатқындықты айыптау жазушылар мен ақындардың шығармаларынан табуға болады. Оның жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады.
Үшінші қара сөзінде Абай былай дейді: «... әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық» [5, 144-б.].
Одан әрі бесінші сөзінде халықтың әрекетсіздігіне қынжылады: «Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен... Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? <...> Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. [5, 149-150-бб.].
Осындай кәдімгі сыбайлас жемқорлықтың себептерінің бірі ретінде ұлы ақын кедейшілік және пайдакүнемдік пен атақ құмарлықтан көреді. Өзінің басқа «Масғұт» поэмасында Абай былай дейді: «Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық.» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады. Ертегі – халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегілердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психологиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді. «Сондай-ақ халық ертегілерінде басты персонаж ретінде жануарлар – жылқылар, түйелер, ешкілер, қойлар, бүркіттер алынады, қоғамның материалдық өмір жағдайларына байланысты. Үй жануарлары образында әдеттегідей, адам сияқты сөйлейді, халық аллегориялық нысанда адамның кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды» [4].
Қасқыр персонажы көптеген ертегілерде дөрекі, қатал адаммен, қоян – қорқақ, аю – қолапайсыз, түлкі – айлакер және сараң адаммен ұқсастырады. Мысалы, «Қаңбақ шал мен түлкі» қазақ ертегісіндегі шалдан күн сайын балығын тартып алатын және біреудің еңбегімен күн көретін түлкі айлакерлік пен сараңдықты сипаттайды. Аралар мен құмырсқалар (кейбір ертегілерде есектер мен түйелер) еңбекқор адамның прототипі және оқырман немесе тыңдаушының нақты өмірде еңбекке және еңбекшілерге құрметін тәрбиелеп, жалқаулық, ақымақтық пен көргенсіздікті мазақтайды. Көріп отырғанымыздай, ұлттық мәдениет адамдарды адамгершілік тазалығы мен арына, әділдікке, адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа шақырады. Ол әрқашан да парақорлықты, ашкөздікті әдепсіз құбылыс, әділдікті, моральдық адамгершілік нормаларын бұзу ретінде айыптайды. Бұған дәлелді Абайдың «қара сөздерінен» табуға болады, ол өз халқына қызмет етудің маңыздылығын атап өтеді. Бұл ретте қызмет адал, риясыз болуы тиіс. Адал, әділ, алдамайтын еңбек, жоғары идеалға қызмет ету – діншіл іс. Ар-ождан, адалдық, сатылмаушылық – адамшылықтың, ізгіліктің негізі, ол қазіргі заманғы адамды тәрбиелеудің негізі болып табылады. Ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі ретінде қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, әрбір азамат тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі ретінде қалыптастырып, жандандыруы тиіс. Қазір мемлекеттік қызметте қарапайым орындаушылық, кәсіби құзыреттілік жеткіліксіз. Барған сайын ар-ұяттылық, әдептілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда.
Тірек сөздер: ділдік, құндылық, еңбек, білім, дәстүр, ар