Тақырып: Құрлықтағы сулардың түрлері мен қалыптасуы



Дата28.04.2023
өлшемі17,18 Kb.
#88228

Тақырып: Құрлықтағы сулардың түрлері мен қалыптасуы

Оқу мақсаты: 8.3.3 1. Құрлық суларының қалыптасу жолдарын анықтайды



Құрлық сулары- бұл Жердің су қабығының бір бөлігі. Оған жер жер асты сулары, өзендер, көлдер, мұздықтар мен батпақтар жатады. Құрлық суы жалпы әлемдік су қорының бар жоғы 3,5 %- ын ғана алып жатыр. Оның тек 2,5-ын ғана тұщы су құрайды.
Ақпараттан алған мәліметті сызбаға аудару


Құрлық суларының қалыптасу жолдары:

  • ​Атмосфералық жауын-шашынның және жерүсті суларының іркілуі немесе шоғырлануы;

  • Көл, өзен, жер асты сулары, қар мен мұздықтардан;

  • Тектоникалық, жанартаулық, мұздық, карстық, сағалық(бөгет), реликті;

  • Қатқыл атмосфералық жауын-шашынның жинақталуы;

1-тапсырма. Берілген кесте бойынша құрлық суларын сәйкестендіріңіз.

  1. Құрлық суларына нелер жатады?

А/ Ертіс

  1. Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар

В/ Жер асты сулары

  1. Ойыста орналасқан су айдыны

С/ Өзен, көл, мұздық, батпақ, мұздық, жер асты суы, жасанды су көздері

  1. Қатты күйде түсетін жауын-шашынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін көп жылдық мұз

Д/ Өзен

  1. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су

Е/ Көл

  1. Жер шарындағы ең терең көл

F/ Мұздық

  1. Қазақстанның ірі өзені

G/ Байкал




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет