Жаратылыстану ғылымдары факультеті



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі271,7 Kb.
#128150
  1   2   3   4
Байланысты:
акт балнур



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті 
Математика кафедрасы
 
БӨЖ
Тақырып: Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың теориялық 
негіздері. 
Орындаған:Әлімхан Б. 
Қабылдаған:Кибишов А. 
Тобы:ЖИА-211 
Түркістан 2023
 
ж
 
 


Жоспар:
I.Кіріспе 
II.Негізгі бөлім 
2.1 Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне
қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
2.2. Білім берудегі ақпараттық технологиялардың маңыздылығы
III.Қорытынды 
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 I
.Кіріспе. 
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі 
таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін 
арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір 
біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім 
алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен 
қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, 
жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Білімді ақпараттандыру күрделі де 
көп қырлы үдеріс болып табылады, оның сәтті жүзеге асуы білім 
мекемелерін 
компьютерлендіруге 
ғана 
емес, 
білім 
беруді 
ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің 
өзара байланысына да тәуелді. Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен 
бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке 
тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану 
маңызды болмақ. 
Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын 
болсақ, коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен 
механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын 
қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі 
компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және 
тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай 
жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, 
педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын 
бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты 
қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. Ақпараттық-
коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: 
оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық 
қабілеттерін дамытумен анықталады. 
Ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды 
пайдалану 
арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа 
да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет