Тарих жəне құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата03.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#6462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«Мин  ши»  Қытайдың  25  əулеттік  тарихының  дүниежүзілік  мəдениеттің  бірегей 
ескерткіштерінің бірі болып табылады. Оны авторлар ұжымы   жазған жəне 1645-1735 
жылдарды қамтиды. 
«Мин  шилу»  -  көптеген  императорлар  билеуінің  хроникасы,  онда  олардың 

күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар. 
«Мин  хой  яо»  -  тақырыптық  белгісі  бойынша  жасалған  тарихи  құрама  еңбектің 
үлгісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың 
əдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мəліметтер бар. 
Қытай  деректемелері  белгілі  мұсылман  деректемелерін  өзінің  жүйелігімен, 
уақыты жағынан ұзақтығымен жəне жан-жақтылығымен едəуір толықтыра түседі. 
Орыс  деректемелері.  Соңғы  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихын  зерттеуде 
ХІУ-ХУП  ғасырлардағы  орыс  құжаттары  мен  мұрағат  материалдарының  зор  маңызы 
бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға бағынған кезең жылнамаларында орыс князьдарының 
Орданың  билік  орындарымен  қарым-қатынастарының  көптеген  жақтары  көрсетілген. 
Оларда Орданың ішкі, қоғамдық саяси жағдайы туралы, атап айтқанда, XIV ғасырдың 
60-70 жылдарындағы Орда шонжарларының түркі топтарының өзара қырқысқан күресі 
туралы айтылады. 
Қазақстан  жəне  Орталық  Азияның  шектес  аумақтары  халқының  тарихын 
зерттеудегі  орыстың  деректі  материалының  маңызы  XVII  ғасырда  барған  сайын  арта 
түсті. Сол ғасырдың аяғына қарай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан 
гөрі неғұрлым белгілі бола түсті. 
2.  XVIII  ғасырда  орыс  зерттеушілерінің  сол  кезеңдегі  қазақтар  туралы 
мағлұматтар,  негізінен  тұрмысы,  шаруашылығы,  ғұрыптары,  нанымдары,  жүздердің 
рулық-тайпалық  құрамы,  орналасуы  туралы  этнографиялық  мағлұматтар  жинауы 
жалғастырылып,  халықтың  шыққан  тегі  туралы  аңыз-əңгімелер  зерттелді.  Бұл 
зерттеушілер  арасында  П.И.Рычков,  И.Г.Георги  бар.  Қазіргі  авторларға  қазақтардың 
жағдайын сипаттап беретін бұл материал 
Кеңестік  дəуірдің  80-90  жылдарындағы  отандық  тарихнамада  революцияға 
дейінгі  орыс  тарихнамасында  Қазақстан  тарихының  зерттелу  мəселесін  қарастыруда 
50-70 жылдармен салыстырғанда зор ілгері басушылық байқалады. 50-70 жылдары бұл 
мəселенің  кейбір  қырларын  зерттеудің  негізін  салып,  оны  жан-жақты  қарастыруға 
атсалысқан  қазақстандық  тарихшылар  Д.  Дулатов,  В.  Галиев,  Ж.  қасымбаев,  Ж. 
Махашев, И. Ерофеева, В. Толочко жəне т.б. өзінің бұл саладағы ізденістерін одан əрі 
жалғастыра  түссе,  орыс  тарихнамасының  ХVІІІ-ХІХ  ғ.ғ  Қазақстан  тарихына  қатысты 
жекелеген, əлі де сөз болмаған жайларын зерттеуге, осы кезеңде басқа да тарихшылар 
атсалыса  бастады.  Аталған  кезеңде  қарастырып  отырған  мəселеге,  қазақстандық 
ғалымдар  В.Басин,  Р.Киреева  да  көңіл  аударды.  Олар  өз  ғылыми  ізденістерін  ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысы  мен  1917  жылдар  аралығындағы  Ресей  тарихнамасының 
қазақ  халқының  тарихын  зерттеуіне  арнады.  Өзінің  алғашқы  орыс  дворяндық 
революционерлері  –  декабристердің  қазақ  халқының  тарихын  зерттеуіне  арнаған 
ғылыми  ізденістерін  ілгері  жалғастырып  В.Галиев  90-жылдардың  басында 
«Декабристы и Казахстан» атты монографиясын жариялады. Бұл еңбек ХІХ ғ. Бірінші 
ширегіндегі  алғашқы  орыс  азаттық  қозғалысы  өкілдерінің  Қазақстанның  Ресейге 
қосылуын  зерттеуі  ХХ  ғасырдың  60  жылдарынан  бастап  еліміз  тарихшыларының 
тыңғылықты жəне жан-жақты зерттеу тақырыбына айналғаны жəне бұл мəселені алғаш 
рет  отандық  тарихнамалық  зерттеулердің  негізін  салушылардың  бірі  Д.  Дулатова 
«Чокан  Валиханов  о  присоединении  Казахстана  к  России»  (1963)  деген  мақаласында 
көтергені баршаға белгілі. Бұдан кейін 80-90 жылдары бұл мəселенің түпкі аспектілері , 
атап  айтқанда,  ХVІІІ-ХІХ  ғасырдағы  дворяндық-буржуазиялық  тарихнамада 
Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  жалпы  мəселелернінің  зерттелуі  Ж.Махашевтң, 
Е.Ерофееваның  мақалаларында;  революцияға  дейінгі  орыс  тарихнамасында  Орта 
жүздің  Ресейге  қосылу  процесінің  жекелей  қарастырылуы  П.  Қайсарбековтің  зерттеу 
объектісі  болды.  60-70  жылдары  еліміздің  кейбір  тарихшылары  (В.Толочко)  жəне 
қазақ-орыс  Əдебиеттертері  байланысын  зерттеуші  белгілі  Əдебиеттерші  ғалым 

К.Кереева-Канафиева  Қазақстан  тарихының  революцияға  дейінгі  Ресей  баспасөзінде 
зерттелу  мəселесін  көтерген  болатын.  80  жылдардың  екінші  жартысында  ХІХ 
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы орыс журналдарының беттерінде 
Орта  Азия  мен  Қазақстанға  қатысты  мəселелердің  зерттелуі  А.Алексеенконың 
докторлық  монографиясы  тақырыбы  болды.  ХVІІІ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 
Ресей  тарихнамасы  өкілдерінің  Қазақстан  тарихының  нақты  мəселелерін  зерттеуі 
аталған  кезеңде  А.Абилевтің  де  назарын  аударды.  Ол  өзінің  мақаласында  1768-1874 
жылдары өткізілген Екінші академиялық экспедиция мүшелерінің еңбектеріндегі қазақ 
халқының  тарихы  мен  этнографиясының  зерттелуін  қарастырады.  ХVІІІ-ХІХ 
ғасырдағы  зерттеушілердің  революциияға  дейінгі  Қазақстанның  əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси жағдайын талдауға арналған мұрасын зерттеуге 80 жылдары 
көпетеген  тарихшылар  өз  еңбектерін  арнады.  ХVІІІ  жəне  ХІХ  ғасырдың  бірінші 
жартысындағы  орыс  тарихнамасында  Қазақстанның  Ресеймен  сауда-саттық  орталығы 
ретінде Орынбордың дамуы туралы революцияға дейінгі зерттеулерге И.Ерофеева мен 
Ж:Қасымбаевтың мақалалары, РЕсей университеттері мен ғылыми қоғамдарының жəне 
елдің  өз  ішіндегі  түрлі  аймақтардағы  (мысалы,  Шығыс  Қазақстан  қалаларындағы) 
ғылыми  жəне  ағарту  мекемелерінің  ХІХ  ғасырда  Қазақстанның  мəдени  дамуындағы 
рөлі  тарихшылардың  ерекше  назарын  аударды.  Бұл  проблема  жөнінде  С.Зимоновтың, 
Ж:Қасымбаевтың зерттеулері бар. 
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасыр  басындағы  Сібір  баспасөзінің  материалдары 
бойынша Қазақстан өлкетануының кейбір мəселелерін жəне ежелгі кезден бастап, 1917 
жылға дейін нақты Шығыс Қазақстан өлкетануын зерттеу Р.Федорованың кандидаттық 
жұмысының  объектісі  болды.  Кеңес  уақытындағы  (1980-1990)  Отан  тарихнамасында 
ғалымдардың  жеке  тұлғасына,  яғни  революцияға  дейінгі  Қазақстан  тарихын 
қарастырған  орыс  ғалымдарының  бір  тобының  немесе  жекелеген  тұлғаларының 
шығармашылығын  зерттеуге  арналған  ңбектер  көптеп  жарияланды.  ХVІІІ  ғасырдағы 
жергілікті  Түркістан  өлкетанушысы  И.Андреевтің  қазақ  халқын  зерттеу  тарихы  мен 
орыс  ғалымдары  мен  мен  саяхатшыларының  еңбектері  мен  жазбаларында  ХVІІІ 
ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарихы 
мен царизмнің Орта жүздегі жүргізген нақты саясатының зерттелуіне М.Ерофеева мен 
С.Урашевтың мақалалары арналды. Революцияға дейінгі орыс тарихнамасындағы Ішкі 
Орданың сипатталуы  жас зерттеуші к. Кобландин мен тарихшы ғалымдар Э. Масанов 
пен  Ж.Қасымбаевтың  зерттеу  тақырыпытары  болды.  Қазақстан  тарихының  кейбір 
мəселелерінің  зерттелуіне  арналған  əскери  тарихшы  М.И.Венюковтың  еңбектеріне 
талдау  Н.Алексеенконың  «Хранители  памяти»  (1988)  кітабында  берілді;  Қазақстан 
өлкетанушысы  Н.Ивлев  өз  еңбегін  А.Ф.Голубевтің  еңбектерін  зерттеуге  арнады.  80 
жылдары  П.Рычковтың  Қазақстан  туралы  мұрасын;  қазақтардың  дəстүрлі  құқығының 
зерттеушісі  ретінде  А.Левшиннің  еңбектерін;  революцияға  дейінгі  Қазақстан  тарихын 
зерттеу  үшін  дерек  ретінде  Г.Генстің  қолжазбаларын  тарихшылар  А.Абилев, 
Н.Ахметова.  Р.Бекназаров  пен  С.Шакиров зерттеді.  Кеңес  дəуіріндегі  тарихшылардың 
тарихнамалық  еңбектерінің  ішінде  Д.Дулатованың  1984  жылы  жарияланған 
«Историография  дореволюционного  Казахстана»  (1861-1917ж.ж)  деген  монграфиясын 
еркше бөліп айтқым келеді. Онда Ресей тарихнамасының реформадан кейінгі кезеңінен 
1917 жылға дейінгі аралықтағы қазақ халқын зерттеуінің қорытындылары шығарылған. 
Бұл еңбек аталған мəселені зерттеуге қосылған елеулі үлес болып табылады. 
Қарастырылған мəселерді тұжырымдай келе айтарымыз, біздің пайымдауымызша, 
орыс  тарихи  ойының  Қазақстанды  зерттеуі  Кеңес,  сонымен  қатар  отандық  тарих 
ғылымының қалыптасу мен дамуына бүтіндей сəйкес келетін бірнеше кезеңдерден өтті. 
Бірінші  кезең  –ХХ  ғасырдың  20-50  жылдардың  аяғын  қамтитын,  кеңестік 
тарихнаманың  марксистік-лениндік  бағытқа  өтіп,  тарихи  мəселелерді  зерттеуде 

крнцептуалдық  ережелерді  қайта  қарауымен  сипатталады.  Бұл  кезеңдегі  кеңестік 
тарихнамада  орыс  зерттеушілерінің  Қазақстан  туралы  мұрасы  арнайы  тарихнамалық 
зерттеу  объектісі  болған  жоқ.  Ғалымдар  (орыс  зерттеушілерінің  еңбектерін)  қазақ 
халқының  тарихына  қатысты  аса  құнды  дерек  ретінде  ғана  зерттеді.  1946  жылы 
Қазақстанда  Ғылым  академиясының  құрылуы  мен  Тарих  институтымен  Шығыстану 
секторының ашылуынан кейін елімізде республиканың тарих ғылымы дамуының жаңа 
кезеңі басталады. Көптеген тарихшылар орыс тарихнамасының Қазақстанды зерттеуге 
қосқан  зор  үлесін  тереңірек  қажеттілігін  өткір  сезіне  бастайды.  Мəселен,  Қазақстан 
тарих  ғылымының  40  жылдардың  екінші  жартысына  дейін  атқарған  жұмыстарының 
қорытындылары  мен  болашағы  жайлы  айта  келіп  Х.Айдарова:  «Некоторые  итоги  и 
перспективы  развития  исторической  науки    в  Казахстане»  деген  бағдарламалық 
мақаласында нақты тарихнамалық зерттеулердің қажеттілігін атап көрсетті. Сөйтіп, 50-
ші  жылдардың  аяғы  мен  60-жылдардың  басында  отандық  тарихшылар  тарихнаманы 
жəне оның ішінде Қазақстанның революцияға дейінгі орыс тарихнамасын зерттеуге бет 
бұра  бастайды.  Бұл  мəселенің  Кеңес  дəуіріндегі  отандық  тарихнамада  зерттелуінің 
екінші  кезеңін  60-91  жылдармен  шектеуге  болады.  Мəселенің  Қазақстан  тарихы 
көлемінде  бөлініп,  дербес  қарастырылуы  оның  алдыңғы  кезеңмен  салыстырғандағы 
ерекшелігі болып табылады. Жоғарыда біз сөз еткен ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында 
революцияға  дейінгі  орыс  тарихнамасының  Қазақстан  тарихын  зерттеу  мəселесін 
қарастыруды  кеңестік  тарихнамада  50-70  жылдармен  салыстырғанда  зор  ілгері 
басушылық  байқалады.  Үшінші  кезең  –  1991  жылдан  басталып  жалғасып  келеді. 
Тəуелсіз Қазақстан Республикасының тарихшылары кеңестік идеологиялық қыспақтан, 
тарихқа  деген  таптық,  формациялық  көзқарастардан  арылып,  деректік  негіздерін 
кеңейтіп  тақырыптың  жекелеген  нақты  мəселелерін  қарастыруды  тереңдетіп  жатыр. 
Алайда,  50  жылдардың  аяғы  мен  1991  жылдың  аралығында  отандық  тарихнамада 
ХVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  Ресей  тарихнамасында  Қазақстанның  зерттелуінің  тарихын 
түрлі  дəрежеде  қозғайтын  бірқатар  еңбектердің  пайда  болғанына  қарамастан,  бұл 
күрделі  мəселені  толық  жəне  тұтастай  қамтып  байыптаған  ғылыми  зерттеу  əлі  туған 
жоқ. Бұл – біздің өкінішіміз. 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1) Қазақстанның экономика тарихының қандай деректемелерін білесіз?.  
2) Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз? 
Əдебиеттер:  Берденова  К.А.,  Общая  и  экономическая  история  Казахстана.    - 
А.,”Экономика”  2000.;  Берденова  А.К.,  Коробков  Б.Т.  и.  др.  Экономическая  история 
Каахстана    (с тестовыми заданиями). - Алматы: “Экономика” 2001. 
2 апта   
3, 4 кредит сағат  
№3, 4 дəріс 
Тақырып: Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.  
Қарастырылатын сұрақтар: 
1. Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы. 
2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тəсілдері. 
3.  Мезолиттегі  жер  өңдеу  мен  мал  шаруашылығы  элементтері.  Аңшылық,  балық 
аулау шаруашылықтары. 
4. Неолиттік революция – адамзаттың экономикалық ұмтылысы. 
5. Тас индустриясының дамуы жəне энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда 
болуы. 
Дəрістің  мақсаты: 
Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект тақырыбына 
байланысты  тас  ғасырының  еңбек  құралдарының  қарапайымнан  бастау  алып,бүгінгі 
күнгі технократиялық дамуға дейінгі жетілдірудің эволюциясы негізімен экономикалық  

дамуға  қол  жеткізген  адам  баласының  қабілетінің  шексіз  дамуы  туралы  проблемалық 
ой қозғау. 
Дəріс мазмұны:  
1.  Қазiргi  Қазақстан  жерiн  ежелгi  адамзат  баласы  бұдан  1  млн-дай  жыл  бұрын 
мекен  еткен.  Оны  Қаратау,  Маңғыстау  өңiрлерiнен  табылған  тұрақтардан  алынған 
материалдар  дəлелдейдi.  Қазақстан  жерiндегi  ерте  палеолиттiк  (эоплейстоценнен 
бастап  б.з.б.  150  -  130  мыңжылдықтарға  дейiн)  ескерткiштер  Қаратау,  Сарыарқа, 
Мұғалжар,  Маңғыстау,  Ертiс  алабынан  табылған.  Орта  палеолитке  (мустье)  жататын 
(б.з.б. 150 - 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 - 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер 
де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 - 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 - 10 
мыңжылдықтарға  дейiн)  дəуiрiнде  адамзат  жерiмiздiң  барша  аймақтарына  тараған. 
Республика  аумағындағы  тас  дəуiрi  əртүрлi  ендiктердегi  əлемдiк  дамудың  (олдувей 
мəдениетi,  ашель  мəдениетi,  мустье  мəдениетi,  т.б.)  барлық  заңдылықтарын  сақтаған. 
Ежелгi  тас  құралдары  Қаратау  қыратының  оңт.-батысындағы  Арыстанды  өз. 
алқабының  төм.  төрттiк  дəуiрiне  қатысты  ең  биiк  сөресiн  құрайтын,  тұтасып  қатып 
қалған конгломераттар қабатынан табылған.  
2.  Қаратау  сiлемдерiндегi  ашель  кезеңiнiң  тұрақтары  көп.  Ең  көрнектiлерi 
Бөрiқазған  мен  Тəңiрқазғаннан  табылған  бұйымдар  төрт  топқа:  бiр  жақты,  екi  жақты 
шапқыш  құралдар;  зiл  мен  сындырғыштар;  домалақ  iрi  бұжыр  тастар  топтарына 
жатады.  Мұндай  шапқыш  құралдар  Оңт.-Шығыс  Азия  мен  Африканың  шелль-ашель 
кезеңiндегi  бұйымдарға  өте  ұқсас.  Түркiстан  қ.  маңындағы  Қошқорған,  Шоқтас 
ескерткiштерiнен  табылған  тас  құралдардың  жас  мөлш.  б.з.б.  500  мыңжылдықтан  əрi 
асады.  Ашель  кезеңiнiң  ескерткiштерi  Орт.  Қазақстаннан  (Құдайкөл,  Жаманайбат, 
Обалысан,  т.б.),  Шығ.  Қазақстаннан  (Қозыбай),  Маңғыстаудан  (Шақпақата,  т.б.), 
Мұғалжар  тауларынан  (Жалпақ,  Мұғалжар,  т.б.)  да  табылған.  Екi  жақты  шапқыш 
(бифас) құрал, əсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.  
Мустье  кезеңiне  жататын  тұрақтардың  ең  маңыздылары  Қаратаудан  (Уəлиханов 
атындағы  тұрақ,  Шақпақ,  т.б.),  одан  соң  Бат.  Қазақстаннан  (Шақпақата,  Құмақапа, 
Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан 
(Бөдене-1,  т.б.),  Жетiсудан  (Ақтоғай,  т.б.)  табылған.  Кейiнгi  палеолит  жұрттарында 
бұрынғысынша,  ұсақ  малта  тастардан  жасалған  шапқыш  құралдар,  салмақты 
қырғыштар,  үш  бұрышты  қалақшалар  көп,  олар  дөңгелек  тұрпатты  өзектастардан 
омырылып  алынған.  Омыру  техникасы  жетiлдiрiлген,  көп  қырлы  призма  пiшiндес 
өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа 
құралдар  —  найза,  сүңгi  ұштарын  жасауға  мүмкiндiк  берген.  Бұл  кезеңде  палеогеогр. 
жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уəлиханов атынд. тұрақтың жоғ. 
мəдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, 
Свинчатка,  Пещера,  Шүлбi,  т.б.),  Сарысу  өз.  өңiрi  мен  Солт.  Балқаш  өңiрiнен 
(Семiзбұғы, Тораңғы,  Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар  осы кезең туралы 
мейлiнше толық мағлұмат бередi.  
3. Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде 
қазiргi  кездегiге  жуық  табиғи  келбет  орнықты.  Садақ  пен  жебенiң  ойлап  табылуы 
аңшылық кəсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дəуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз 
зерттелген.  Оңт.  Қазақстанда  (Маятас,  Жаңашiлiк-1-3,  т.б.),  Орт.  Қазақстанда 
(Қарағанды-15,  Əкiмбек,  т.б.),  Солт.  Қазақстанда  (Мичурин,  Боголюбов-2,  Явленко-2, 
Атбасар,  т.б.),  Торғай  ойпаты  аудандарында  (Дүзбай-6,  т.б.),  Қостанай  қ.  маңында 
(Дачная,  Евгеньевка,  т.б.)  орналасқан  тұрақтар  адамдардың  шаруашылығынан, 
дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дəуiрiнде 
адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал 
жүздерi)  жəне  макролиттiк  мəдениет  (тас  балта,  қашау,  кетпен,  дəн  уатқыш,  келi, 

пышақ,  қырғыш,  т.б.)  дами  түстi.  Тас  өңдеу  (тегiстеу,  аралау,  бұрғылау),  сүйектен, 
мүйiзден,  ағаштан  бұйым  жасау  жетiлдi.  Қыш  ыдыстар  жасала  бастады.  Мекендерiне 
байланысты  неолит,  энеолит  қоныстарының  бұлақтық,  өзендiк,  көлдiк,  үңгiрлiк  деп 
топталатын  600  орны  анықталды.  Қоныс  орындары  Қаратау  алқабынан  (Қараүңгiр, 
Арыс,  Дермене,  Тасқотан,  т.б.),  Арал  маңынан  (Жалпақ,  Ақеспе,  т.б.),  Сарыарқадан 
(Жезқазған,  Сарыбұлақ,  Қарағанды  кешендерi,  т.б.),  Шығ.  Қазақстаннан  (Соцчигиз, 
т.б.)  табылды.  Ақмола  обл.  Атбасар  ауд-ндағы  Атбасар  мəдениетi  (б.з.б.  7 
мыңжылдықтың  соңы  —  6  мыңжылдық  басы)  жергiлiктi  мезолит  тайпаларының 
материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған.  
4. Торғай ойпатында неолит дəуiрiне жататын Маханжар мəдениетiнiң тұрақтары 
ашылған.  Сондай-ақ,  бұл  заман  ескерткiштерi  Ертiс  алабында  (Усть-Нарым,  Пеньки, 
Железинка  моласы)  да  көп.  Неолит  дəуiрiнде  дəстүрлi  аңшылық,  балық  аулау, 
терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым егiншiлiк пен мал ш. 
пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi.  
5.  Көкшетаудағы  Ботай  бекетi  жанындағы  Ботай  мəдениетi,  Торғайдағы  Терсек 
мəдениетi  солт.  өңiрлердегi  далалық  энеолиттi  сипаттайды.  Осы  мəдениеттердiң 
көптеген  материалдық  деректерi  байырғы  адамдардың  дiни  нанымынан,  шаруашылық 
жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған. 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1. Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды? 
2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тəсілдерінайтып беріңіз? 
3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз? 
4. Балық аулау тəсілдері қандай болды? 
Əдебиет: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. 1-том. – 
Алматы: «Атамұра», 1996. – 544 бет. 
3 апта  
5, 6 кредит сағат  
№5, 6 дəріс 
Тақырып:  Қола  дəуіріндегі  Қазақстан  тұрғындарының  шаруашылығымен 
қоғамдық қатыныстары. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
1).  Қоланы  меңгеру.  Ерте  металлургия.  2).  Қола  дəуірінің  тайпаларының 
шаруашылығы мен бөліну ареалы: а) мал шаруашылығы; б) жер өңдеу; в) үй тұрмысы. 
3). Қоғамдық  қатынастар.  
Дəрістің  мақсаты:
  Қола  дəуіріндегі  Қазақстан  тұрғындарының  шаруашылығы 
мен  қоғамдық  қатынстарының  экономикалық  даму  тарихы  туралы  біліктіліктерін 
дамыту. 
Дəрістің мазмұны:   
1.  Қола  дəуiрiнде  (б.з.б.  2  -  1  мыңжылдықтар)  мыс  пен  қола  металлургиясы 
дамыды  (қ.  Ежелгi  кен  қазбалары).  Тайпалар  мал  жəне  егiн  ш-тарымен  кешендi түрде 
айналыса  бастады.  Еңбек  өнiмдiлiгi  артты.  Жеке  отбасылар  оқшауланды,  отбасылық 
меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола - еңбек құралдары мен 
қару  жасау  үшiн  қолданылатын  негiзгi  шикiзат  көзiне  айналды.  Қола  дəуiрiнде 
Сiбiрдiң,  Жайық  өңiрiнiң,  Қазақстан  жəне  Орта  Азияның  ұлан-ғайыр  далаларын  тегi 
жағынан  жəне  тарихи  тағдырларының  ортақтығы  жағынан  туыс  тайпалар  мекендедi; 
бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мəдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi 
Ачинск  қ-ның  маңынан  табылған  Андрон  деревнясы  атымен  аталатын  Андрон 
мəдениетiн  қалдырған  тайпалар  ескерткiштерiнен  көруге  болады.  Андрон  мəдени-
қауымдастығы  таралған  аймағына  жəне  өзiндiк  белгiлерiне  қарай  үш  тарихи  кезеңге 
бөлiнедi: ерте кезеңi - б.з.б. 18 - 16 ғасырлардағы Петров мəдениетi; орта кезеңi - б.з.б. 

15 - 12 ғасырлардағы  Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мəдениеттерi; соңғы кезеңi - б.з.б. 
11  -  9(8)  ғасырлардағы  Алексеев,  Замараев,  Сарығары,  Беғазы-Дəндiбай  мəдениеттерi. 
Ғылымда  Андрон  мəдени-тарихи  қауымдастығы  тарихи  кезеңдерiне  қатысты  түрлi 
пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды 
деген  пiкiрге  тоқтаған.  Қола  дəуiрiндегi  əрбiр  мəдениет  жерлеу  құрылыстарымен, 
қабiрге  қойылған  заттарымен  ерекшеленедi.  Бұл  кезеңде  түрлi  металдардың 
қорытпаларынан  еңбек  құралдарын  (пышақ,  орақ,  шалғы,  балта),  қару-жарақ  (қанжар, 
найза,  жебе  ұштықтары),  əшекейлiк  бұйымдар  (тоға,  бiлезiк,  моншақ,  тарақ)  жасау 
жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу, тегiстеу, əрлеу 
тəсiлдерiн  жақсы  меңгере  бастады.  Тас  құралдары  да  (дəн  уатқыш,  келi-келсап) 
бұрынғысынша  пайдаланыла  бердi.  Мүйiз,  сүйек,  шақпақ,  тас,  қыш,  терi,  жүн, 
ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен кен байыту iсi қоғамдағы ер 
адамдар  рөлiн  күшейттi.  Бұл  өз  кезегiнде  аналық  тек  үстемдiгiн  аталық  тек  билiгiнiң 
алмастыруына  алып  келдi.  Дiни  ұғымда  отқа,  ата-баба  аруағына  табыну  түрлерi  кең 
тарала  бастады.  Қола  дəуiрiнiң  өзiндiк  мəдени  кезеңдерi  Қазақстанның  барлық 
аймақтарынан байқалады.  
2.  Андроновтықтардың  қолөнер.  Үй  кəсіпшілігі.
 
Мал  шаруашылығы  тамақ 
өнімдерін ғана емес, сонымен қатар киім мен аяқ киім тігілетін шикізаттар да берді.
 
Қола  дəуірінде  тоқыма  кəсібінің  болғанын  қарапайым  тоқыма  станогінің 
ұршықбастарының,  сүйектен,  тастан,  балшықтан  жасалған  шүйке  орағыштардың, 
сондай-ақ  қарапайым  тоқыма  станогінің  арқауын  тартатын  сүйек 
жуалдыздардың
 
табылуы дəлелдейді. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды. 
Қола  дəуірінде  тайпалар  кендірден,  қара  қурайдан,  жабайы  зығырдан  жəне 
қалақайдан  иірілген  өсімдік  жіптерді  де  қолданды.  Бұлардан  шаруашылыққа  қажетті 
арқан есілді, балық аулайтын ау тоқылды, киім тігілді. 
Қабірлерден  табылған  аяқ  киім  қалдықтарына  қарағанда,  олар  теріден  тігілген, 
тақалары  болмаған,  тарамыс  жіппен  тігіліп,  жіліншік  тұсынан  баумен  тартылып 
байланған. Теріні ұқсату үшін ірі малдың жақ сүйектерінен жасалған лөкет пышақтар 
жəне қоныстардан жиі кездесетін тегістегіштер қолданылды. 
Еркектер мен əйелдер басына жүннен тоқылған немесе теріден тігілген құлақшын 
киді. Сыртқы киімдер де жүн матадан тігілді. Олар, сірə, қос өңірлі немесе  мойнында 
ойығы болып, сол жағынан бір түймемен қаусырылған болса керек. 
Əйелдердің  киімі  көйлек,  құлақшын,  тері  аяқ  киім  болды.  Əдетте  жүн  матадан 
тігілген көйлектің етегі тізеден түсіп тұрған. Жеңі ұзын болған. Жеңінің қайырмасына 
қатар-қатар моншақ тағылды. Белдемшенің алды белдігінен етегіне дейін бірнеше қатар 
ақ  моншақтар  тізбегімен  сəнделді.  Мата  қызыл  түстің  əр  түрлі  реңімен  –  алқызыл, 
күлгін-қызыл бояумен боялды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет