Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым және айтылым Тапсырма



бет1/3
Дата07.11.2022
өлшемі70,5 Kb.
#48054
  1   2   3


Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, құрылымдық ерекшелігіне назар аударыңыз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Негізгі ойын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні.
Ғажайып Көктөбе
Көктөбе – Қазақстанның ең көрікті әрі таңғажайып орындарының бірі. Қаланың ең биік нүктесі – Көктөбе теңіз деңгейінен 1100 метр жоғары. Аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, Сіздер таулардың көрінісінен ләззат алу мүмкіндігіне ие боласыз. Биіктіктен тау-тастар мен қаланың керемет көрінісі алақандағыдай көрінеді.
Әсіресе бұл жер түнде, қала әралуан түсті жарықтарға толған мезгілде, айрықша әсемдікке бөленеді. Көктөбе таулардан алған айрықша әсер таза ауа мен бостандықты сезіну ғана емес, сонымен қатар достардың кездесетін, ғашықтардың серуендейтін, бала-шағамен бірге қыдырып демалатын, уақытты жақсы өткізетін орын.
Көктөбе аумағында шағын зообақ, «Fast Coaster» америкалық төбешіктері, жартасқа өрмелеу алаңы «Киіз үй» мейрамханасы, концерт залы және өзгеде нысандар әп-әдемі орналасқан. Әдемі әткеншектері де балалар қуанышына айналған. Көктөбеге кешкі уақыттарда келсеңіз ерекше күйге енесіз. (113 сөз)
massaget.kz22 Маусым 2018
Сұрақтар:

  1. Көктөбе теңіз деңгейінен қанша метр жоғарыда орналасқан?

  2. Көктөбе несімен есте қалады?



Ә мәтіні.
Бурабай шатқалы
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және тап-таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері жиі-жиі орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10000-15000 теңгені құрайды. Онда жыл он екі ай балалар лагері жұмыс жасайды. (111 сөз)
alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...
Сұрақтар:

  1. Бурабай демалыс орны қай облыста орналасқан?

  2. Бурабай несімен ерекше?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет