Такырыбы: Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары кіріспе зерттеудің көкейтестілігі



Дата30.11.2022
өлшемі17,54 Kb.
#53818

Такырыбы: Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары


КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке ие бола алғандығының жарқын көрсеткіші. Ендігі міндет осы Тәуелсіздікті сақтап қалуға байланысты қойылады. Оның бір тармағы – қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалануына жоғары деңгейлерге көтерілуіне тікелей байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысы оның мектепке беріп отырған сұранысынан танылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлауы мен тілі сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр.
«Әр ұлттық тіл, мәдениет дербестігі, әр ұлт республикаларының экономика саласындағы егемендігі, сөз жүзінде емес, іс жүзінде танылуға тиіс,» - делінген. «Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру» тұжырымдамасында. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және тілге қатысты басқа да құжаттар тілдің қоғамдағы әлеуметтік рөлін өз дәрежесінде танып, оның коммуникация құралы ретіндегі потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызып отыр.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Ірі қоғам қайраткері, үлкен талант иесі, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов [17] өз ана тіліндегі сөз ақыл-ой дамуының асыл қазынасы, - дей келе, жасөспірімдердің лингвистикалық тәрбиесінің өмірге келген сәттен бастап, өз ана тілінде жүргізілу керектігін ерекше атап көрсеткен.
Тіл дамыту жұмыстарының мүмкіндіктері мен оларды бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайымен, бүгінгі қоғам сұранысына сай жай сөйлемді оқыту барысында оқушылардың тілін дамытудың өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістемелерінің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр. Сол себептен қайшылықтардың шешімін табуда біздің жұмысымыздың мәселесі жай сөйлемді оқытқандағы тіл дамыту жұмыстарының ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады. Сондықтан да, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары» деп таңдадық.
Зерттеу мақсаты: Тілге қатысты ғылыми-практикалық жаңалықтарға сүйене отырып, жай сөйлемді оқыту барысында тіл дамыту жұмысын жүргізудің мазмұнын, жолдарын, әдіс-тәсілдерін айқындау.
Зерттеудің міндеттері:

  • Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстарының қазіргі жағдайы мен педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;

  • Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстарының қазіргі жағдайы мен педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;

  • Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстарының қазіргі жағдайы мен педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;

  • Тіл дамыту жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін саралау, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау, моделін құру;

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жай сөйлемдерді оқыту бағдарламалық талаптарға сай жүйелі жүргізілсе; жай сөйлемді оқытуда оқушылардың тілін дамыту, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес материалдарды сұрыптап, оны меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылса; жай сөйлемді оқыту оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың тілін дамытуға негіз болады.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық, философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге ғылыми тұрғыда талдау жасау; білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендеріне ғылыми тұрғыдан талдау; бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын бақылау; озат тәжірибелерді жинақтау, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды математикалық жағынан өңдеу.
Зерттеудің нысанасы:
Зерттеу жұмысы Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте өткізілді. Экспериментке 40 оқушы оның ішінде 20 оқушы эксперименттік, 20 оқушы бақылау тобына алынды.
Дипломның құрылысы: диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Зерттеу жұмысында оның нәтижелері туралы мәліметтерді көрнекі түрде бейнеленген кесте, сурет орналасқан.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет