Тарих факультеті



Дата27.10.2022
өлшемі2,81 Mb.
#45848

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тарих факультеті
Тарих және дінтану кафедрасы
Орындаған:Қалдеш Аружан,Кенжалина Наргиза
Тексерген:Исмагулов Ұ.Ш.
«Қазақстандағы азамат соғысының тарихнамасы»
• Жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды.
«Азамат соғысының ошақтары»
• Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса,олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.
1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады,соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.
• Солтүстік Жетісу майданы 1920 жылы наурызда жойылды.Қазақстан аумағында біртіндеп Кеңес билігі қалпына келтіріле бастады. Осындай жағдайда, әсіресе 1919 жылдың ортасынан бастап жекелеген қайраткерлер, олардың қатарында Алашорда көсемдері де Кеңес өкіметі жағына өте бастады, оған Кеңес өкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларға кең көлемде қайырымдылық жасағаны өз әсерін тигізді, алаш полктерінде толқу туғызып, ондағы жігіттер «халық милициясы» қатарынан кете бастады. Бұл үрдіс Кеңес өкіметі А. Байтұрсынов пен оның жақтастары өткеннен кейін жаппай сипаталды.
«Азамат соғысының ең соңғы майданы»
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет